Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Маған ұнаған кітап» (А. Елгезек «Көк бөрінің рухы»)

12 наурыз 2013, Сейсенбі
Сабақтың тақырыбы: «Маған ұнаған кітап»
(А. Елгезек «Көк бөрінің рухы»)
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы дарындылық қабілеттерін ашу, таланттарын насихаттау.
Сабақтың міндеттері:
а) Ақын өміріне шолу;
ә) Кітап оқуға құмарлығын арттыру;
б) рухани - адамгершілік қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ақынның суреті, кітаптары, нақыл сөздер, интерактивті тақта, т. б.
Типі: жүйеге келтіру сабағы
Әдісі: жекелеме жұмыс, сұрақ - жауап, іздендіру
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру: а) оқушылармен амандасу;
ә) оқушыларды түгендеу;
б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жоспар
I. Құпия сөздер сыры (сабақтың тақырыбын табу)
II. Бәйге жарысы (Ақынның өлеңін оқып, қаншалықты жаттағанын білу).
III. Сергіту сәті.
IV. Жадымызда сақтай білу
V. Жүректен шыққан арнау
VI. Сұрақ - жауап
VII. Қорытындылау

I. Құпия сөздер сыры (сабақтың тақырыбын табу)
Кітап, қасқыр, ақпан, мектеп, ауыл сөздері беріледі (өмірі мен шығармашылығы бойынша сөздер сөйлейді)
1980 жылы 2 ақпанда Семей облысы, Шұбартау ауданы, Мәдениет ауылында дүниеге келген. Е. Рахмадиев атындағы орта мектептің түлегі. Әл - Фараби атындағы ҚазҰУ - нің тарих факультетін бітірген. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қазақстан «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. Қазір Астана қаласында тұрады.
Сонымен құпия суреттер біздің сабағымыздың тақырыбын тауып берді. Тақтаға назар аудару, Дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазу.
Біздің мектебіміз – өнерлілерді тәрбиелеп отырған мектеп. Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай «Қазақстанның болашағы – дарынды жастар», - дейді. Расымен де – біздің мектеп дарынды жастар ордасы. Олай болатын болса, Дарынды балалар, еліне қош келдіңіздер!

II. Бәйге жарысы (Ақынның өлеңін оқып, қаншалықты жаттағанын білу).
Ақбереннің «Көк бөрінің рухы» атты кітабынан өлең жаттаған оқушыларға сөз кезегін берейік. «Шұбартауым», «Сарытайпақ», «Көктал», «Әкеме», «Әкені аңсау», «Ғалым аға», т. б.

III. Сергіту сәті
Алматы, Семей қалаларында ән салып, жүлделі орынмен оралған Айботаға кезек беріп, бір серпіліп қалайық. Келесі осы өнер мектебінде тәлім алып жүрген оқушыларымыздың өнерін тамашалайық

IV. Жадымызда сақтай білу. (Дәптермен жұмыс, оқушылар жаттаған өлеңдерін қатесіз дәптерге жазу керек. Қатар отырған оқушы бір - бірінің қатесін түзетеді.)

V. Жүректен шыққан арнау. (шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылар өздерінің ақынға арналған өлең шығармаларын оқиды)

Нұрсерік: Өлең деген ой сандық,
Ой сандықтан – ой алдық
Жерлес ақын жырларын,
Оқыдық та, ойландық

Ақындық шабытына бақ береді
Жүрегінен төгілер сөз желеңі
Тағылым тәлім сыры – аңқып жатқан
Поэзияның ол жүйрік – Ақберені

Парасат пен Мұқағали: Ақберендей алып қазақ болыпты
Аққу құсы осы алыпқа қоныпты
Ол – аққу құс
Дана деген сұлу, әрі ару қыз
Осы мектептің түлегі ғой ағамыз
Ұмытпаңыз, қорықпаңыз
Артыңызда біз бармыз

Мейіргүл: Ақберен аға – дара ақын, дана ақын,
Ол кісінің көңілі күнде жарқын
Өлеңі ән тербейді, күн тербейді
Кейбіреуі жүректі тез кернейді

Өлеңдері жүректі жырлатады
Кейбіреуі жүректі жылатады
Ақберен аға аман болыңыз
Зор байлық, мол бақытты мен тіледім

VI. Сұрақ - жауап
1. Сендерге қандай кітап ұнады? Ол кімнің кітабы?
2. Рухани байлықты қайдан алады екенбіз?
3. Еліміздің болашағына ие болар жастар қандай болуы керек?

VII. Қорытындылау. Оқушы білімін бағалау.
Жауаптарыңа көп-көп рахмет. Қазірден бастап әдеби кітаптарды көп оқуға дағдыланайық. Кітап – ұрпақтан - ұрпаққа қалатын рухани қазына, сондықтан кітапты жыртпай, қадірлеп ұстауға тиіспіз.
Бойларыңда от барлығын байқадым
Жүректерде шоқ барын да байқадым,
Әрқашанда осы шоқты өшірмей
Шәкірттерім, шарықтаңдар әрдайым, - деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
VIII. Үйге тапсырма беру: Ана туралы өлең немесе шығарма жазып, жаттап келу.
4 303
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Кітап - тарих, шежіре! 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
Мен – кітаппын, білімнің бұлағымын, Жауабымын сауал мен сұрағыңның, Ақылшыңмын, ұстазбын, ғажайыппын Бағдаршаммын, адаспас шырағыңмын.
Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер
Ескен Елубаевтың өмірі және шығармашылығы. Күрделі сөздер
Ескен Елубаев - 1942 жылы 18 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған.
Жамбыл Жабаев
Жамбыл Жабаев
Атырау қаласы, № 6 орта мектептің қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі Әбуова Орынша Сақтағанқызы
Кітап – білім бұлағы
Кітап – білім бұлағы
ШҚО. Аягөз қаласы «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы Ғ.Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
С.Сейфуллиннің «Тұлпарым» өлеңі
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Ташетова Гулбаршын Бактияровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×