Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Демеулік шылаулар

29 наурыз 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Демеулік шылаулар.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік - демеулік шылаулардың мәнін, қызметін түсіндіру;
ә) дамытушылық — теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту, ойын жинақтай білуге, нақты жеткізуге дағдыландыру;
б) тәрбиелік — Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Оқыту формасы: сыни тұрғыдан ойлауды дамыту.
Әдіс - тәсілдері: СТО стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: кесте - сызба, үлестірмелі карточкалар, жұмбақтар. Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.
б) Журнал бойынша түгелдеу.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерін тексеру.
ә) Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
б) Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Демеулік шылаулар демеуліктер деп аталады. Олар өз шылауында тұрған сөзге не сөйлемге күшейту, тежеу, шектеу, сұрау, болжалдық, күмән сияқты қосымша мағына үстейді., бірақ септеуліктер мен жалғаулықтар сияқты сөздерді де байланыстыра алмайды. Мысалы: Алдымда толған мақсат, толған таңдау. Алайын мынасын ба, анасын ба? Бұл сөйлемде ба демеулігі сөйлемге сұрау мағынасын үстеп, мынасын және анасын сөздерімен ғана тіркесіп тұр. Бірақ бұл сөз байланыстыру қызметін атқармайды. Демеуліктер орыс тіліндегі «частицы» деген көмекші сөздерге сәйкес келеді.
Демеуліктер негізгі сөзге (сөйлемге) үстейтін мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше.
2. Күшейткіш демеуліктер: - ақ, - ау, - ай, әсіресе, да, де, та, те. Да (де, та, те) шылауы күшейткіш мәнді білдіріп, бірде демеулік болса, бірде бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді ыңғайластыра байланыстырып, жалғаулық шылау қызметін атқарады. Мысалы: Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан. Бұл сөйлемде де шылауы — демеулік, ол сен сөзіне күшейту мәнін үстеп тұр, бірақ оны басқа сөзбен байланыстырып тұрған жоқ. Ал та шылауы — жалғаулық, ол тап және бар, қалан деген бірыңғай баяндауыштарды ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр.
3. Шектік (тежеу) демеуліктері: ғана, қана, тек, кейде, - ақ.
4. Болжалдық демеуліктер: - мыс, - міс, кейде, - ау.
5. Болымсыздық немесе қарсы мәнді, салыстыру демеуліктері: түгел, тұрсын, тұрмақ.
6. Нақтылау мәнді демеуліктер: қой, ғой, - ды, - ді, - ты, - ті.
1. Ой қозғау, Жуынам деп жазған - ай, Күннен күнге азғаны - ай. (сабын)
Қалтаңда жатыр, тісі бар,
Тістемей - ақ істер ісі бар. (тарақ)
Осы жұмбақтар ішінен шылауларды табу.

2. Мағынаны ажырату.
1. Тақтаға мына сөйлемдерді жазғызып (дәптерге де жазады), шылауларды тауып, қандай мағына үстеп тұрғанын айту.

1. Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Өлеңі бірі - жамау, бірі - құрау.
Әттең дүние - ай, сөз таныр кісі болса,
Кемшілігі әр жерде - ақ көрініп тұр - ау. (Абай).
2. Бүгінгі күні қазақ халқы қандай тұрмыста тұратынын, қалай еңбек ететінін көрер ме еді солар. (Ғ. Мүсірепов).
3. Мұның да себебі бар - ды. ("Қ - М.")
4. Әкесіне жақынырақ барды.
5. Ажал — ақымақ үшін алтау, ақылды үшін біреу. (Мақал - мәтелдер жинағы).
6. — Билер ше? Бидің де бәрі жемтіктес пе? (М. Әуезов)
7. Әлде бір себеппен діңгекке тығылған Ботагөз болар ма?
(С. Мұқанов).
8. Ағашты ұзын кеспе.
9. Біз болсақ міне,
Күні мен түні,
Жиғанымыз — дән,
Айналамыз толған ән...
Абырой да, бақ та, атақ та, даңқ та, ерлік те, жеңіс те — барлығы осы егісте. (А. Тоқмағанбетов).
10. Кешегі өткен ер Әбіш Елден бір асқан ерек - ті. Жүрегі жылы, бойы құрыш, Туысы жаннан бөлек - ті. (Абай).

2. Оқулықпен жұмыс.
Алғашқы орындалатын тапсырманы ауызша түрде орындау
331 - жаттығу.
1 - тапсырма: демеуліктерді тауып, қай сөзбен бірге жұмсалғанын және оған қандай мән үстеп тұрғанын көрсету.
332 - жаттығу
2 - тапсырма:
Демеуліктерді тауып, оларды мағынасына қарай талдап, емлесіне назар аудару. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құру.

3. Топтастыру стратегиясы. Кесте - сызба
► Сұраулық
► Күшейткіш
► Тежеу
Демеуліктер
Қарсы қою, салыстыру Көңіл - күй Күмән Қомсыну

4. Кубизм стратегиясы.
Кубиктің 6 бетіне жазылған сұрақтар бойынша демеулік шылаулардың алты түрін атап, оған қандай сөздер жататынын айтады.

5. Еркін жазу стратегиясы.
Демеулік шылауларды қатыстырып мысалдар жазыңдар, мақал - мәтел сөз болса тіпті жақсы, сөйлемнің мағынасын түсіндіру барысында шылаулардың мәніне тоқталу.

3. Ой толғау.
Оқушыларға демеуліктердің мынадай 8 түрлі өзіндік белгісін таныттық.
1. Демеуліктер сөйлемнің мағынасын өзгертеді.
2. Интонациясын өзгертеді.
З. Өздері тіркескен сөздеріне сұраулық, күшейткіш, тежеу, қарсы қою, көңіл - күй, күмән, қомсыну секілді қосымша мағыналық реңктер үстейді.
4. Демеуліктердің де бұрын толық лексикалық мағынасы болған.
5. Бірқатары етістіктен, бірқатары одағайдан пайда болған.
б. Демеуліктердің лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым.

7. Демеуліктер өзге көмекші сөздер секілді сөз бен сөз, сөйлем мен сөйлем арасындағы грамматикалық байланысты білдірмейді. Ол өзі тіркесетін сөзге, сөйлемге қосымша реңктер береді.
8. Демеуліктер өздеріне қатысты сөздердің жетегінде (септеулік секілді), соңында тұрады.
Оқушылар талданған мысалдарға сүйеніп, демеуліктерге мынадай анықтама береді: "Демеуліктер — өздері тіркесетін негізгі сөздерге күшейту, тежеу, сұрау, қарсы қою, салыстыру, түрлі көңіл-күйді білдіретін қосымша мағыналық қызмет атқаратын көмекші сөздердің бір түрі".

"Зарядтар"ойыны. Мұны екі түрлі жолмен ойнау. Ойынның шарты бойынша кестеге 7 сөйлем жазылған. Оларда 7 түрлі демеуліктердің мақсаты ашылған. Әр сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті демеулікті тауып жазу. 7 оқушының омырауына демеуліктердің түрлері жазылып, қадалады. Біреуіне сұраулық демеуліктер, екіншісіне күшейткіш демеуліктер т. б. Тақтаға демеуліктердің 7 түрі шығып тұрады. Олардың омырауларында демеуліктердің қай түрі екендігі жазылған. "Сұраулық демеуліктер, жолға шығындар!" дегенде сұраулық демеуліктердің қатарына қолында - ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе, - та, - те демеуліктері бар екі бала келіп тұрады, қалғаны да солай.
Егер кімде - кім демеуліктерді дұрыс білмейтін болса, ол ойынның шартын бұзған болып, ұтылады. Кінәлі оқушыға талап қою.
1. Демеуліктердің 7 түрін сабақтың соңына дейін жаттау.
2. Соңғы газет - журналдардан өзіне ұнаған мақаланы шылау сөздерді қатыстырып мазмұндап айтып беру.

7. Сабақтың қорытындысы.
8. Бағалау
9. Үйге тапсырма: 334 - жаттығу. Шылауларды мағынасына қарай топтап, түрлерін ажырату, олардың емлесін есте сақтап, мәтінді шығармашылық диктант түрінде жазу.
87 868
0
  • 80
3 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Қазақ тілінен күнделікті жоспар. Жинақтық, болжалдық сан есімдер.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу, қаншау деген Сұрақтарға жауап береді. Бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге - ау, - еу жүрнағы жалғану арқылы жасалады.
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы. Күнделікті сабақ жоспары
Мәтін және сөздің мағынасы жайлы толық мәлімет бере отырып олардың ой - пікірін қалыптастыру. Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған
Алғы сөз Бұл тест жинағы орыс мектебінің 7 - сыныптарына арналған. Әр модульдан кейінгі нәтиже сабақтарына қосымша. Тест 7 - сыныбының ХХІІІ модуліне екі нұсқадан тұрады: грамматикалық тестер, тақырыптық тестер, лексикалық тестер. Тест сұрақтары
Демеулік шылаулар
Демеулік шылаулар
ШҚО, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қалиясова Әсем Манатқызы
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сабақтың тақырыбы: Сөздердің байланысу тәсілдері Білімділік: оқушыларды сөздердің байланыстыру тәсілдерімен таныстыру. Сөздердің байланысу тәсілдері туралы алған білімдерін ауызша, жазбаша жетілдіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×