Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрін білгім келеді (интеллектуалдық ойын)

15 наурыз 2013, Жұма
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Мақсаты: Сынып оқушыларының білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында пәндер бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік сыныпты анықтау.
Түрі, типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабағы
Қолданатын әдіс - тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ - жауап, интерактивтік
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Өту барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, қонақтар. Бүгінгі тілдер онкүндігіне арналған «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
К. Э. Циолковскийдің сөзімен бастағым келеді, «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...»
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.

Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер – дей отырып әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейік
1.
2.
1 кезең. «Сәлем – сөздің анасы». Топтар өздерін таныстырып өтеді.
2 - кезең. «Бинго». Қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру.
1. «Көксерек» әңгімесінің авторы және басты кейіпкерлері? (Мұхтар Әуезов, Құрмаш, Көксерек)
2. Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? (сапалық, қатыстық)
3. Шығарманың композициялық жоспары қандай бөлімдерден тұрады? (оқиғаның басталуы, байланысы, шиеленісуі, шарықтау шегі, аяқталуы)
4. Күрделі сөздердің қандай түрлері бар? (қос сөз, біріккен сөз, қысқарған сөз, тіркесті сөз)
5. Өлең жолдарындағы қайталаудың неше түрі бар? Оларды ата (жай қайталау, анафора, эпифора)
6. Тіл білімінің салаларын ата. Олар нені зерттейді? (лексика, фонетика, морфология, синтаксис).
7. Жүсіпбек Аймауытұлының «Әнші» әңгімесінде оқиға қай қалада орын алды және басты кейіпкері кім? (Жетішатыр, Әмірқан)
8. Сын есім қалай түрленеді? Мысал келтіріңіз (шырай формасына ену арқылы)
9. «Есіл бойында» әңгімесі қай романнан үзінді және оның авторы кім? («Өмір мектебі» Сәбит Мұқанов)
10. Өткен шақтың түрлері мен жасалу жолдарын айтыңыз (жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ, ауыспалы өткен шақ)
11. Лирика дегеніміз не? Оның түрлері (адамның көңіл - күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетеді)
12. Етістіктің ерекше түрлері және олардың жасалу жолын айтыңыз (есімше, көсемше, тұйық етістік)

3 - кезең. «Жекпе - жек» (капитандар сайысы)
Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.
1. Доброе слово – половина блага/ Жақсы сөз жарым ырыс
2. Сказанное слово – вылетевшая пуля/ Айтылған сөз атылған оқ
3. Даже говоря в шутку - подумай/ Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле
4. Начало искусства красноречие/ Өнер алды – қызыл тіл
5. Человек без Родины, как соловей без леса/ отансыз адам, ормансыз бұлбұлмен тең
6. Язык острее клинка/ тіл – қылыштан да өткір
7. Кто слов не ценит, сам себя не ценит / сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді
8. То что не поднимет слон, поднимет язык / піл көтермегенді, тіл көтереді
9. Много видевший станет предводителем, много говорящий станет оратором / көре - көре көсем боларсың, сөйлей - сөйлей шешен боларсың

4 - кезең. «Сиқырлы ұяшықтар»
Тақырыптар бойынша ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру, тапсырмаларды орындау.
«Ереже – білім бастауы» (қазақ тілі)
10 балл. Зат есім қалай түрленеді? (көптеледі, жіктеледі, септеледі, тәуелденеді)
20 балл. Көсемше қандай екі түрлі қызмет атқарады? (етістік, үстеу)
30 балл. Сөйлемге морфологиялық талдау жаса. Қазақ фольклорын зерттеген ғалымдарың ішінде ол ерекше айтылады

«Бұл кім?» (әдебиет)
10 балл. Үш жасында «Менің атымды осы немерем түбінде әлемге әйгілі ететін болады!» деп бата алған. (Мағжан Жұмабаев)

20 балл. Сыңарын тап
Дулат Бабатайұлы --------Саятшы Ораз
Жамбыл Жабаев ----------Өзім туралы
Сәбит Мұқанов ------------Бандыны қуған Хамит
Сәкен Сейфуллин ---------Аягөз, қайда барасың
Қасым Аманжолов -------Аттандыру

30 балл. 1900 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданында дүниеге келген. «Сұлушаш» поэмасы, «Мөлдір махаббат», «Аққан жұлдыз» романдарының авторы. (Сәбит Мұқанов)

«Салт – дәстүр»
10 балл. Біреудің дүние салғанын соның жақындарын хабарлау. Қай шығармада кездеседі? (естірту, Қозы Көрпеш – Баян сұлу)

20 балл. Қоштасу қай кезде айтылады? Қай шығармада кездеседі? (өмірмен қоштасу, туған жермен қоштасу, жақын адамын ұзақ сапарға аттандырардағы қоштасу. Жамбыл Жабаев «Аттандыру»)

30 балл. Барымта дегеніміз не? Қай шығармада кездеседі? (Барымта есе қайтару үшін, не өш алу үшін істеледі, «Ананың анасы»)

5 - кезең. «Мақал – сөздің мәйегі»
Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.
1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?
(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
2. Инемен құдық қазуға бола ма?
(Білім инемен құдық қазғандай)
3. Аппақ қарға бола ма?
(Қарға баласын аппағым дейді)
4. Ең тәтті не?
(Ананың сүті тәті, баланың тілі тәтті)
5. Қар жана ма?
(Қалауын тапса, қар жанады)
6. Не оттан да ыстық?
(Отан оттан да ыстық)
7. Тауық түс көре ме?
(Тауықтың түсіне тары кіреді)
8. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
(Шашу оңай, жинау қиын)
9. Білгенің қанша, білмегенің қанша?
(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
10. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
(Көз қорқақ, қол батыр)
11. Отқа түсіп күймеуге бола ма?
(Отан үшін отқа түс, күймейсің)
12. Ер қаруы неше?
(Ер қаруы бес қару)

6 - кезең. «Зерек болсаң, тауып көр». Бейнежұмбақ шешу.
Жауабы. «Көз жетпеген жерге, сөз жетеді»

7 - кезең. «Бірлігіміз жарасқан». Ән айту «Балдәурен»
Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.
Жеңімпаз топты жеңісімен құттықтаймыз! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Бағалау парағы
№-- Топтың аты
«Сәлем – сөздің анасы»
«Бинго»
«Жекпе - жек»
«Сиқырлы ұяшықтар»
«Мақал – сөздің мәйегі»
«Зерек болсаң, тауып көр»
Барлығы
22 170
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосы, Б. Аманшин атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Махамбетова Сандуғаш Сағынғалиқызы
Әке шешем және мен
Әке шешем және мен
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Акманова Әлия
Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс)
Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс)
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Артықбай Данагүл Майлыбайқызы
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жәлел Ботакөз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×