Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күз

03 сәуір 2013, Сәрсенбі
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы: 6 (орыс бөлімі)
Сабақтың тақырыбы: Күз.
Лексикалық тақырыбы: «Күз»
(Тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету)
Грамматикалық тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: « Жалпы жыл мезгілдері» бойынша( төменгі сыныптағы өткенді еске түсіре отырып) қорыту; оқушының оқып үйренген білімдерін тереңдете түсу.
Білімділік: Оқушылардың тілдік қорын кеңейтіп, өз ойын еркін жеткізе білуге үйрету, алған білімдерінің адам өміріне қажетті екенін түсініп, пайдалана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру. Отанды, туған жерді, туған елдің табиғатын қорғауға, қолдауға әдеттендіру. Оқушылардың табиғатқа қызығушылығын арттыру, оны бақылауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөз байлығын дамыту; ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, сызба тіректер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, талдау - жинақтау.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сәлемдесу
ә) ой шақыру тәсілі:
1) Бүгін нешесі?
2) Аптаның қай күні?
3) Ауа райы қандай?
4) Қазір жылдың қай мезгілі?
Интерактивті тақтаға назар аударыңыздар!
1 - кезең: Ой шақыру кезеңі:(4 топқа бөлінеміз) Төменгі сыныпта
Жылдың 4 мезгіліне тоқталғанбыз еске түсірейік.
Интерактивті тақтада жылдың 4 мезгілінің суреттері шығады. Сол суреттермен тіл дамыту жұмыстарын жүргізейік.
Тапсырмалар.
1 - топ
1. Аязды болады, күн суытып, бұл кезде.
2. жауады, қар.
3. мейрамын, жаңа жыл, бүкіл әлем, тамашалайды.
2 - топ
1. жылынады, күн.
2. жылы, құстар, жақтан, келеді, ұшып.
3. Аналар мерекесі, наурыз мерекесі, ынтымақтастық мерекесі, жеңіс мерекесі өтеді бұл кезде.
3 - топ
1. Ұзақ, күн, болады, түн, қысқа.
2. шомылады, өзенде, балалар.
3. Шығады, демалысқа, балалар.
4 - топ
1. Болады, ауа райы, салқын.
2. Піседі, жидектер, жеміс
3. кетеді, жаққа жылы, ұшып құстар.
2 - кезең: «Күз» ауылына саяхат.
Ал, енді балалар тыңдаңыздар!
Алмұрт, алма, шие, алша
Жидек, жүзім піседі.
Байтақ дала, шабылады пішені,
Қырман дәнге толады.
Балаларым, айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?

3 - кезең: Сөздіктер еліне саяхат
Суытты - похолодел
Жиі - часто
Сарғайды - пожелтели
Қата бастады - замерзать
Тынышталды - затихло

4 - кезең:
Мәтінмен жұмыс.
2 - тапсырма
Мәтінді оқып, күз мезгілінде қандай өзгеріс болатынын әңгімелеп айтыңдар.
Күз.
Қоңыр күз басталды. Күн суытты. Жаңбыр жиі жауатын болды. Жел күшейді. Ағаштың жапырақтары сарғайды. Ағаштар жапырағынан айырыла бастады. Құстар жылы жаққа ұшып кетті. Өзендер қата бастады. Аңдар да өздеріне ін қаза бастады. Орман іші тынышталды. Қыстың белгісі білінді.
Мәтін бойынша сұрақтар.

Күзде қандай өзгерістер болады?
Оны неден байқауға болады?
Аңдар қайда кетті?
Ненің белгісі біліне бастады?
Етістік( қайталау.)
Мәтіннен етістіктерді тауып айт.
5 - кезең
Тілмаштар еліне саяхат.

Күзде (Осенью)
Наступила осень. Пожелтели листья, завяли цветы. Часто идут дожди. Надо быстро убирать урожай. Люди трудятся, не жалея сил. В садах и огородах собирают фрукты, овощи. Дети помогают родителям собирать урожай.
Сергіту сәті:
Ұшты - ұшты
Ұшты - ұшты арба ұшты.
Ұшты - ұшты қарға ұшты.
Ұшты - ұшты сырға ұшты.
Ұшты - ұшты тырма ұшты.
Ұшты - ұшты дәптер ұшты,
Ұшты - ұшты кептер ұшты.
6 - кезең
« Сауаттылар еліне саяхат»
Төмендегі сөздерден қателерді табу.
Байшешек -
Науруз -
Жамбыр -
Мерека -
Мезгул -
Жапырак -
7 - кезең:
Демалайық, ойнайық, қандай тапсырма болса да, шешпей оны қоймайық..
Тақтада күздің суреті, ал үстелдің үстінде жеміс - жидектердің суреті. Ал, енді оқушылар, біз қазір жәрмеңке көрмесіне барамыз. Бұл жәрмеңкеде әр түрлі жеміс - жидектер, көкөністер сатылады. Қай топтың сөздік қоры тақырыпқа сай көп болса, сол топ жеңіске жетеді.
Екі топқа бөлінеміз.
Жұмбақтар.
Жазда жайнайды, күзде жайрайды.
Летом цветет
Осенью опадает.
Ұшып қонған, гүл үстінде
Сабағы жоқ гүл көрдің бе?
Над цветком, цветок
И порхает, и порхает.
Енді баламасыз шешіп көрейік!
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
Іші жұмсақ, сырты - қатты,
Еті - қызыл, сүті тәтті.
Жаңылтпаштар
Алақай, алақай
Қуанды балақай,
Қыс кетті,
Құс кепті.
Мақал - мәтелдер
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Не ексең, соны орасың.
Әрі ойын, әрі оқу.
Табиғатқа байланысты аудармасы ұқсас сөздерді анықтау.
Читать слова, созвучные с переводами и определить слова относящие к природе.
Оценка - баға
Берег -
Мальчик - бала
Степь -
Нация - ұлт
Туча -
Піл - слон
Үйеңкі -
Бор - мел
Шырша -
Правильно – дұрыс
Перец -
Пыль - шаң
Утро -
Бумага - қағаз
Мороз -
Победа - жеңіс
Фрукты -
8 - кезең: Бекіту
1) Күзде ауа райы қандай болады?
2) Табиғатта қандай өзгерістер болады?
3) Күз айлары қалай аталады?
4) Оқу жылы қай айдан басталады?
5) Күзде адамдар қалай киінеді?
Үйге тапсырма
Бағалау.
5 930
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
Дүниетану пәнінен сабақ жоспарлары
ДҮНИЕТАНУ Дүниетану. 2 - сынып № 1. Тақырыбы: Адам өміріне не қажет? № 2. Тақырыбы: Адам өміріне ең қажетті жағдайлар.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерісрері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×