Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәбит Мұқанов өмірі, шығармашылығы «Сұлушаш» поэмасы»

11 ақпан 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Сәбит Мұқанов өмірі, шығармашылығы.
«Сұлушаш» поэмасы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік – С. Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу;
Тәрбиелік – жазушының шығармашылығын игерте отырып оқушыларды адамгершілік қасиеттерге, тілін, тарихын, әдебиетін құрметтеуге баулу;
Дамытушылық – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әдеби сөйлеу тілін қалыптастыра отырып көркем сөйлеуге бейімдеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, insert әдісі, ойын элементтері.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жазушының суреті, еңбектері.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, ағылшын тілі, орыс әдебиеті, тарих.
Сабақ барысы.
1. Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу;
ә) кезекшімен сұхбат;
б) «Миға шабуыл» әдісімен сұрақтар қою:
1. Биыл қандай ақын-жазушылардың мерейтойы?
2. Бес арысты ата.
3. Үш бәйтеректі ата.
2. Жаңа сабақ.
Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырамын. Оқушыларға үй тапсырмасы ретінде С. Мұқановтың өмірі мен «Сұлушаш» поэмасының мәтінімен танысып келу алдын ала берілген болатын. Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Сайыстың кезеңдері:
1. «Ой ашар»;
2. «Мен айтамын, сен жалғастыр»;
3. «Ділмар»;
4. «Тапқырлық».
1-кезең бойынша әр топ өздеріне берілген пікірді қорғайды

(«Ой ашар» кезеңі).
1-топ. Ақындар. «С. Мұқанов – ақын» деген пікірді дәлелдейді.
2-топ. жазушылар. «С. Мұқанов – жазушы» деген пікірді дәлелдейді.
3-топ. Зерттеушілер. «С. Мұқанов – қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші» деген пікірді дәлелдейді.
С. Мұқановтың өмірі туралы қосымша мәлімет беріледі.
Жазушыға арналған көрмемен таныстырылады.

2-кезеңде әр топтың оқушылары «Сұлушаш» поэмасының мәтінін бірінен кейін бірі баяндайды («Мен айтамын, сен жалғастыр» кезеңі).
3-кезеңде әр топқа 9 сұрақ беріледі. Оның жауабын оқушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту керек («ділмар» кезеңі).

«Ақындар» тобына:
1. «Сұлушаш» поэмасы нешінші жылдар аралығында жазылды? (1926-1928)
2. Төртөбел деген не? (жылқы-лошадь-horse)
3. Поэманың үзіндісіндегі жасырған сөзді тап. Алтай қозы бақты, қой бақты, тағы не істеді? (отын жақты-дрова-wood)
4. Алтынайдың әкесі қызының жасауына қосып тағы кімді берді? (құл, күң-раб, рабыня-slave)
5. Сұлушаштың шашын бір өргенге әкесі қанша төлейтін?(бір жылқы-одна лошадь-one horse)
6. Ермек Алтайға кім болып келеді? (іні-младший брат-younger brother)
7. Қалың малға қоса күйеу жігіт босаға айыбы деп не берді? (100-жылқы-100 лошадей-hundred horse)
8. Алтай мен Сұлушаш қай жыл мезгілінде қашпақшы болды? (күз-осень-autumn)
9. Алтайдың елге келмей, қой бағып жүргеніне неше жыл болды? (бір жыл-один год-one year)

«Жазушылар» тобына:
1. Тілеуберді Алтынайға қалың мал ретінде неше жылқы берді? (мың-тысяча-thousand)
2. Алтынайдың әкесі қызының жасауын неге артып береді және оның саны нешеу? (90 нар – девяносто нар – ninety camel)
3. Тілеуберді ұрын келе жатқан күйеу жігіт үшін неше үй тіктіреді? (он-десять-ten)
4. Сұлушашқа құда түскен күйеу жігіттің түр-келбеті қандай еді? (ұсқынсыз-некрасивый-ugly)
5. Мәтіндегі жасырын сөзді тап. Алтайдың айтуынша, «Не киіп аяққа, аң аулайтын қолымызда жоқ садақ, яки, мылтық»? (шаңғы-лыжи-skies)
6. Құз басындағы бүркітті аулау үшін арқан мен торды кім береді? (шал-старик-old man)
7. Алтай мен Қайсар Сұлушашқа таудан бүркітті ұстап оралғанша тұзақпен нені ұстап, сонымен ас дайындап қой дейді? (қоян-заяц-hare)
8. «Сұлушаш» поэмасы неше үлкен бөлімнен тұрады? (төрт-четыре-four)
9. Сұлушаш нешеге келгенде көркі, сұлулығы толысты? (он алты-шестнадцать-sixteen)

«Зерттеушілер» тобына.
1. Тілеуберді неше жыл отасқаннан кейін балалы болып Сұлушашты көреді? (екі-үш жыл-два-три года-one-two-year)
2. Сұлушаштың асқан сұлулығын сипаттағанда жазушы қыздың мойнын неге теңеп суреттейді? (аққу-лебедь-swan)
3. Ырысты деген кім? (күйеу жігіт-жених-boy friend)
4. Алтай жастайынан не бағып өсті? (қой, қозы – овец, ягненок – sheep, lamb)
5. Сұлушаш Алтай мен Қайсарды бүркітті аулаудан күтіп отырғанда қандай құстың қайтып бара жатқанын көріп оған тіл қатады? (қаз-гусь-goose)
6. Алтай таудан Сұлушашқа оралып келе жатқанда орманнан аңдар не себепті қаша бастайды? (өрт-пожар-fire)
7. Сұлушаш Алтайды кездесуге алғаш шақырғанда екі жүзді не береді? (қанжар-кинжал-dagger)
8. Байбосын Тілеубердіге кім болып келеді? (құда-сват-matchmaker)
9. Сұлушаш кішкентай кезінде не жасап ойнайтын? (қуыршақ-кукла-doll)
4-кезеңде әр топ оқушылары кейіпкерлерге берілген мінездемені мәтін бойынша дәлелдеу керек

(«Тапқырлық» кезеңі). Сұрақтар қойылады.
1. Сұлушаш – ерке, шолжаң емес, ақылды, парасатты жан.
2. Алтай-өжет, тапқыр жігіт.
3. Сұлушаштың анасы Алтынай мен жеңгесі Айжан – ескі салтты ұстанушылар.
4. Алтай – адамгершілігі жоғары жігіт.
5. Сұлушаш-өжет, қайсар қыз.
6. Қайсар – досқа адал жан.

Сабақты қорыту. Insert әдісі арқылы кестені толтырады.

Білгенмін
Білдім
Білгім келеді
Оқушыларды бағалау. Әр топ берген жауаптары бойынша бағаланып, жеңген топ анықталады. Әр оқушы сабақ барысында жинаған жұлдызшалары бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы. «Сұлушаш» поэмасына сценарий құру.
43 431
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш»
Сәбит Мұқановтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. «Сұлушаш» поэмасын талдау жасау арқылы меңгерту. Жазушының биік тұлғасы, туған халқына, оның әдебиетіне сіңірген еңбегін танып білу.
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Сәбит Мұқанов “Сұлушаша” поэмасы (Қорытынды сабақ)
Поэма мазмұнын меңгерте отырып адамгершілікке, адалдыққа, шынайылық, рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы
Сәбит Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы
С. Мұқанов лирикалық өлеңдермен қатар көптеген поэмалар жазды. Поэмада ақын сан алуан өмір құбылысын кең алып, белгілі кейіпкерлердің іс - әрекетін көрсету арқылы дәуірге сай негізгі айтпақ идеямен баяндайды.
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)
С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы (әдеби талдау)
Сәбит Мұқановтың өмірі туралы мағлұмат бере отырып, жазушының шығармашылық зертханасына үңілу, талдау, «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысу, кейіпкерлер жүйесіне талдау жасау, тақырыбы мен идеясын ашу;
Сәбит Мұқанов"Сұлушаш" романы
Сәбит Мұқанов"Сұлушаш" романы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Жапсарбаев атындағы орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көшенова Шара Шаймұханбетқызы
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Сатылай кешенді талдау. Сәбит Мұқанов "Сұлушаш поэмасы"
Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Анар Арыстанғалиева Баяндама: Әдебиет сабағында «Сатылай кешенді талдау” технологиясын пайдаланудың тиімділігі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×