Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Емханада

25 наурыз 2013, Дүйсенбі
Сабақтың тақырыбы: Емханада

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: өткен материалдармен байланыстыра отырып жаңа сабақты, ондағы жаңа сөздерді игерту, сөздермен сөйлем құрастырып, оларды тілдік қатынаста пайдалануға үйрету. Лексикалық тақырып көлемінде сөйлей білу.
2. Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын молайтып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: тілге деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, СТО стратегиясының әдістері («Кубизм», «Араласып кеткен оқиғалар», «Құндылықтар шегі»)
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: суреттер, слайдтар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология, салауаттану.

Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 - 3мин.)
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Оқушылар назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру (5 - 6мин.)
Денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдерді жатқа сұрау.
III. Жаңа сабақ (25мин.)
Жұмбақ жасыру.
Медбике мен дәрігер
Таң сәріден жұмыс істейді.
Бар көмегін аямай
Ауруларды емдейді.
Кім айтады
Бұл қай жер?
(Емхана)
"Кубизм" әдісі арқылы "Емхана" туралы оқушылардың не білетіндігін анықтау.
«Кубизм» (Текше)
1. Суреттеу
2. Салыстыру
3. Қолдану
4. Талдау
5. Қарсыласу
6. Ассоциация

Сөздікпен жұмыс.
емхана – поликлиника
ауыру – болеть
барлық – все
мән бермеу – не обращать внимание
өкіну – сожалеть
дәрігер – врач
тұрмыстық жағдай – бытовые условия
экологиялық қолайсыздық – экологические неудобства
сарапшылар – эксперты
дерек – факт
өмір салты – образ жизни
қоршаған орта – окружающая среда

Кітаппен жұмыс.
1 - тапсырма. Мәтінді 3 топқа оқыту.
Мәтінмен жұмыс (сұрақтар қою)
2 - тапсырма. Диалогті рөлге бөліп оқыту.
Мәтінмен жұмыс (сұрақтар қою)

Диалогті көрініс ретінде қою.

«Араласып кеткен оқиғалар» (2 - тапсырма бойынша).
Мәтін бөліктерін араластырып беру арқылы мәтінді меңгергенін анықтау.

Жағдаят. Әр топқа бір - бір жағдаяттық сұрақтар беру.
1. Үйде інің екеуің ғана, сенің ініңнің қызуы көтеріліп, ауырып жатыр. Сен не істер едің?
2. Сен досыңмен бірге серуендеп келе жатырсың, кенеттен досыңның басы айналып, құлап қалды. Сенің іс - әрекетің?
3. Сен тұмаумен ауырып қалсаң, қандай тағам түрлерін жейсің?

3 - тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құраңдар.
Үлгі: Адамның қайта - қайта басы ауруы, оның ой жұмысына кері әсерін тигізеді.
Басы ауру, ыстығы көтерілу, дәрігерге тіркелу, дәрі - дәрмек алу, емханаға бару, денсаулық, қоршаған орта.

4 - тапсырма. Емханада сырқатыңа байланысты кімге баратының туралы сөйлемді толықтырыңдар.
1. Жүрегің ауырса,... көрін.
2. Тісің ауырса,... бару керек.
3. Тұмауың болса,... бару керек.
4. Көзің ауырса,... бар.
5. Құлағың ауырса,... бару керек.
6. Дәрі керек болса,... бар.
7. Емделсең,... жазыласың.
8. Жазылсаң,... шығасың, сабаққа барасың.
Керекті сөздер: кардиологқа, терапевтке, лорға, дәріханаға, тіс дәрігеріне, окулистке, жұмысқа, тез.

IV. Жаңа сабақты бекіту (7 - 8мин.)
5 - тапсырма.
а) Жіктеңдер.(1 - топ)
Мен емханада ем аламын. Біз ___________________
Сен __________________ Сендер __________________
Сіз __________________ Сіздер __________________
Ол __________________ Олар ___________________
ә) Сөздерді тәуелдеңдер.
2 - топ. 3 - топ.
Менің дәрігерім денсаулығым
Сенің _____________ ____________
Сіздің ____________ ____________
Оның _____________ ____________
Біздің _____________ ____________
Сендердің _____________ ____________
Сіздердің _____________ ____________
Олардың _____________ ____________

V. Үй тапсырмасы:
191 - бет, 6 - тапсырма.

VI. Сабақты қорытындылау (5мин.)
«Балалар, өз денсаулықтарыңды қанша пайызбен бағалар едіңдер?» сұрағын қойып, 100 пайыз деп атаған балаларға одан төмен пайыз атағандарға кеңес бердірту.

VII. Білімді бағалау (3 - 4мин.)
Үй тапсырмасы бойынша, жаңа сабақты өту барысында белсенді болған оқушыларды бағалау.
14 158
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Ұлттық киімдер
Ұлттық киімдер
Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Қос сөздер. Денсаулық
Қос сөздер. Денсаулық
Денсаулық тақырыбына жинақтаған білімдерін толықтыру, пысықтау, жүйелеу. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту. Ой - өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту
Сан есімнен қайталау. Емханада
Сан есімнен қайталау. Емханада
Сөздікпен танысу: емхана - поликлиника Ауыру - болеть Барлық - все Мән бермеу - не обращать внимание Өкіну - сожалеть Дәрігер - врач Тұрмыстық жағдай - бытовые условия
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Денсаулыққа зиянды әдеттер. Жинақтық сан есім
Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу
Математиканы пайдаланып табиғатты зерттеу
Аягөз аудандық білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ бастауыш пән мұғалімі Ожанова Айғаным Сымбатқызы
Атам мен әжем
Атам мен әжем
Атам мен әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×