Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстан – достық мекені

09 маусым 2022, Бейсенбі
Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта тыңдаушылардың достық қарым - қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
Көрнекілігі: 1. Ұлттар достығын бейнелейтін суреттер.
2. Видео слайдттар.
Жүргізуші:
Қайырлы күн қымбатты ұстаздар, тыңдаушылар! 1 - мамыр Қазақстан халықының бірлігі күніне арналған «Қазақстан – достық мекені!» - атты сабағымызға қош келдіңіздер! Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елінің нығайып, өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
Жүргізуші: Алдымен сабақты бастаймай тұрып бір - бірімізге жақсы тілек тілейік. Ол үшін бір - біріне қарап алақандарыңды тақап, жақсы тілек тілеңіз.
Жүргізуші:
Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз, дей отыра сабақтың кезеңдерімен таныстырайын.
Сабақ 6 кезеңнен тұрады.
1. кезең «Ойға шабуыл»
2. кезең «Жақсы сөз – жарым ырыс»
3. кезең «1 - мамыр әңгімесі»
4. кезең «Тапқыр»
5. кезең «Сандар сөйлейді»
І - кезең «Ойға шабуыл» Бұл кезеңде сұрақтарға жауап бересіңдер. Кім тез, толық жауап берсе және осы кезеңде белсенді болса. Сол осы кезеңнің жеңіпазы
1. Қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан кім? ( Ы. Алтынсарин.)
2. Қасиетті тағам (нан)
3. Қазақ тілінде неше септік бар? ( 7 )
4. Ең киелі құс? (аққу)
5. 100 жыл ( ғасыр)
6. Сөз өнері жарысы ( айтыс)
7. Республикамыздың тұңғыш ғарышкері? (Тоқтар Әубакіров)
8. Исламның қасиетті кітабы ( құран)
9. Қазақ тілінде неше жалғау түрі бар? Қандай? (4 көптік, тәуелдік,
жіктік, септік)
10. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)
11. Атамекен сөзінің синонимдік қатарын айтыңыз (Туған жер)
12. Судың неше күйі бар? (қатты, сұйық, газ)
13. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар
біріне - бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін - бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін - бірі көреді.)
14. За сохранение единства и свободы миллионы людей проливали кровь, отдавали жизни, вынесли неисчислимые беды и лишения (жер)
15. Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта
Теңселіп, тербеледі адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,
Не пайда үндемейді адам жоқта. (домбыра)
ІІ - кезең. «Жақсы сөз - жарым ырыс». Берілген мақал - мәтелдің жалғасын тап. (Қима қағаз)
1. Ырыс алды – (ынтымақ)
2. Бірлік болмай – (тірлік болмас)
3. (Ынтымақтың түбі) – игілік
4. Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)
5. (Татулықта) табыс мол
6. Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)
7. Дос басыңа қарайды (Дұшпана яғыңа қарайды)
8. Ағаш тамырымен мықты, Адам (досымен мықты)
9. Дос - егіз, (дұшпан - сегіз)
10. Досы жоқ адам - (Тұзыжоқ тағам)
11. Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)
12. Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).
ІІІ – кезең«Тапқыр»
Бүгін мереке күні … (сан есім)(ай). Дала таңатқаннан өте... (сын есім). Сондықтан мен қыдыруға баратын болдым. Менің ең сүйікті жерім … (қаладағы орын ) барамын. Өзіммен бірге... (көпше зат есім) және … (суретке түсіретін құрал) алдым, себебі біз уақытты өте (сын есім) өткіземіз. Біз сүйікті орнымызға тез жеттік, себебі... (көлік түрі) отырдық. (қаладағы орын ) адамдар көп жиналған. Бәрі (қандай?).
... (қаладағы орын) өте әдемі безендірілген. Аспан... (қандай?) түсті болды, күннің көзі (етістік). Біз суретке (етістік), ән (етістік), ұлттық (көпше зат есім) ауыз тидік. Өкінішке орай, ауа райы бұзылып, (табиғат құбылысы) жауды. Біз (қайда?) қайттық. Менің күнім (сын есім) өтті.
СЕРГІТУ СӘТІ
Берілген сандарды қосып, өлеңді оқу
1-бір
Же1 екен 1қазан Жебір екен бірқазан
Кел, жемді же 1қазан. Кел, жемді же бірқазан.
1-ақ сәтте қойды жеп, Бір – ақ сәтте қойды жеп,
Кү1 етті: Күбір етті:
«Тойдым»,- деп. «Тойдым», - деп.
Естіп 1 кез дү1ді, Естіп бір кез дүбірді,
Жағадағы тү1ді, Жағадағы түбірді,
Паналады жүгірді. Паналады жүгірді. (Пеликан)
2-екі
Баласына ж2ріп, Баласына жекіріп,
Ұрсып жатыр к2лік. Ұрсып жатыр кекілік (Куропатка)
-2леніп, с2ріп, - Екіленіп, секіріп,
Алып қапсың «2лік». Алып қапсың «Екілік»
2ншіде «2ңді» Екіншіде «Екіңді»
Көрсетпе! -деп ж2ді. Көрсетпе! – деп жекіді.
Тү1= Түбір
Ке2л= кекілік
К3ік= күшік
4бұрыш= төртбұрыш
Дер5= дербес
Б6р= балтыр
7к= жетік
8көз= сегізкөз
9құмалақ= тоғызқұмалақ
М10шақ= моншақ
ІV - кезең. «Тапқыр»Сөзжұмбақты шеш.
Мереке күні үйге келген Қ... қ
Оның ұлты Қ... қ
Оның қолында гүл Қ....... қ
Оған жылы қараймыз Қ... қ
Дастарханға қоямыз Қ..... қ
Көкөніс Қ..... қ
Сүт тағамы Қ.... қ
Әңгімеге болдық Қ... қ
Өткіздік мереке күнді Қ... қ
(қонақ, қазақ, қызғалдақ, қабақ, қуырдақ, қызанақ, қаймақ, қарық, қызық)
«Бұл қызық екен». Қызықты мәліметтер
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі ретінде - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Ал, басқа елдерде 1 - мамыр мерекесін қалай тойлайды екен. Екі тілде оқимын.
Франция елінде
1 - мамыр мерекесін тойлайды екен. Көбінесе Ландыш күні деп атайды. Бір біріне дандыш гүлін сыйлап, бақыт әкеледі деп есептейтін көрінеді.
Швеция елінде
1 - мамыр мерекесін тойлайды және ақ түймедақ күні деп жарияланған. Бұл өкпе ауруына шалдыққан науқастарды қорғаудың символы ретінде.
Финляндия елінде.
А вот в этой стране в ночь на 1 мая проходит главный студенческий праздник. Выпускники отмечают успешную сдачу экзаменов и завершение учебного года. А символом праздника считаются белые фуражки.
Оңтүстік Корея елінде
1 – мамыр Будданың туған күні. Бұл күні көшбасшының құрметіне әндер мен билермен үлкен мерекеліе шерулер өткізген.
Нидерланд елінде
В последнюю неделю апреля и первую неделю мая здесь проходят самые главные празднества – чествование тюльпанов. Помимо любования цветами и красивыми видами, в праздники принято девушек и юношей распределять по парам, а их списки вывешивать на самом видном месте.
Канада елінде
Ең қызықты мереке осы елде. Жергілікті үндістер бағалайтын этникалық мереке, ол суыр күні деп аталады. Бұл күні бәрі билеп, ән салып, көңілді қарсы алған.
V - кезең. Әріптер мен цифрларды пайдаланып, сөздерді тап.
ауқтнрылдс
12345678910
бйішкемо
1213141516171819
4142873 - _______________
1214681416 - _______________
76710 - _______________
12171312144151481416 - ______________
75471813 - ______________
91910473 - ______________
4142873414112710 18198 Татулықта табыс мол.
ДОСТЫҚ, татулықынтымақ, бірлікырыс, бейбітшілік

Бурабай ауданының Тілдерді оқыту орталығы КММ Маширова Анар Қалымжанқызы
2 522
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні
1 - Мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді дана халқымыз. Бұл сөз тегінен тегін айтылмаса керек.
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған. Ынтымағы жарасқан туған өлкем
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған. Ынтымағы жарасқан туған өлкем
Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым - қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Ынтымақ мерекесі
Ынтымақ мерекесі
Білім беру саласы: Қатынас Бөлімі: Тіл дамыту. Тәрбиеші: Ахметкалиева М. Б.
Ортақ біздің жеріміз
Ортақ біздің жеріміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 "Айгөлек" балабақша МКҚК тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
1 Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған. Достық - біздің тірегіміз
1 Мамыр Қазақстан Халықтарының Ынтымақ күніне арналған. Достық - біздің тірегіміз
Атырау қаласы Жұмыскер кенті № 35 мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тәжбентаева Зульфия Сайлаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×