Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі

04 сәуір 2013, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Т. Әбдіков «Қонақтар» әңгімесіндегі ұрпақ тәрбиесі
Сабақтың мақсаты: әңгіменің идеясын таныту, оқушылардың көркем шығарманы оқи отырып, сыни тұрғыдан талдауға өз көзқарастарын білдіре алуын, сөйлеу мәдениетін, ой түюге баулу қабілеттерін шыңдау, адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
1. Ұйымдастыру.
2.. Сабаққа кіріспе
«Ой шақыру» стратегиясы бойынша сыныпқа төмендегіше сұрақтар қойдым
1. Әңгіменің «Қонақтар» деп аталуында қандай сыр бар?
2. Сапабектердің қонақтардан қандай айырмашылықтары бар?
- Оқушылар қонақтың мейман екендігін, қарттардың өз бала - келіндерінің өздеріне «қонақ»ретінде келіп - кеткендіктерін, сондықтан да шығарманың осылай аталып тұрғанын айтып өтті.
3.- Автордың көзқарасын, оқушылар ойларын мәтін мазмұны арқылы дәлелдеген соң, «Блум жүйесі» стратегиясы бойынша мәтінге анализ - синтез жасау үшін сабақ жоспарына сай әр бөлімдегі түйінді ойды тапқызып, сатылай кешенді талдау сызбасы үлгісімен орналастырттым.
1. Балаларын күткен қарттар
Тапсырма: мәтіннен сәйкес тұстарын тауып оқып, түйінді ойды белгілеу. Оқушылар жоспарға сәйкес абзацтарды мәтіннен тауып оқып, түйінді ойды Сағыныш деп алды.
2. Терең ой
Тапсырма: Екі қарттың терең ойға берілген тұстағы диалогын оқып, түйінді ойды табу. Оқушылар диалогты тауып оқып, түйінді ойды «Жалған дүние» деп белгіледі.
3. Өткен күндер елесі
Тапсырма: видеосюжеттегі ой мен мәтіндегі ойдың ұқсастығын ұғыну, шығарманы тану, түйінді ойды табу. Екі қарттың да ойлары бірдей, туған жерге деген перзенттік махаббат. Сондықтан сол сүйіспеншілік сезім «Атамекен»деп танылды.

4. Қара шаңырақ
Тапсырма: Қара шаңырақтағы үлкен сезім, түйінді ойды табу, афоризмді белгілеу. Оқушылар мәтінде берілген «Қуанғанмен қорыққан бірдей» афоризмін тауып, сол сәтте қарттардың үлкен қуаныш сезімінде болғандығын айтып, түйінді ойды Қуаныш деп тапты.

5. Қитар немере, томаға тұйық келін, түсінігі бөлек ұл
Тапсырма: сәйкесті абзацтарды тауып оқу, халқымыздың нақыл сөздері арқылы ой қорыту. Кейіпкерлердің іс - әрекеттерін мәтіннен тауып оқи отырып, «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада», «Ананың ойы ұяда, баланың ойы қияда»тәрізді нақыл сөздерді автор ойымен байланыстырып, қарттардың ниетіне сай балалардан іс - әрекет байқалмады деп, түйінді ойды Үзілген үміт деп алды.

6. Ауылдан аттанған жолаушылар
Тапсырма: әңгіме шешімінен ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, түйінді ойды белгілеу. Оқушылар мәтіннен әңгіме шешімін оқи отыра, ауыспалы мағынадағы сөздерді тауып, түйінді ойды «Құлазыған көңіл»деп тапты.

3. Анықталған түйінді сөздер мағынасын «Екі жақты түсініктеме күнделігіне» толтыру тапсырылды.
- Оқушылар «Екі жақты түсініктеме күнделікті» толтыру арқылы анықталған түйінді сөздердің мән - мағынасын қысқаша былай деп ашты яғни, атамекен біздің туған жер алтын бесігіміз болса, қалғандары өмірдің бір сәттері екен.

4. Әр адамның өзінің биік мақсаты, ұстанымы, көзқарасы болады. Автордың көзқарасымен біз таныспыз. Енді оқушылар көзқарасын «Айдарлар құру стратегиясы» бойынша топтастырдым. Кестені оқушылар әдеттегіше 5 балдық жүйемен толтырып шықты. Кестені қарай отыра оқушыларды сөйлеттім.
Оқушылар жұмысын сараптағанда олардың ойының әртүрлілігі, біреулері қартты жақтаса, біреулері Сапабектің де бағыты дұрыс, қазір ауылда жұмыс жоқ, ол - оқыған, білімді, ал білімділер Қазақстанның болашағы деген пікірді, немерені қалдырмаудың да дұрыстығын, тау баласының тауға қарап өсетіндігін, ауылда балабақшаның жоқтығын т. б. дәлелдеп пікір қосты. Әрине, көзқарастар әртүрлі, дұрыс - бұрыс деп бөле айтуға болмайды, сондықтан теледидар бағдарламаларының бірінен үзінді көрсетілді, тақырыбы мен әңгіме желісін еске түсіру сұралды.
- Мүмкін емес, әңгіме желісі - қарттар үйіндегі жағдай. Оқушылар бағдарламаны көргендіктерін, ондағы дендері сау болғанымен жүректері мұң мен шерге толы қариялар туралы ой қозғады, обал, сауап, ұят, иман ұғымдарын сөз етті.

5. Ойдан ой туындайды. Сыныпқа проблемалық сұрақ қойдым:
- Қариялар жасы ұлғайғанда қараусыз қалуға тиісті ме? Оған кім кінәлі?
- Оқушылар саналы, мейірімді, қайырымды, обал - сауап, борыш - қарыз деген ұғымдарды сезіне білетін парасаттылықтың әр адамға керекті қасиет екендігіне тоқталды. Сонан соң
6.«Ортада қаламсап» стратегиясы бойынша «Шын жүректен шыққан сөз» айдарымен әңгімедегі түйінді ойларды жинақтап, дәптерге жаздырдым. Олар: «Үлкенге құрмет, кішіге ізет», «Ата балаға сыншы», «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер»т. б.

7. Қорытынды:
Дана халқымыз ұрпақтарына мұра етіп қалдырған асыл сөздерін санаға сіңіріп, «Ата - ананы сыйлау - адамзаттың парызы» деп бекер айтпаса керек. Өмір болған соң қуанышы мен қайғысы қатар жүреді емес пе? Тек бір өкініштісі - адамдардың осындай олқы оқиғаларды қолдан жасауы. Қоғамда орын алып жатқан кей әрекеттерді адам жасады дегенге сенгің де келмейді. Себебі, қазақтың, қазақилықтың сипаты - бауырмалдығында, қонақжайлылығында, «үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» кісілігінде. Кісілік қасиетіміз әрқашан да биік болғай.
8. Бағалау
9. Үйге тапсырма: «Қарт адам - қазына» шағын әңгіме не ойтолғау жазып келу.
36 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі
Қазақтың белгілі жазушысы әрі қоғам қайраткері Төлен Әбдіковтың «Қонақтар» әңгімесі бойынша алған білімдерін бекіту, прозалық шығарманы талдауға дағдыландыру;
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Ш. Мұртаза «Тұтқын бала». Бала Тұрар бейнесі
Бала Тұрар бейнесін жан – жақты ашу. Сыни ойлау көзқарасын дамыта отырып, әңгіменің мағынасын түсіну, өздігінен жұмыс істеуге, оқығаннан қорытынды шығаруға, байланыстырып сөйлеуге дамыту. Есте сақтау мен дүниетанымын кеңейту.
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі «Көп күттірген қонақтар». Әдеби жанр түрлеріне даму барысында жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Төлен Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №163 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бабаджанова Ақжарқын Өсербайқызы
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Әбіш Кекілбаев "Тасбақаның шөбі"
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі; Шопанбекова Ғазиза Жөкенқызы
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты: 1) Қонақтар әңгімесіне әдеби талдау жасау, тақырыбын, идеялық – көркемдік мазмұнын ашу, оқушылардың білімдерін қазіргі заман үлгілерінен мысал келтіре отырып жүйеге келтіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×