Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күшейткіш үстеу

23 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Базарова Ақкенже Мырзақызы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Күшейткіш үстеу туралы мәлімет беру;
Ә) Дамытушылық мәні: Үстеу туралы түсініктерін есте сақтау қабілеті арқылы дамыту, ой-өрістерін арттыру.
Б) Тәрбиелік мәні: Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып.

Сабақтың технологиясы: Сатылай комплексті талдау.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: Талдау - жинақтау, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, ән - саз
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сыныпты үш топқа бөлеміз.
1 топ -«Білімділер»
2 топ -«Алғырлар»
3 топ -«Қырандар»

Үй жұмысына 284жаттығу берілген. Үш топтан жеке-жеке сұрау. Үстеудің сызбасы
_____________________ Аз

Құрамына қарай

Тұлғасына қарай - негізгі түбір
Құрамы мен құрылысына қарай - дара

Лексикалық мағынасы
Сөзде бір лексикалық, бір грамматикалық мағынасы бар. Мөлшерді білдіреді.
Грамматикалық мағынасы үстеу.(қалай? сұрағына жауап береді)
Мағынасына қарай. Мөлшер үстеу
Үй жұмысын сұрақ қою арқылы қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ. Күшейткіш үстеу.
Жаңа сабақты түсіндірмес бұрын тақтаға үш қатарға үш түрлі сөздер жазылған сызбанұсқалар ілінеді.

Әдемі -------- биік ------------ терең
Қолайлы ---- жұпыны ------ мән бермеу
Ақырғы - ---- ауыр------------- қызықтау
Үлкен--------- үлкен ---------- үлкен
көлемді ---- сұрықсыз ------ қолайлы
Осы негізгі сөздерге күшейту мәнін беріп тұрған күшейткіш мәнді үстеулерді тауып жазады. (ең, тым, аса)
Сабақты түсіндіру. Күшейткіш үстеулер, қимылдың өзін, көлемін аса күшейтеді.
Немесе аса күшейтеді аса солғындатады (тым, әрең, сәл, мүлдем, өте, орасан, аса

Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбірлер болып келеді. Тақтаға үстеулердің жеті түрі де жазылған сызба нұсқа ілінеді. Соның ішінде күшейткіш үстеуі қызыл бояумен ерекшеленген, яғни бүгінгі тақырып - Күшейткіш үстеу.
Оқулықпен жұмыс. Теория бекіту.

IV. Жаңа сабақты пысықтау
Оқушыларға берілетін тапсырмалар.
Үстеулерді тауып, Лексика - грамматикалық мағынасына қарай талдау жасау.
«Білімділер» тобы.
І тапсырма: Адам нағыз адамдар арасында ғана адам болады.(И. Бехер)

ІІ тапсырма: «Алғырлар» тобы.
Содан бері қысқы жүні жетіліп, өңі ажарланып, қатты құлпырып алған. Осы кезде созыла шапқылаған тосушылардың барлығы да мүлдем шаршаған болатын. (күшейткіш үстеулерді тауып, кешенді талдау жасау)

ІІІ тапсырма. «Қырандар» тобы.
Абай мен оның барлық үй іштері, іні-шәкірт, достары үшін ең қадірлі әбігер. Тауық етінен жасалған бұл кеспе өте дәмді піскен екен.(Күшейткіш үстеулерді тауып, кешенді талдау жасау).

V. Сабақты қорытындылау: оқушылардың білімін бағалап, үй тапсырмасын бекіту.
Үйге тапсырма: үш топ білімділік, өнерпаздық, талғампаздыққа баланысты сөйлем құрау, сөйлемді күшейткіш үстеулер арқылы жасап талдау.
27 281
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Менің сүйікті кейіпкерім (н/с) Үстеу. Мезгіл үстеу
Тақырып бойынша мәлімет беру. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Айнұр Кеңесбайқызы
Мақсат үстеуі
Мақсат үстеуі
Қызылорда қаласы, №138 Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Койшыбаева Айгерим Нурлановна
Үстеу
Үстеу
Қазақ тілі мұғалімі: Сымбат Таңсықханқызы
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Дара сөздер мен күрделі сөздер
Базарова Ақкенже Мырзақызы Астана қаласы, №53 мектеп - лицей қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×