Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бәрін білгім келеді

09 қыркүйек 2014, Сейсенбі
Тақырыбы: Бәрін білгім келеді
Мақсаты: Сынып оқушыларының білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында пәндер бойынша викториналық сұрақтарға жауап алу арқылы білімді, алғыр және үздік сыныпты анықтау.
Түрі, типі: Дәстүрлі емес, сайыс сабағы
Қолданатын әдіс - тәсілдері: баяндау, талдау, сұрақ - жауап, интерактивті тақта
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар

Өту барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар, қонақтар! «Бәрін білгім келеді» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер!
К. Э. Циалковскийдің сөзімен бастағым келеді, «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!...»
Ана тілі қазағымның қаймағы,
Тілің сенің өміріңнің айғағы.
Бүгін міне, тіл туралы сайысқа,
Әр сыныптың білгірлері шығады.
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер
Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер – дей отырып әділқазылар алқасы мүшелерімен таныстырып өтейік
(әділқазыларды таныстыру)
- Ендеше, сайысқа қатынасып отырған топ мүшелерімен таныс болайық.
Топтар өздерін таныстырып өтеді.

1 кезең. «Қызықты сұрақтар».
10 ұпай 1 – ден 100 – ге дейінгі сандарда 9 саны қанша рет кездеседі? (10)
20 ұпай Мысық пешке тығылса не болады? (ауа - райына қатысты) (аяз болады)
30 ұпай Қыстыгүні әтеш бір аяғын көтеріп тұрса…(аяз болады)
40 ұпай Жарысқа қатысып жатып, сіз екінші болып жүгіріп келе жатқан жүйрікті басып оздыңыз. Сіз қазір нешінші орындасыз? (екінші орындамын)
50 ұпай Мэридің әкесінің бес қызы бар: 1. Чача 2. Чече 3. Чичи 4. Чочо.
Сұрақ: Бесінші қызының аты кім? (Мэри)
60 ұпай 1000 санын алып, оған 40 - ты қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. 30 санын қосыңыз. Тағы да 1000 қосыңыз. Қосу 20. Қосу 1000. Және қосу 10. Қандай сан шықты? (4100)

2 - кезең. «Тұлғалар». Қазақ тілі, әдебиет пәндері бойынша сұрақтарға жауап беру.
10 ұпай Қ. Р Әнұранының әнін жазған белгілі композитор кім?(Ш. Қалдаяқов)
20 ұпай ҰОС қатысып ерлікпен қаза тапқан шығыстың қос жұлдыздары
(Әлия мен Мәншүк)
30 ұпай Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі, желбіреген көк туымыздың автор
кім? (Шәкен Ниязбеков)
40 ұпай Республика Қарулы Күштерінің жоғары қолбасшысы(Н. Назарбаев)
50 ұпай
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда... өлеңінің авторы кім?(А. Құнанбаев)
60 ұпай Музыкалық сұрақ
Мына әнді орындаған әнші кім?(Р. Рымбаева)

3 - кезең. «Салт - дәстүрлер»
10 ұпай Базарлық дегеніміз не? (алыс сапарға, саяхатқа шыққан адамдар тума - туыстарына, достарына, көршілеріне ірілі - ұсақты сыйлықтарәкеледі. )
20 ұпай Сыбаға (сыйлы адамға тартылатын табақ)
30 ұпай Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі (жаялық)
40ұпай Тұсаукесер(сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен
жасалатын ғұрып )
50 ұпай Наурыз көже неше түрлі дәмнен тұрады? (7)
60 ұпай Мына суретте қандай салт – дәстүр орындалып жатыр?(беташар)

4 - кезең. «Ақын - жазушылар»
10 ұпай
Кеңсің, дала -
Туған ана,
Көйлегің кең, көк ала.. кімнің өлеңі? (С. Сейфуллин )
20 ұпай “Баланың айласын”жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
30 ұпай Ой, балалар, балалар!
Жылы - жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл - қаңқыл қаз кепті... деген өлеңің авторы кім? І. Жансүгіров
40 ұпай М. Әуезовтың қандай шығармаларын білесіңдер? Боран, Әек арманы
50ұпай «Күлпаш» әңгімесінің авторы кім? Б. Майлин
60 ұпай Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп.
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп... - деген өлеңнің тақырыбы қалай аталады? Көктем

5 - кезең. «Жұмбақтар»
10 ұпай Түнде жортады, Жарықтан қорқады. жарқанат
20 ұпай Бұл кім? С. Сейфуллин
30 ұпай Сиырдың пірі Зеңгі баба
40 ұпай Жылдан құр қалған жануар түйе
50 ұпай ҚР - ның тұңғыш ғарышкері кім? Т. Әубәкіров
60 ұпай Мына киноның мағынасы қандай? қайырымдылық
- Осымен сайыс кезеңдері аяқталды. Келесі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.(әділқазылар өз шешімдерін шығарып, жеңімпаз топты анықтайды)
- Жеңімпаз топты жеңісімен құттықтаймыз!
Келесі кездескенше сау болыңыздар!
12 334
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, Нұн Жұбаев атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Ауелбаева Арайлым
Бәрін білгім келеді
Бәрін білгім келеді
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің ән - әуез пәні мұғалімі Кібіт Гүлнәр
Даналығын халқымның мақтан етем
Даналығын халқымның мақтан етем
Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақадыр ауылы. Малик Армангуль
Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс)
Атажұрт (сыныптан тыс жұмыс)
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы №5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Артықбай Данагүл Майлыбайқызы
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Бәрін білгім келеді! (сайыс сабақ)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Абай ауылы, Абай атындағы №90 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жәлел Ботакөз
Бәрін білгім келеді (интеллектуалдық ойын)
Бәрін білгім келеді (интеллектуалдық ойын)
Қостанай облысы, Рудный қаласы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Шынар Даниярқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×