Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ер қанаты - ат

25 қаңтар 2018, Бейсенбі
Тақырыбы: Ер қанаты - ат
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жарыстыра отырып, жылқы туралы түсініктерін кеңейту, ат баптау, бәйге туралы мағлұматтар беру.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайдтар, ат әбзелдері, бейнеролик.

Сабақтың өту барысы:
Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б. з. б. 1 - мыңжылдық – б. з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет - ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді. Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1 - ші және 5 - ші саусағы мүлдем болмайды, 2 - ші және 4 - ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.
Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.

Түсі
Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.
• Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т. б. жылқылар;
• баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т. б. жылқылар жатады;
• алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т. б. жылқылар жатады.
Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т. б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.

Қазақы жылқы
Қазақстанда ерте кездерден бастап, өсіріп келе жатқан қолтұқымның бірі - қазақы жылқы. Оның негізгі тобын - «жабы» деп атайды. Бұл қолтұқым көлік малы ретінде және еті, сүті үшін де өсіріледі. Дене бітімі шымыр, қатаң ауа райына төзімді. Жыл бойы жайылымда, жемшөп талғамайды, тез қоңданады, салт мінуге ыңғайлы. Ең байырғы тұқымы нашар қазақы жылқы - жабы. Оның шоқтығына дейінгі биіктігі - шамамен 145 см, тұрқы - 150 см, салмағы - 460 - 470 кг. Жайылымда семіртілсе, одан 230 - 250 кг таза ет алынады. Жабы жылқылары Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола аймақтарында өсіріледі.

Адай жылқысы
Қазақстанның батыс аймақтарында ертеден өсіріп келе жатқан қолтұқымы – адай жылқысы. Жергілікті халық «дала көркі» деп ерекше дәріптейді. Оны салт мініс көлігі ретінде пайдаланады.
4 топқа бөлемін:
І топ: Жүйрік
ІІ топ: Арғымақ
ІІІ топ: Тұлпар
ІV топ: Сәйгүлік
І. Тай жарыс. Шабандоздар 5 – 7 жаста болуы керек. Бәйгенің бұл түрі шілдехана, келін түсіру тойында жиі өткізілген. Мәре мен сөренің қашықтығы 500 – 2000 м. Тай бәйгеден озғандарға жүлдеге лақ, қозы не ойыншықтар беріледі. Тай бәйге жас балаларды шабандоздыққа баулиды.
Барлық топқа сәйкестендіру кестесі беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Сәйкестендіру.
1. Кендебай - Керқұла
2. Ер Төстік - Шалқұйрық
3. Ақан сері - Құлагер
4. Қобыланды - Тайбурыл
5. Ер Тарғын - Тарлан
6. Алпамыс - Байшұбар
7. Қамбар - Қара қасқа
8. Исатай - Ақтабан

ІІ. Құнан бәйге. Құнан бәйге - қазақтың ұлттық ат спорты түрлерінің бірі, қысқа қашықтықтарға құнан шыққан (3 жасқа дейін) құнандармен балалардың жарысуы. Қазақта тай жарыс (2 жасқа дейін), дөнен бәйге (төрт жасқа дейін) атшабыс түрлері де бар. Мұнда да қашықтықтар әртүрлі болады. Тісіне қарап жасын төрешілер алқасы анықтайтын үш жастағы құнандар арасындағы қысқа қашықтыққа шабатын бәйге.
Әр топқа сұрақтар беріледі. Әр сұраққа 2 ұпайдан беріледі.
І топ: Жүйрік
1. Жылқының пірі кім?
2. Жылқыны жас бойынша ата.
3. Ашамайға мінгізу дегеніміз не?
4. Ат сұраған қорлық емес,
(Ер - тоқым сұраған қорлық)

ІІ топ: Арғымақ
1. Жылқының түстерін ата.
2. Қазіргі Маңғыстау жүйріктерін ата.
3. Жеті қазынаға нелер жатады?
4. Болар бала бесікте бұлқынар,
(Болар құлын желіде жұлқынар )

ІІІ топ: Тұлпар
1. Бәйгеге шабатын баланы кім дейміз?
2. Тулақ дегеніміз не?
3. Бәсіре дегеніміз не?
4. Ерте тұрып атаңды тап,
(Атаңнан соң атыңды тап.)

ІV топ: Сәйгүлік
1. Жылқының малының етінен алатын өнім?
2. Қымыздың түрлері.
3. Қымызмұрындық дегеніміз не?
4. Ат арытпақ арзан,
(Жұрт танытпақ қымбат).

Ер қанаты - ат. жүктеу
9 727
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Санды көбейтіндіге бөлу және көбейту қасиеті
Есепті шешу және есептеуді тиімді орындау кезінде амалдардың өтілген қасиеттерін қолдануға үйрету;
Құстар
Құстар
Құстардың арасында жыртқыштары бар. Олар - қыран, бүркіт, кезқұйрық, жапалақ, үкі және тағы басқалары. Жыртқыш құстардың қанаты үлкен, көзі қырағы, тұмсығы өткір және тырнағы тұтқыр болады. Олар алуан түрлі жануарларды - тышқан, қоян, құстарды
Жылқы – малдың патшасы
Жылқы – малдың патшасы
Жылқыға деген құрмет пен деген жанашырлық сезімдерін дамыту. Балалардың тіл байлығын, шығармашылық қабілеттерін кеңейту.
Жылқы шаруашылығы – қазақтың ғасырлық өнері
Жылқы шаруашылығы – қазақтың ғасырлық өнері
Халқымыздың ерекше қастерлеп және жанына жақын көрген төрт түлігінің ішіндегі қастерлеп пір тұтқан қасиетті түлігінің бірі жылқы. Халқымызда «қазақ, дала және жылқы» деген сөздер бір - біріне жақын тамырлас та, тағдырлас та айтылады.
Биологиядан коучинг сабақ жоспарлары
Биологиядан коучинг сабақ жоспарлары
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №14 орта мектептің жоғары санатты география-биология пәндері мұғалімі Жолдасбаева Алуаш Қонакбаевна
Жеті қазына
Жеті қазына
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп-лицей бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Нургул
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×