Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мақсат үстеуі

13 қаңтар 2014, Дүйсенбі
Қазақ тілі 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Мақсат үстеуі
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік. Үстеудің мағыналық түрлері туралы түсінігін тереңдету, мақсат үстеуі туралы ғылыми негізде білім бере отырып, практикада қолдана білуге білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
2. Дамытушылық. Дүниетанымын, қиялын, ойлау, сөйлеу әрекетін дамыту.
3. Тәрбиелік. Бір - бірін сыйлауға, бір - бірінің айтқан сөзін тыңдауға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: оқыта үйрену
Әдіс - тәсілі: топпен жұмыс, проблемалық ізденіс, талдау, сұрақ - жауап
Көрнекілігі: слайд, кесте
Пәнаралық байланыс: өмірмен байланыс

Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасып, түгендеу.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
310 - жаттығу. Күшейткіш үстеулерді қатыстыра отырып, өлеңді ары қарай талдаңдар.
3. Білімді жан - жақты тексеру кезеңі.
1. Үстеу дегеніміз не?
2. Үстеудің мағыналық түрлерін атаңдар.
3. Туынды үстеудің жасалуын түсіндіріңдер.
4. Күшейткіш үстеу дегеніміз не?
5. Сын - қимыл үстеуі нені білдіреді?
6. Мөлшер үстеуі дегеніміз не?
4. Сабақтың мақсатын қою.
Күн ретін, сабақ тақырыбын хабарлау.
5. Жаңа сабақ.
Үстеудің мағыналық бір түрі мақсат үстеуі деп аталады. Оның қолданылуына келсек, мақсат үстеуіне жататын сөздер қазақ тілінде санаулы ғана.
Кестеге назар аударайық.
Оқушылардың өздеріне ережені қайталату арқылы түсінгенін тексеру.

Оқулықпен жұмыс.
311 - жаттығу. Мақсат үстеуді табыңдар, жасалу жолын көрсетіңдер.
Мақсат үстеулері: қасақана, әдейі.
289 - жаттығу.
Қасқырша, тағы т. б.
312 - жаттығу. Төмендегі сөздердің синонимін жазыңдар.
1. Әдейі - жорта, қасақана,
2. Ілгері - алға,
3. Қыруар - көп, бірнеше, бірталай.

Шығармашылық жұмыс.
Сөздік диктант
Екіталай, екібастан, ендігәрі, ерсілі - қарсылы, емін - еркін, алагеуім, алмағайып, алма - кезек, апа - сапақ, ауызба - ауыз, аяқ астынан, әнеугүні, әртінде.
Сөйлем мүшесіне талдау.
Мағаш енді әдейі салмақты сабырмен сөйледі. Тосушылар енді бет - бетімен аттың басын қоя берді. Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қапты.

Жеке оқушымен жұмыс.
Карточка арқылы.
Таратпа №11
1. Мақсат үстеуі нені білдірді? Оған қандай сөздер жатады?
2. Сөйлемнен негізгі және туынды үстеулерді тауып, морфологиялық талдау жаса.
Абай осыдан бірталай ұзақ ауырды. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек. Үй сыртына бірнеше атты кісі дүсірлетіп кеп, шапшаң түсіп, аттарын тез байлап жатыр.
Таратпа№12
1. Күшейткіш үстеу мен мақсат үстеуін салыстыр.
2. Берілген сөйлемнен омонимдес үстеу мен етістікті ажырат.
Бірақ бұл қызықты мезгіл өте шығады. Әңгіме беті бұлай бұрылғаны Абайға аса ұнады. Бұл сөзге Абай жеткенде Тәкежан өте сескеніп қалды. Атам маған сыбағаңды аса деді.
3. Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар.

5. Білімді бекіту.
Пысықтау сұрақтары
1. Мақсат үстеуі нені білдіреді?
2. Мақсат үстеуінің қолданылу аясы қандай?
3. Мақсат үстеуіне сатылай комплексті талдау жасау.
6. Үй тапсырмасы
1. Бағалау

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
36 006
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Үстеудің мағыналық түрлері
Үстеудің мағыналық түрлері
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №7 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Алдабергенова Айжан Бериковна
Кім жүйрік?
Кім жүйрік?
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зейден Достияр
Қазақ тілінен сабақтар топтамасы
Қазақ тілінен сабақтар топтамасы
Алматы облысы, Балқаш ауданы, Ақдала орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Умбетова Қарлығаш
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Үстеу. Үстеудің мағыналық топтары
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Бидайық орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Маликова Айнұр Кеңесбайқызы
Үстеуден өткенді қайталау
Үстеуден өткенді қайталау
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Күшейткіш  үстеу
Күшейткіш үстеу
Базарова Ақкенже Мырзақызы Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×