Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жігіттің жампозы кім, саралаңыз

21 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Қарағанды облысы,
"Сәтбаев қаласындағы №3 орта мектебі" КММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің І санатты мұғалімі
Алпысова Асем Даулетбаевна

Тақырыбы: «Жігіттің жампозы кім, саралаңыз...» атты алтын сақа ойыны.
Мақсаты: Оқушылар бойына адамгершілік, адалдық қасиеттерді сіңіре отырып, нағыз ұлтымызға сай барыс текті намысты жігіт болып өсуіне ықпал ету.
Сәлеметсіздер ме, барыс текті, намысты егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер ұрпағы!?
Адамда – алып, жылқыда - тұлпар, сиырда - тыңжа, қойда - құптан, бөріде - сырттан, итте - құмай, түйеде жампоз асыл саналады екен. Инабаттылығы мен имандығын бойына сіңірген, ұлтына сай есті, текті азаматты, нағыз нарқасқа, жігіттің жампозын саралау мақсатында «Жігіттің жампозы кім, саралаңыз...»атты алтын сақа ойынына қош келдіңіздер!

Балалар, «текті» деген сөз қандай мағына береді?
Текті» деген ары таза, өз халқының тілін, тарихын, әдет-ғұрпын құрметтейтін жандарды айтуға болады.
Ендеше, балалар, бүгінгі ойынымыздың шартымен таныстыра кетейін. Мен қазір сұрақ қоямын, сол сұрақтарға дұрыс жауап берген 4 ойыншы өздері қалаған күймеге барып жайғасады. Ойын шарты бойынша ойыншылар 5 белестен өтеді.
1. Табалдырық
2. Әудем жер
3. Қозыкөш
4. Беласар
5. Жолайрық

Табалдырық - өз үйіңнен бастау алатын, алғаш аяғыңды басатын жер. Тұрған жерің.
Әудем жер -«әу» дегенде дауысың жететін жер. Қазақтың қашықтық өлшемі бойынша 100 метр.
Қозыкөш. Қозы мала жас болғандықтан, ұзаққа жайылмайды. Қазақтың қашықтық өлшемі бойынша5 - 6 км тең.
Беласар. бұл бір белден асу деген мағынаны білдіреді. Демек, жолаушы ұзаққа барды деген сөз.
Жолайрық - бұл жолдардың торабы, қиылысы деген сөз. Төрт күймеге мінген жолаушылар осы жол торабына шейін өз білімдерімен жарысқа түседі. Ең соңына – жолайрыққа шейін жеткен ойыншы жеңіске жетеді.
Асықты иіріп, кімнің асығы алшысынан түссе бірінші, тәйке түссе екінші, бүк түссе үшінші, шік түссе төртінші жауап береді.
Ендеше, мен қазір 4 сұрақ қоямын. Сол сұрақтарға дұрыс жауап берген 4 ойыншы күймелерге келіп жайғасады.
- Ал, енді ойынға шыққан 4 ойыншы өз сақаларын иіреді, кімнің асығы алшысынан түссе, сол ішінде сұрағы бар түрлі - түсті конвертті бірінші болып таңдайды.
1. Мадияр
2. Нұрлыбай
3. Еркін
4. Бағдат
Міне осы рет бойынша ойыншылар жауап береді.
Ойыншылар ойлана тұрсын. Енді көрермендерге сұрақ қояйын.
1. Ер жігіттің ұйқысы қай уақытта қашады?
2. Қандай жігіттің көңілі жүдемейді?
3. Нағыз жігітте қандай қасиеттер болуы керек?
Ер бала бойынан қандай қасиеттер көргің келеді?
(Жақсы жауап берген ойыншыларға сыйлықтар ұсынылады)
Енді ойыншылар жауап береді, жауап бере алмаған ойыншы ойыннан шығады. Осылай ойын жалғаса береді. Соңғы ойыншы жеңіске жетеді.

Сұрақтары:
1. Жылқы малының жасына, түріне қарай атаулары
(Қазақ елі үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. жылқы - қазақтың кәделі, бағалы, орны бөлек қымбат қазынасы. сый - сияпат, кәде ретінде халық ер - азаматтарға ат мінгізіп, шапан жапқан. Жылқы малы – құлын, жабағы, тай, құнан, байтал, сойтал(дөнен, бесті, бие, ат, сәурік, айғыр) деп ажыратылады. Ел қорғаған ерлер жылқының ішіндегі ең таңдаулыларын: жорға, сужорға, жүйрік, тұлпар, қазанат, сәйгүлік, назбедеу, дүлдүл, арғымақ деп сипаттап ерекше бағалаған.

2. Жылқы, түйе тобы қалай аталады?
(Қазақ малды топтап бағады. Малсақ халқымыз, түйе - салтанат, жылқы - мақтан, сиыр - қанағат, қой - қазына деп төрт түлікке баға берген.
Жылқы тобын - үйір, түйе, сиыр - табын, қой, ешкі тобы – отар деп аталады.)

3. Түйе атаулары.
(Түйе төлі – бота, бүлдіршін - 2 жасар ұрғашысы, тайлақ 2 - 3 жасар еркегі, бұзбаша - 3жасар ұрғашы түйе, буырлыш - 4 - 5 жасар еркегі, бура - аталық түйе, інген - аналық түйе, атан - ақталған түйе)

4. Ер жігіттің 8 қасиетін ата.
(Игі мінез, игі қасиет, әйелге әдепті болу, сыпайылық, жауына жүректі, осал жерін білетіндерге жұмсақ, сұмырайларға қулық жасасын, жұрт сыйлаған адамды жақсы көрсін)

5. Ер жігіттің 6 парызын ата.
(Ақсақалға әдейі барып сәлемдесу, амандық сұрап біліп тұруы, шақырса кешікпей баруы, кеңес сұрағандарға пайдалы кеңес беру, әр сұрағына тиісті аурудың көңілін сұрау, қайтыс болған адамның жерлеуіне қатысу – бұл пайғамбарымыз Мұхаммед ғ. с хадистерінен)
6. Жеті атаңды ата.

7. Әдептілік ережелері. 10 мысал келтір.
(Ата - анаға қарсы сөз айтпайды, әйел алдында боқтық сөз сөйлемеу, жасы үлкен адамнан жоғары отырмау, үйге кіргенде адам болсын - болмасын сәлемдесіп кіреді, жұрт алдында кекірмейді, есінемейді, кемтарға күлмейді, біреудің төсегіне отырмайды, асты жамандамайды, жұрт жұмыс істеп жатқанда кекірейіп тұрмайды, қол жумай ас ішпейді)

8. Тізе бүгу салты жайлы не білесің? Қай кезде тізе бүгесің?
(Дәстүр бойынша біреуден бата тілегенде бір тізесін бүгіп, екі қолын жаяды, соғыста жеңілген жақ немесе кешірім сұраған айыпкер тізесін бүгіп, басын иеді, жұмысты болып, үйге келген адам шаруасы тізесін отырып айтады, тым асығыс болса да адам бір үйге келгенде тізесін бүгіп барып сөйлеуі керек. Бұл - шаңыраққа көрсетілген құрметтің белгісі.

9. Атақты батыр қыздардан кімдерді білесің?
(Гаухар батыр. Арғын - Бәсентиін Малайсарының қарындасы, Қабанбай батырдың жары, Назым - Қабанбай мен Гаухар батырдан туған қаһарман қыз. қазақ - жоңғар соғысына қатысып, отанын қорғаған, Айтолқын - Абылай ханның қызы, Есенбике - Үйсін Қаратай батырдың қызы, Олжабай батырдың анасы қазақ - жоңғар соғысына қатысқан, Жандәлі - Найман руынан шыққан батыр қыз, Айбике - атақты Бұланбай батырдың қызы, барлаушы сарбаздар тобын басқарған, Ботагөз - Есет батырдың қызы, Сапар - руы Табын, Пугачев соғысында аты аңызға айналған қыз. «Көрінбес» деген атпен атағы шыққан. Азаттық көтерілісін жалғастыруды үндеген. Бекмахановтың «Легенда о невидимке» деген еңбегінің кейіпкері, Айғыз – азамат соғысына қатысқан. Колчак әскерлерінің қолынан қаза тапқан.)
5 451
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік
Тәуелсіздік Туғызып ұлы арманның ұлы күнін, Дегендей әр қазақтың бүгіні – Күн, Келіп еді мойындатып күллі әлемге Текті елдің тағы да бір ұлылығын.
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Тәуелсіздік - бақытым атты интеллектуалды – танымдық ойын
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойы қарсаңында балалардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан - жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Әр текті заттарды пішіні мен көлемі бойынша саралау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №7 "Балдырған" балабақшасының тәрбиешісі Тілеуниязова Жарқынай
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Жігіт сұлтаны (байқау)
Жігіт сұлтаны (байқау)
Қарағанды облысы, «Сәтбаев қаласындағы №3орта мектебі»КММ І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алпысова Асем Даулетбаевна
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
«Жас маман және ақпараттық технология» атты жас мамандар сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы № 182 мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Ағыбай Асылбек Абдиәлімұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×