Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктемгі ауа райы. Етістіктің шақтары

01 сәуір 2013, Дүйсенбі
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сауаттылыққа білімділікке үйрету, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Көктем туралы білімдерін жинақтап, сөйлеу әрекетін дамыту, сөздік қорын молайту. Ойлау қабілетін дамытып, ойын жүйелі түрде жеткізуге үйрету.
Тәрбиелік: Қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушыларды отаншылдыққа, адамгершілікке, туған жерін, тілін сүюге тәрбиелеу. Табиғатты қорғауға, аялауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, жеке - топтық жұмыс,
суретпен жұмыс.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа сабақ:
а) Кіріспе
б) Сабақтың барысын, мақсатын айту
1. Жұмбақ шешу.
- Балалар, мен сендерге жұмбақ айтайын, ал сендер шешуін табыңдар.
Қар еріп су ағады,
Сарқырап сайға толады.
Күн ұзарып жылиды,
Бұл қай кезде болады?
- «Көктемде»
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, бұл көктемде болады. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

Көктемгі ауа райы
Етістіктің шақтары
Біздің бүгінгі сабақта қойған негізгі мақсатымыз:
1) Көктем туралы білетіндерін жинақтай отырып ойымызды жүйелеп айту.
2) Сөйлеу әрекетімізді дамыту.
3) Сөздік қорын молайту.
4) Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол – Саяхат сабағы.
- Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болу керек?
- Карта.
- Дұрыс айтасыңдар, ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
1 - аялдамамыз.
1. Әңгімелесі тобы (Сұрақ - жауап)
2. Келесі аялдамамыз.
Сөз сыры мұражайы.
Айлардың шығу тарихы.
- Балалар, әр айдың өзінің шығу тарихы бар. Көктем айларының тарихы нені білдіреді?
Наурыз – көктемнің бірінші айы. Парсыша «нау» - жаңа, «руз» - жыл деген сөзді білдіреді. Оны халық «Ұлыстың ұлы күні» деп құрметтейді.
Сәуір – көктемнің екінші айы. Бұл айда күн күркіреп, найзағай жарқырайды. «Сәуір болмай, тәуір болмас» деген мақал бар.
Мамыр – көктемнің үшінші айы. Бұл айда құстар ұя жасап балапан шығарады. Мамыр тоқшылық деген ұғымды білдіреді.

3. Келесі аялдамамыз.
Сөздік алқабы.
1) Сабаққа байланысты жаңа сөздермен таныстыру.
2) Мағыналарын түсіндіру.
3) Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.

4. Келесі аялдамамыз.
Сөйлем көлі. Сурет бойынша жұмыс.

5. Келесі аялдамамыз.
Грамматика тауы (Етістіктің шақтары)

III. Грамматикалық тақырыпты бекіту. Тапсырмалармен жұмыс
Тақтамен жұмыс.
Жарқырайды деген сөзді үш шақта жіктеу.

6. Келесі аялдамамыз.
Сөйлесу. Оқулықтағы мәтін бойынша диалог құрастыру.

IV. Сабақты қорыту.
1) Етістіктің шақтары, олардың жасалу жолы.
2) Көктем туралы сұрақтар.

V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма. 108 - бет 3 - тапсырма
6 799
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Көктем. Нәтиже сабақ
Көктем. Нәтиже сабақ
ШҚО, Риддер қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ергасымова Акмарал Турсынгалиевна
Көктем
Көктем
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №21 орта мектептің мектеп алды даярлық тобының мұғалімі Каракулова Жанар
Көктемгі гүлдер
Көктемгі гүлдер
Қорғалжын ауданы, Дружба орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Рахимжанова Әлия Шортанбайқызы
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Көңілді көктем. Етістіктің шақтарын қайталау
Көңілді көктем. Етістіктің шақтарын қайталау
Жітіқара қаласы, №12 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ерсарина Ләззат Евсейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×