Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аты аңызға айналған ұлы тұлға

08 сәуір 2019, Дүйсенбі
Тақырыбы: Аты аңызға айналған ұлы тұлға.
Мақсаты: Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Б. Момышұлының өміріне байланысты деректермен таныстыру, оның ерлігін үлгі тұту, оқушылардың патриоттық сезiмін қалыптастыру, ерлiкке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлiгiн мақтан тұтуға, өнегелі істерін жалғастыруға баулу, ұлтжандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу
Көрнекілiгi: Б. Момышұлының портреті, батыр өміріне байланысты суреттер, ұлағатты сөздері жазылған плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар

Жүру барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Негізгі бөлім
Жоспары:
1 - кезең. «Өмірі жайлы» естеліктер
2 - кезең. Отты жылдарда
3 - кезең. Бауыржан ата марапаттары
4 - кезең. Батыр жазған туындылар
5 - кезең. Ұлағатты сөздері мен аталық өсиеті
6 - кезең. Көрініс: Бауыржанның батасы
7 - кезең. Бауыржан бойындағы өнерлер
8 - кезең. Бауыржан есімінде....
9. Қорытынды

1 - жүргізуші: Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!
Аты аңызға, сөзі нақылға айналған қаһарман тұлға - Бауыржан Момышұлына арналған тәрбие сағатына хош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Бауыржан Момышұлы - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегелі ұрпаққа үлгі болып қалған ұлы тұлға, 1941 - 1945 жылы соғыста қаһармандығы мен қайсарлығы, әскери басшылықтағы шеберлігімен әйгіленіп, атақ - даңқы майданға, бүкіл елге тараған. Аты аңызға айналған ұлы тұлға атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

1 - оқушы:
Б. Момышұлы 1910 жылы 24 - желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі - Момыш. Шешесі - Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш 50 - ді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші ауылындағы орыс мектебінде 1жыл оқып, одан кейін интернатта үш жыл оқып, бастауыш мектепті тәмәмдады. 1921 жылы шымкенттегі жеті жылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, Қызыл Армия қатарында болады.

2 - оқушы:
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. Бауыржан атамыз сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. Ол лейтенант шенінен бастап, полковник атағына дейін көтерілді, Ол взвод, батальон, полк және дивизияны басқарды.

3 - оқушы:
Мазасыз сол күндерде Бауыржан Момышұлы басқарған бөлімшелердің жау шабуылын қайтарып көрсеткен ерліктері аз емес. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы Александр. Бек «Волоколамск тас жолы» повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
4 оқушы
Бауыржан атамыз 1941 жылы Москва түбінде 27 рет сәтті шайқас жүргізді. Батырдың 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалғаны, 2 рет өлімші болып жараланғаны туралы «Ақиқат пен аңыз» кітабында жазылған.

5 - оқушы: Ақ боранда азынаған қақаған
Жаудың қолы Москваға тақаған.
Тайсалмады жау сұсынан жас қазақ
Мирас еткен батырлықты атадан.

6 - оқушы: Оқты қағып құрыш тұлға төсімен,
Туған елі шыққан емес есінен.
Қуды жауды Москваның түбінен,
Қашты дұшпан Бауыржандар елінен.

7 - оқушы:
1955 жылы Армиямен қоштасты. 11 ай қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полк штабының бастығының орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 3 ай дивизия командирінің орынбасары, 6 ай дивизия командирі, 5 жыл әскери академияда әскери профессор болды.

8 — оқушы
Тарихымыздан үлкен орын алған қазақтың дара перзенттерінің бірі Бауыржан атамыздың алған наградалары мен медалдары да жетерлік. Атамыз -«Қызыл ту»,-«Москваны қорғағаны үшін» «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды. «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, Халықтар достығы» орденін иеленген, 1941 - 1945 ж соғыста неміс - фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді., кейіннен Елбасы Назарбаевтың жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ал 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

Хор:
Әрқашан аты ауызда,
Ықпаған батыр дауылдан.
Айналған даңқы аңызға
Момыштың ұлы Бауыржан.

9 - Оқушы
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып әскери академияда сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.

10 - оқушы
Халықтың дәстүрі, тілі, діні қалпына келмейінше, ұлттық сана да болмайды. Осыны жақсы түсінген Бауыржан Момышұлы өзінің саналы өмірін туған халқының дәстүрін, тілін, дінін, тарихи жадын сақтап қалуға арнап, сол жолда еңбек етті. Барлық рухани күшін осыларды сақтап қалуға жұмсады.

11 - оқушы
Қаһарман қолбасшы Бауыржан Момышұлы өзінің бүкіл өмірін туған халқы мен туған елі рухының еркін самғап, биікте тұруына арнады. Біздің қасиетті Атамекеніміз – тәуелсіз Қазақстанда бұл күндері лек - легімен өсіп - өркендеп, болашаққа бет алып келе жатқан мыңдаған жауынгерлер – сол Бауыржан Момышұлы армандаған қайтпас қаһармандықтың айқын мұрагерлері.

12 - оқушы
Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары - жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.

13 - оқушы. Бауыржан атамыз артынан ұлағатты сөздері мен мақал - мәтелдерін де қалдырып үлгерген. Б. Момышұлының туған жер, Отан, ел, ерлік, бірлік, ынтымақ, достық, адамгершілік тақырыптарында қалдырған ұлағатты сөздері туралы ой өрбітсек.

14 - оқушы
Ел үшін аянба - ерлігіңе сын,
Жұрт үшін аянба - жігіттігіңе сын.

15 - оқушы
Тізе бүгіп тірі жүргеннен,
Тіке тұрып өлген артық.

16 - оқушы
Ана үшін аянба – ант ұрады,
Бала үшін аянба – бетің күйеді.
Ел үшін аянба – жігіттілігіңе сын.
17 - оқушы
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Аты аңызға айналған ұлы тұлға жүктеу
3 344
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесіндегі ұлттық тәрбие, халық даналығы
Батырдың балалық шағы немесе жалпы «Ұшқан ұя» повесін оқығандығы туралы не білетіндерін ескере отырып, ұлттық тәрбие, өнеге, халық даналығын талдап шығуға мүмкіндік беру.
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан мұрасы – ұрпаққа ұран
Бауыржан Момышұлы өмірін үлгі ете отырып, өз елін, туған жерін сүюге, елін, жерін қорғаған ата - бабаларымызды құрметтеуге, аталар өсиетінен өнеге алуға тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.
Әдеби кеш: Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Арымды жаным үшін құрбан еткен
Әдеби кеш: Қазақтың қарапайым бір ұлымын, Арымды жаным үшін құрбан еткен
Халқымыздың аты аңызға айналған қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы туралы мағлұмат беру, оның ерлігін үлгі - өнеге тұту, Отанды сүюге, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу.
Батырмен кездесу
Батырмен кездесу
Заттың атын білдіретін сөздер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, мәтінді түсініп оқуға төселдіру. - Қазақ халқының Отан қорғаған қаһарман ұлдарының бірі, Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолдары, ерлік күресі, халқының
Батыр – Бауыржан
Батыр – Бауыржан
Тақырыбы: Батыр – Бауыржан
Балаларыма. Тасымал
Балаларыма. Тасымал
Л. Қылышев атындағы Шилі орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева Алтынай Кәрімқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×