Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Омонимдер, көп мағыналы сөздер туралы

20 қараша 2018, Сейсенбі
Қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Омонимдер, көп мағыналы сөздер туралы
Сабақтың мақсаты: Оқу бағдарламасы талаптарына сай білім алушылардың лексика, омонимдер және көп мағыналы сөздер туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға бағыттау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: лексика туралы мәлімет беру, білімдерін тереңдету, омоним және көп мағыналы сөздер туралы алған білімдерін іс тәжірибеде қолдана алуға үйрету.
Дамытушылық: лексикалық талдау барысында қосымша әдебиет және т. б. ақпарат көздерімен жұмыс жасауға үйрету, логикалық ойлау, талдау, қорытындылау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: сабақ барысында білім алушыларды елжандылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу. Білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, сөйлеу мәдениеті жоғары жеке тұлға қалыптастыру.
Сабақ типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: Практикалық
Оқыту технологиясы: СТО, жаңа технологиялық әдіс - тәсілдер (Топтық, шығармашылық ізденіс т. б.).
Сабақтың әдіс - тәсілдері: жеке, топтық, жұптық жұмыстары, жинақтау, салыстыру, сұрақ - жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, мақал - мәтелдер, сызба кестелер т. б.
Сабақтың техникалық құралдары: интербелсенді тақта, слайд
Пәнаралық байланыс: әдебиет, педагогика
Әдебиеттер тізімі:
1) Сағындықұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. Лексикология. І - бөлім. – Алматы, 2003.
2) Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. – Алматы, 1991.
3) Қалиев Б. Сөз мағыналарының негіздері. – Алматы, 2002.
4) Қалиев Ғ. Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы, 2003.

Сабақтың құрылымдық жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақты өзектендіру, мотивациялау
3. Үй жұмысын тексеру
4. Жаңа білім негіздерін игерту
5. Білім, білік, дағдыны бекіту
6. Қорытындылау
7. Білім, іскерлік және дағдыны бағалау
8. Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау
9. Оқу іс - әрекет рефлексиясы
Сабақтың модулі:
VI. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушы назарын сабаққа аудару, оқу - құралдарын түгендеу.
1. Амандасу
2. Кезекшіні тыңдау
3. Сабақ мақсатымен таныстыру

ІІ. Сабақты өзектендіру, мотивациялау
Қызығушылықты ояту:
Өмір - мәңгі, уақыт - мүмкін, елес,
Кел, болашақ! Сауық құр күлкіңе көш!
Бір күн шықса, бір күннің батуы анық,
Екі күннің тұруы мүмкін емес!- деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, сөз құдіретінің мәнін түсініп, әдемі де әдепті, сұлу да ойлы сөйлей білуге үйренейік!
Әрине әдеби сөйлеудің негізгі бұлағы – кітап. Ендеше сендер, кітапты жай оқып қоймай, ондағы сөз, сөйлемдерге назар аударыңдар. Қазіргі сәттен бастап осы сөздің сыры өз қолдарыңда.
Топтастыру әдісі.
1. «Лексика» тақырыбына байланысты ойыңызға келген сөздер мен сөз тіркестерін жаза беріңіз. (топпен жұмыс жүргізіледі.)
2. Берілген уақыт біткенше топ идеяларды топтастырып жазады.
Топ мүшелері ойын қорытып, жазғандарын тақтаға іледі. Әр топтың лидері шығып, лексика тарауына қатысты сөздердің анықтамасын толық айтып шығады.

ІІІ. Үй жұмысын тексеру

Шығармашылық тапсырма. Шағын мәтін құрастыру: «Мен мамандығымды мақтан тұтамын». Мәтіннің ішінде омоним, синоним сөздер, мақал - мәтел мен тұрақты сөз тіркестері болуы тиіс

ІV. Жаңа білім негіздерін игерту

Дәріс жоспары:
1. Тілтанымдағы омонимия құбылысы туралы түсінік. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің жасалуындағы ерекшеліктер.
2. Лексикалық омонимдердің жасалуы, түрлері. Лексикалық омонимдерге ұқсас тілдік құбылыстар. Сөйлеу әрекетіндегі қолданыстық ерекшеліктері.

Сөз және мағына

Тіл - тілдегі сөздер дыбыстар тіркесінен тұрады. Дыбыстар тіркесі белгілі бір заңдылықтар мен ережелерге бағына тіркеседі. Сөздің дыбыстық жағы оның сыртқы бейнесі болса, мағынасы – ішкі мазмұны. Бұған қарап барлық сөздерде мағына болады деуге де болмайды. Тілде мағынасынан айырылған сөздер де кездеседі. Шылау, көмекші сөздердің нақты мағыналары жоқ, тек атауыш сөздермен тіркесіп, оларға қосымша мағына үстейді.
Сөз мағынасы – белгілі бір зат, құбылыс, сан, сапа, мөлшер, көлем, шама, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстар, қимыл, әрекет туралы түсінік беретін дыбыстардың жүйелі тіркесі.
Сөздердің мағынасы – тілдің ұзақ даму кезеңдерінің нәтижесі. Мағына өзгеріп, жаңарып, жоғалтып та отырады. Қазіргі қазақ тілінде қолданылып жүрген сөздердің бірқатары алғашқы мағынасын сақтаса, енді біреулері қосымша, үстеме мағыналармен өзгерген. Сөздердің беретін лексикалық мағыналары, өзгеру ерекшеліктері, шығу тектері түсіндірме, этимологиялық, диалектологиялық сөздерде көрсетіледі.

ІV. Білім, білік, дағдыны бекіту
Бақылау сұрақтары
1. Лексика дегеніміз не?
2. Омоним сөздер
3. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы

Студенттердің аудиторияда орындайтын тапсырмалары.

9 - тапсырма. Ғасырлар бойы қалыптасып, тұлғасы тұрақты сипат алған фразеологиялық тіркестердің, мақал – мәтелдердің құрамын орынсыз өзгертіп, мақсатсыз ауыстыру тілбұзарлыққа апарады. Қазіргі кезде тұрақты тіркестердің, фразеологизмдердің құрамын мақсатсыз бұзып қолдану баспасөз беттерінде, радио, телехабарлар тілінде де ұшырасып отырады. Солардың бір түрін төменде арнайы көрсетіп отырмыз. Тұрақты тіркестердің бұрыс (жол жақса) және дұрыс нұсқасын салыстырып, жазбаша талдау жасаңыз.
Өтірікті судай араластырды – өтірікті судай сапырды.
Тасы тауға домалаған – тасы өрге домалаған.
Төсек жаңартты – төсек жаңғыртты.
Аяқкиім тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда – өз етігің бар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда.
Күн бір жауса, ағаш екі жауады – күн бір жауса, терек екі жауады.
Отбасы шырқын сақтау үлкен парыз – отбасы шырқын бұзбау үлкен парыз.
Жанын шытқа түю – жанын шүберекке түю.
Қылтасы қалтырап – тізесі қалтырап.
Көлеңкесінен қалтыраған – көлеңкесінен қорыққан.
Жүрегіне мұзды су құйып жібергендей – төбесінен мұздай су құйып жібергендей.
Мұртын балта кеспейді – мұртын балта шаппайды.
Елмен көрген ұлы той – көппен көрген ұлы той.
Абыройын айрандай ақтарып алды – абыройын айрандай төкті.
Жібек шыттай үлбіреген – жібек матадай үлбіреген.
Көңілі қайысты – қабырғасы қайысты.
Бір аяғын екі етікке тығып – екі аяғын бір етікке тығып.
Алақандағы аялысы – алақандағы аяулысы.
Хабарына кіріп – шықпады – қаперіне кіріп – шықпады.
Көздің жауһарын алады – көздің жауын алады.
10 - тапсырма. Сөз тіркесі, фразеологизм және күрделі сөздерге үш - үштен мысал келтіріңіз. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, мақал – мәтелдерді көшіріп жазыңыз.
1. Айтушы ақылды болса,... дана болады.
2. Ақпақұлаққа айтқан сөз ағып кетеді,... атқан сөзді құйып алады.
3. Айта білмес..., тыңдай білген құлақ артық.
4. Аталы сөзге... жауап қайырады.
5. Білімдіден шыққан сөз... болсын кез.
6....... аз сөйлеп, көп тыңдайды,
7. жылқы жақсысы аз оттап, көп сусайды.
8. Сөйлеуге сөз таптым да, тыңдауға... таппадым.
9. Су сағасы -...,
10. Сөз сағасы – құлақ.
11. Сөзіңді айт...,
12. Айтып – айтпай не керек,
13. Құлағына мақта....
14. Тыңдаушысы болмаса... жетім.
15. Керенау кердең, бір....
Керекті сөздер: бұлақ, сөз, құймақұлақ, кісі жақсысы, арсыз, құлақ, тыңдаушы, ұққанға, керім, талаптыға, тыққанға, ауыздан.

Лексикалық тақырыптарға байланысты деңгейлік тапсырмалар

II деңгей

3. Берiлген сөздердiң әрқайсысы омоним болатындай етiп, сөйлем құраңыздар.
Ер, жақ, жарық, қорық, қой, сый, түс, қал, шаш, iрi.

III – деңгей
1. Синонимдер қатарын түзе
Үлгі: Төбе шашы тік тұрды, зәресі ұшты, жүрегі тас төбесіне шықты, қорықты, үрікті.
Ит өлген жер__________________________________________________
Көзді ашып жұмғанша___________________________________________
Жүрек жұтқан__________________________________________________

III деңгей
3. Берiлген тiркестер құрамындағы сөздердi тура және ауыспалы мағына бiлдiруiне қарай бөлiп жазыңдар:
1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмiр.
2. Терең сай, терең бiлiм, терең құдық, терең су, терең сезiм.
3. Долы дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңiз

II деңгей.
1. Түсіндірме сөздікті пайдаланып, берілген сөздерден омонимдік қатар құраңыз:
Бақыр, бастау, бұршақ, дана, жастық, қас, жау, қыс, от, жалын, жар, қорық, жай, той, том, жіңішке, болыс, зауал, кеңес, баспақ, мақта, арба, арна, ең, ес, сау, сор, шым, жирен, көш, жару, сал, тап, бақ, би, қырық, сый, қой, шаш, нан, тіл, құлақ, көз, қол, аяқ.
2. Омонимдердi тауып, астын сызыңыз.
Аман бiр мезгiлде Қасендi ерте шықты. Шөгел ерте тұрып, шай келгенше, Ермекбаймен әңгiмелесiп отырған. Шабын биыл өресен бiтiк. Оның қасындағы қалың бет, бiтiк көз қазақ, жас та болса, ауыр отырып, солғын амандасты (Ғ. Мұстафин). Үстiнде қызыл торғын шапан, омырауында алтын алқа (И. Байзақов). Әнiм бар алғыс атты, махаббатты, Алқа топ алдын көрген жерде айтылар (Қ. Аманжолов).
3. Мақал - мәтелдегі айтылмай тұрған сөзді тауып, қай сөзбен антонимдік мағына құрайтынын айтыңыз.
Қыс арбаңды сайла,
... шанаңды сайла.

Арқаның ұзыны жақсы,
Әңгіменің... жақсы.

Дұшпанға тастай қатты бол,
... балдай тәтті бол.

Жолдасы жақсы жолды болар,
Жолдасы... қолды болар.

Ақыл - дос, ашу -....

Ақымақ ішкен - жегенін айтады,... көрген - білгенін айтады.

III – деңгей
1. Мына сөздердiң омонимдiк мағыналарын анықтап, түсiнiк берiңiз.
Ана, ара, арна, асық, бау, бiз, ер, ерiк, жара, жас, күл, мал, мақта, мiн, сан, жең.
2. Мына сөздердiң синонимiн өздерiңiз ойлап табыңыздар.
Абырой, аласа, жақын, қиын, үлкен, сабырлы, өте, тамақ, лас, ақыл, қарт, сұлу, зәулiм.
III деңгей
3. Қарамен жазылған сөздердiң тура не ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып, егер ауыспалы мағынада қолданылса, оның тура мағынасын өздерiңiз ойлап табыңыздар.
Пар ат айдап жатқандарға өзiң бас - көз бол. Қағазыңыз мықты екен, Боқа. Бiрақ iсiңе мықты бол, шырақ. Ол жағын сұрай көрме, ағатай, iшiме мықтап түйгем. Осы денедегi есiл қайрат көзi ашық адамға бiтсе, тау қопарар едi. Сендер болсаңдар мынау, осындайда дұрыстап қол ұшын да бермейсiңдер (Ғ. Мұстафин). Осы ашудың әлегiмен Раушанның өтiнiшiне саңырау болды (Б. Майлин ).

III деңгей
3. Берiлген тiркестер құрамындағы сөздердi тура және ауыспалы мағына бiлдiруiне қарай бөлiп жазыңдар:
1. Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмiр.
2. Терең сай, терең бiлiм, терең құдық, терең су, терең сезiм.
3. Долы дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңiз

Тапсырма. Берілген мақал - мәтелдердің тақырыбын анықтаңыздар.
Өлімнен ұят күшті. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле. Түйедей бойың блғанша, түймедей ойың болсын. Өнер алды - қызыл тіл. Бірлік болмай, тірлік болмас. Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар. Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді. Ер намысы - ел намысы. Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Жақсыда кек жоқ, кектіде тек жоқ.

V. Қорытындылау
Айналым парақшасын толтыру
• Білім, іскерлік және дағдыны бағалау
Топ жұмысын бағалау
• Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау
Омоним, көп мағыналы сөз тақырыбын оқу, жаттығу жұмысы

VIII. Оқу іс - әрекет рефлексиясы
«333» әдісі бойынша сабақты қорытындылаймыз
Сабаққа белсенді қатысқан үш студент
Жаңа тақырыптан түйгені
Келесі сабаққа үш ұсыныс
Омонимдер, көп мағыналы сөздер туралы жүктеу
16 633
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілінен түсініктеме
Қазақ тілінен түсініктеме
Лексика (грек.) - “сөздік қор” Лингвистика (латын) – тіл білімі
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Омоним сөздердің көп мағыналы сөздерден айырмашылығы
Оқушылардың шығармашылықты жұмыс істеуіне ықпал ету. Ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру Оқушылардың ойын кеңейтіп, тілді байытатын мазмұнды да көркем сөз үлгілері мол мақал - мәтелдер, нақыл сөздер үйрету.
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Кембридж тәсілімен оқыту бойынша ашық сабақ жоспарлары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Өтебаева А.Е.
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшанова Гульнур Абубакировна
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
Қарама-қарсы мағыналы сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөз тауып айта білуге үйрету;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×