Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Қазақстаным

28 наурыз 2013, Бейсенбі
Менің Қазақстаным (презентация түрінде)
7 орыс тілді сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның даму тарихы, мәдениеті, жер байлығы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, сөйлеу мәдениетін, тілін дамыту.
Тәрбиелік: Елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту; жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Сабақтың әдісі: Интерактивті әдіс, СТО элементтері, іздену, ой қозғау.
Сабақтың формасы: Топпен жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы:Тарих, әдебиет, география
Сабақтың көрнекілігі: Интерантивті тақта, тірек сызбалар, суреттер, ақ парақтар мен түрлі - түсті қаламдар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарын тексеру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау
1. Қазақ тілі туралы даналық сөздер оқып келу
2. Оқушылар тест сұрақтарына жауап береді.
1. Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» Заң қашан қабылданды?
А) 10 ақпан 1998 жыл
В) 11 шілде 1997 жыл
С) 12 қыркүйек 1991 жыл
Д) 15 қараша 2007 жыл
2. Қазақ тілі қай жалы мемлекеттік мәртебесін алды.
А) 1989 жылы
В) 1998 жылы
С) 1991 жылы
Д) 2000 жылы
3. Тілден артық..... жоқ,
Тілден артық..... жоқ. Керекті сөзді табыңдар
А) Байлық, асыл
В) Қазына, қасиет
С) Ата, ана
Д) Ақыл, өнеге
4. «Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры» кімнің сөзі?
А) Н. Ә Назарбаев
В) Ә Тәжібаев
С) А. Жұбанов
Д) Б. Момышұлы
5. «Тіл туралы» Заң неше тараудан тұрады?
А) 5 тараудан
В) 10 тараудан
С) 7 тараудан
Д) 15 тараудан

І. Кезең. Ой қозғау.
Оқушыларды топқа бөлу. Әр топ халыққа қандай еңбек атқаратындығын түсіндіреді.
І топ: Ғалымдар тың жаңалықтар ашады
ІІ топ: Ақын - жазушылар халықтың ой - арманын өз туындылары арқылы жеткізеді
ІІІ топ: Саясаткерлер еліміздің мәселелерін шешіп отырады
- Балалар, мен сендерге өлең оқимын, ал сендер не туралы айтылғандығы жөнінде тыңдап отырыңдар.
Мен оның күнін сүйем, түнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем,- деп М. Мақатаев ағамыз айтқандай өлең не туралы? (Отан)
- Отан туралы мақал білесіңдер ме?(Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.)
- Қазақ елінің отаны қалай аталады? (Қазақстан)
- Балалар, Қазақстан дегенде ойларыңа қандай сөздер түседі?

Топтау стратегиясы
- Бізді Отанымыз, ата мекеніміз - Қазақстан Республикасы. Біз бәріміз өз Отанымызды шексіз сүйеміз. Меніңше, өз Отанын, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Қанша ұлы адамдар, ақындар, сазгерлер сүйікті Отанына тамаша әндер, өлеңдер арнаған. Олай болса, сендер Отанымыз туралы не білесіңдер?

Дамыту картасы.
Әр топ таратылған парақтың бірінші бағанын толтырады.
Не білемін? Не білдім? Не білігім келеді?
+

ІІ Кезең. Жаңа сабақты меңгеру
Әр топ өздері дайындап келген мәліметтерін баяндайды. Оқушылар дайындап келген мәліметтерін слайд көрсету арқылы айтып береді
І топ: Қазақстанның даму тарихы мен рәмізі туралы мәлімет жинау.
• 1989 жылы
• 1991 жылы
• 1992 жылы
• 1995 жылы
• 1998 жылы

1989жылы Қазақ тілі өзінің мемлекеттік мәртебесін алды
1991 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды
1992 жылы Қазақстан Республикасының рәміздері қабылданды
1995 жылы Ата Заң қабылданды
1997 Жылы Қазақстанның астанасы Ақмола болды
1998 жылы Ақмола Астана болып өзгертілді
[
ІІ топ: Қазақстан өңірі мен жер байлығын зерттеу
«Қай өңірде не өндіріледі?»
Атырауда - мұнай
Таразда - қызылша
Оралда – газ өндіреді
Қызылордада - күріш өсіреді
Павлодарда - трактор шығарады
Шымкентте - мақта, қызылша өсіреді
Қарағандыда - көмір, мыс, күміс шығады

ІІІ топ: Қазақстанның мәдениеті, ұлттық құрамы туралы мәлімет жинақтау. Қазақстанда 131 – ден астам ұлт пен ұлыстар тұрады. Республика халқының жалпы санында қазақтар - 58, 9%, орыстар - 25, 9%, басқа этностар - 15, 2%.
Дорбадағы сөз маржаны
Шаңырақ - киіз үйдің жоғары бөлігі
Тұлпар - жүйрік, жылқының ерекше түрі
Болашақ - алдағы уақыт, келешек
Достық - тілектес қарым - қатынас
Пайдалы қазба - отқа жанатын, қара түсті органикалық зат

ІІI Кезең. Сабақты бекіту
1. Дамыту картасы.
Әр топ қолдарындағы парақтың екінші бағанын толтырады.
Не білемін? Не білдім? Не білігім келеді?

2. Әр топқа рөлдік тапсырма беру
“Таңдау”рөлі. Сөз тіркесін сөз құрамына талдау. Қасиетті жер, өзге ұлт өкілдері
“Бәрі”рөлі. Сөйлем мүшесіне алдау. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің Ата Заңы қабылданды.
“Сенім”рөлі. Мақалды аудару Жат елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
“Өкіл”рөлі. Дыбыстық талдау. Тәуелсіз, атамекен
3.“Қазақстанның даму жолы” тақырыбында әр топ жоба қорғайды. Бұл жобаны параққа сызып, топ мүшесі қорғайды

ІV. Кезең. Сабақтың қорытындысы
«Қазақстан Республикасы» тақырыбында эссе жазу.
Дамыту картасы.
Әр топ қолдарындағы парақтың үшінші бағанын толтырады.
Не білемін? Не білдім? Не білігім келеді?

Үй тапсырмасын беру
Әр топ «Менің Қазақстаным» тақырыбында
І топ: Ғалымдар тобы зерттеу жүргізеді
ІІ топ: Ақын - жазушылар тобы мақал - мәтел жаттайды
ІІІ топ: Саясаткерлер тобы баяндама жасайды
Мұғалімнің сөзі:
Жалғыз Отан - қасиетті мекенім,
Дүниеде бір өзіңе жетер кім?!
Кіндік кескен, бабам өткен, туған жер,
Мәңгі сені жырлауменен өтермін.

Өз елімнің кірпіші боп қаландым.
Бойымда ыстық алашымның қаны бар,
Тумысымнан қазақ болып жаралдым.

Ей, туғандар, қастерлейік байрақты,
Қазақпыз ғой қайыспайтын қайратты.
Бұзылмасын шекараның қаймағы,
Қазақстан - елім менің айбатты

Оқушылардың жұмысын бағалау
Оқушыларды бағалау парағы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Тәуелсіз Қазақстан - жарқын болашақ жолында
Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Қостанай облысы, Рудный қаласы, "№10 мектеп - гимназиясы"КММ – нің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі Кужамратова Жансауле Ролифовна
Мен қазақша сөйлеймін
Мен қазақша сөйлеймін
Өскемен қаласы, "№26 орта мектебі" КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рахимова Арайлым Сабикановна
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Іскерлік ортада сөйлеу мәдениеті
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Бөгетсай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маханалина Багдагул Разакбергеновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×