Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам (тәрбие сағаты 2 - 4 сыныптар арасында)

18 мам 2019, Сенбі
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам
(тәрбие сағаты 2 - 4 сыныптар арасында)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам»
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру.
Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсарин портреті, өнегелі сөздері

Жүрісі: І. Ы. Алтынсарин өміріне, шығармашылығына тоқталу
ІІ. Әңгімелерінен көрініс.
І. 1 - жүргізуші: Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын. Халқымыздың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановпен, ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевпен бірге аса көрнекті қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин.
2 - жүргізуші: Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.

1 - оқушы: Ы. Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысының Затобол ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, жастайынан атасы Балқожаның тәрбиесінде өскен. Осы атасының ықпалымен Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс - қазақ мектебіне оқуға алынады. Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен бітіреді.

1 - жүргізуші: Ы. Алтынсариннің оқып, білім алуына жағдай жасап, ақыл - кеңес беріп отырған атасы Балқожа би еді. Оқуда жүрген жас Ыбырайға атасы хат арқылы өлең мен күш - қуат, ынта - жігер беріп отырады.
2 - жүргізуші: Балқожа бидің баласына жазған хаты.

2 - оқушы: Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын пайдалануға мүмкіндік алады. 1860 жылы Орал сыртындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашуға ұйғарылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы болуға рұқсат алады. Қазақстан мектептерінің жұмысы Ыбырай Алтынсариннің педагогтік қызметпен айналысуынан бастап ерекше жанданды.

3 - оқушы: 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Сөйтіп 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісті.
4 - оқушы: Бұл кітап ана тіліміздегі тұңғыш оқулық еді. Хрестоматияға тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелері, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, аударма шығармаларын енгізген болатын.

5 - оқушы: Сауатты болса екен деп қазақ халқын,
Білімге бастап беріп, жолды салды.
Тәлімді, тәрбиелі еңбегімен,
Ыбырайдан өшпестей мұра қалды.
6 - оқушы: Сәлем жолдап шәкіртке дұғай - дұғай,
Ұрандап өлеңімен келді былай.
Жас ұрпаққа жар салып жанымен де
«Кел, балалар, оқылық»- деді Ыбырай.
Кел, балалар, оқылық! (әнімен айтылады)
1 - жүргізуші: Жалғассын бүгінгі күн дәстүр - салтың,
Күндей күліп өмірің болсын жарқын.
Бас иіп ұлы Ыбырай рухына,
Көтерейік бірігіп атақ - даңқын!

2 - жүргізуші: Жас ұрпақ білім алды әр салада,
Алғырлар өнер десе жан сала ма.
«Өнер - білім бар, жұрттар» деген сөзі,
Мәңгілік із қалдырды әр санаға.
Өнер - білім бар, жұрттар (өлеңін оқу)

1 - жүргізуші: Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге, қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа үйретеді.
«Ананың сүюі» (өлеңін оқу)

2 - жүргізуші: Енді сіздердің назарларыңызға алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы
Ы. Алтынсариннің бірнеше әңгімелеріне дайындалған көріністерін ұсынып, бұл әңгімелердің тәрбиелік мәнін терең мағынада
түсінуге шақырамыз.
1 әңгіме: «Мейірімді бала»
1 әңгімеден көрініс

1 - жүргізуші: «А құдайым бала бер, бала берсең сана бер, санасыз бала бергенше, артынан бәрін - бәрін ала бер»- деп Ыбырай Алтынсарин өзінің мақал - мәтелдер жинағында келтіргендей, кішкентай қыз ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында әкесін жазадан аман алып қалды. Бұл әңгімесінде Ыбырай Алтынсарин балаларды ата - анасын сыйлауға, қадірлеуге, батылдыққа, ақылдылыққа үйретеді.

Біз, бүгінгі шарада ұлы ағартушы, тұңғыш қазақтың елінде мектеп ашқан, алғашқы ұстаз Ы. Алтынсариннің өмірбаянымен толық таныстық. Ыбырай Алтынсариннің шығармаларына, ағартушының еңбектеріне тоқталып отырмыз. Өзіндік ізін қалдырған, өскелең ұрпақтың еш есінен кетпестей ұстаздың жолын арнап өткендігін көріп, біліп, танысып өттік. Міне, осындай тәрбиелік мәні бар шарамыз арқылы оқушыларды әр істі ойланып ақылмен жасауға, кішіге қамқор болуға, ата - анасын сыйлап құрмет тұтуға, еңбекқор болуға шақырамын.

Пән мұғалімі: Кыдырмаева М. К.
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам (тәрбие сағаты 2 - 4 сыныптар арасында) жүктеу
12 830
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Сәулелі жұлдыз іздеген адам
Алғашқы ұстаз, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, білімдерін тереңдету. Оқушылардың сөздік қорларын молайту
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Атырау қаласы, М.Өтемісов атындағы орта мектепте директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тарих пәні мұғалімі Нургуль Темиргалиева
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
Ыбырай Алтынсарин өмірінің ерекше белестері
Қостанай облысы, «Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп - интернаты» КММ Орындаған: 6 сынып оқушысы Сартанова Елсияра Ғылыми жетекші: Сайпилова Амина Сейдоллақызы «Ыбырайтану» пәні мұғалімі, мектеп мұражайының меңгерушісі
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз. Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам
Алғашқы ұстаз, алғашқы дана бабам
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, Кенбай орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Сұлтанова Нұржауған Кәдірбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×