"Тіл - рухани байлық"
Тіл – рухани байлық
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Тыңдаушылармен амандасу;
Психологиялық дайындық:
«Менің есімім» тренингі.
Шарты: Әр тыңдаушы өзінің атын айтады.
Есіміңізді кім қойды? (осы сұраққа жауап береді)
— Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Тіл – рухани байлық»
Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мақсаты - сан ғасырлық құндылықтарды сақтау.
Ал 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Еліміздегі тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
Тақырыпта қатысты екі сұрақ қойылады:
Бүгін аптаның қай күні?
Қай ай?
Жылдың қай мезгілі?
Бүгін ауа райы қандай?
Отбасыңыз бар ма?
Қайда жұмыс істейсіз?
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздер:
Рухани – духовный
Байлық – богатство
Мемлекеттік тіл – государственный язык
Оқу – учиться
Өлшеу – измерять
Кесу – резать
Дос – друг, товарищ
Білім – знание
Қазына – богатство, сокровище
Зерттеуші – исследователь
Аудармашы – переводчик
Қоғам қайраткері – общественный деятель
Ағартушы – просветитель
Мәдениет – культура
Сөздермен жұмыс: жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесін немесе сөйлем құрату.
Сабақ кезеңдері:
І кезең: «Бәйге»
ІІ кезең: «Көкпар»
ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
ІV кезең:«Тапқырлық»
V кезең: «Сөз өнері»
«Бәйге» кезеңінде «Керекті сөзді тап» ойынын Сөйлесім әрекетінде орындаймыз.
«Көкпар» бөлімінде Жазылым әрекетін орындаймыз.
Бүгін … (сан есім) … (ай).
Бүгін ауа райы... (сын есім), сондықтан мен қыдыруға барамын.
Мен бүгін … (қаладағы орын ) барамын.
Мен... (көпше зат есім) барамын, себебі біз уақытты өте
(сын есім) өткіземіз. Біз... (көлік түрі) отырдық.
... (қаладағы орын) өте әдемі болды.
Аспан... (қандай?) түсті болды, күннің көзі (етістік).
Өкінішке орай, ауа - райы бұзылып, (табиғат құбылысы) жауды.
Біз (қайда?) кеттік. Менің күнім (сын есім) өтті.
«Кім жылдам?» бөлімінде «Суретті сөйлет» ойыны арқылы Айтылым әрекетін орындаймыз.
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
Білім – алтын қазына
«Тапқырлық» бөлімінде Тыңдалым әрекетін орындаймыз.
«Сөз өнері» бөлімінде Оқылым әрекетін орындаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлы 5 қыркүйек1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы,Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш - Орда өкіметінің мүшесі.
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Тапсырма:
Караокемен «Менің елім» әнін айту.
Міне осылайша «Тіл – рухани байлық» атты сабағымыз өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.
Құтты болсын бәріңе,
Тілдер күні - мереке!
Қазақстан жерінде
Болсын бірлік, береке
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Махметова А.С.
Сабақтың мақсаты: | Бағдарлама бойынша берілген тілдік материалды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу. Тіл үйренушілердің ой - өрісін дамыту мақсатында жатталған өлеңдерін, мақал - мәтелдерін, жұмбақтарын дұрыс айтып, мәнін жеткілікті меңгеруге баулу. Тілдің көркемділігін, байлығын көрсету. Тілдерін дамыту. Өлеңдер, әндер, мақалдар мазмұнындағы тілге құрмет жайлы мағлұматтарды тіл үйренуші ұғымына сай түсіндіру, түрлі жаттығулар арқылы сауатты жазуға дағдыландыру. |
Сабақтың түрі: Сабақтың әдіс - тәсілдері: | панорамалық сабақ. Интерактивті әдіс, сұрақ - жауап, түсіндіру, салыстыру. |
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: | Үлестірмелі материалдар, суреттер мен грамматикалық кестелер. |
І. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Тыңдаушылармен амандасу;
Психологиялық дайындық:
«Менің есімім» тренингі.
Шарты: Әр тыңдаушы өзінің атын айтады.
Есіміңізді кім қойды? (осы сұраққа жауап береді)
— Бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Тіл – рухани байлық»
Елімізде Қазақстан халқы тілдері күні 1998 жылғы 20 қаңтарда республика президентінің жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі етіп бекітілген болатын. Мақсаты - сан ғасырлық құндылықтарды сақтау.
Ал 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданды. Заң бойынша мемлекеттік тіл — қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілді.
Осы уақытқа дейін 22 қыркүйек күні тойланатын мейрамның 2017 жылы датасы өзгерді. Бұдан былай мейрам 5 қыркүйек күні аталып өтіледі.
Еліміздегі тілдер мерекесінің датасы өзгеруінің де өзіндік себебі бар. Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Бүгін барша қазақстандық қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тілдер мерекесін тойлайды.
Тақырыпта қатысты екі сұрақ қойылады:
- Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Ана тіліңіз қандай?
Бүгін аптаның қай күні?
Қай ай?
Жылдың қай мезгілі?
Бүгін ауа райы қандай?
Отбасыңыз бар ма?
Қайда жұмыс істейсіз?
Жаңа сөздер:
Жаңа сөздер:
Рухани – духовный
Байлық – богатство
Мемлекеттік тіл – государственный язык
Оқу – учиться
Өлшеу – измерять
Кесу – резать
Дос – друг, товарищ
Білім – знание
Қазына – богатство, сокровище
Зерттеуші – исследователь
Аудармашы – переводчик
Қоғам қайраткері – общественный деятель
Ағартушы – просветитель
Мәдениет – культура
Сөздермен жұмыс: жаңа сөздермен бірнеше сөз тіркесін немесе сөйлем құрату.
Сабақ кезеңдері:
І кезең: «Бәйге»
ІІ кезең: «Көкпар»
ІІІ кезең: «Кім жылдам?»
ІV кезең:«Тапқырлық»
V кезең: «Сөз өнері»
«Бәйге» кезеңінде «Керекті сөзді тап» ойынын Сөйлесім әрекетінде орындаймыз.
К әрпінен басталатын Адам аты Көкөніс Оқу құралы Киім | Ә әрпінен басталатын Қыздың аты Ұлдың аты. Оқушының алғашқы оқулығы Үй құсы |
Ө әрпінен басталатын Қаланың аты Оқу құралы Жеміс Үй жануары | Ұ әрпінен басталатын Ұшатын көлік Құстың үйі Қыздың аты Ұлдың аты |
Бүгін … (сан есім) … (ай).
Бүгін ауа райы... (сын есім), сондықтан мен қыдыруға барамын.
Мен бүгін … (қаладағы орын ) барамын.
Мен... (көпше зат есім) барамын, себебі біз уақытты өте
(сын есім) өткіземіз. Біз... (көлік түрі) отырдық.
... (қаладағы орын) өте әдемі болды.
Аспан... (қандай?) түсті болды, күннің көзі (етістік).
Өкінішке орай, ауа - райы бұзылып, (табиғат құбылысы) жауды.
Біз (қайда?) кеттік. Менің күнім (сын есім) өтті.
«Кім жылдам?» бөлімінде «Суретті сөйлет» ойыны арқылы Айтылым әрекетін орындаймыз.
Оқу – инемен құдық қазғандай.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын
Білім – алтын қазына
«Тапқырлық» бөлімінде Тыңдалым әрекетін орындаймыз.
«Сөз өнері» бөлімінде Оқылым әрекетін орындаймыз.
Ахмет Байтұрсынұлы 5 қыркүйек1872 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы,Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт - азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш - Орда өкіметінің мүшесі.
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады.
Тапсырма:
- Сан есімдердің астын сызыңыз.
- Зат есімдердің астын сызыңыз.
- Жаңа сөздердің астын сызыңыз.
Караокемен «Менің елім» әнін айту.
Міне осылайша «Тіл – рухани байлық» атты сабағымыз өз мәресіне де келіп жетті. Тіл әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұлт та, елде, жерде болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне көз жеткіздік.
Құтты болсын бәріңе,
Тілдер күні - мереке!
Қазақстан жерінде
Болсын бірлік, береке
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!
Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Махметова А.С.
22 қыркүйек күнгі тіл мерекесіне арналған сабақ жоспары тілдер күніне арналған Қазақстан халқы тілдері күн
Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Ахмет мұрасы - рухани қазына
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын таныта, мысал өлеңінің мәнін ашу арқылы диалогтық, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Ақмола облысы Бурабай ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Маширова Анар Қалымжанқызы
Жұрнақ пен жалғау
Сөз құрамымен таныстыру. Түбір мен қосымшаның бір - бірінен айырмашылығын аңғарту. Қосымшаның түрлері жалғау және жұрнақ. Олардың өзіндік белгілері.
«Мәтін және грамматика» 4 сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасы
Құрастырған Гүлмай Оналханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.