Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Көктемгі еңбек

Сынып: 6
Тақырып: Сөйлеу дағдысын қалыптастырған көктемгі еңбек
Сабақтың мақсаты: оқушылардың көктем мезгіліне деген түсінігін кеңейту, бұл жыл мезгілінің ерекшелігін атап көрсету.
Сабақтың міндеттері: білімділік – жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан – жақты білім беру; дамытушылық – «Жыл мезгілдері», оның ішінде «Көктем» тақырыбында сөйлеу дағдысын қалыптастыру; тәрбиелік - әр жыл мезгілінің өзіндік қадір – қасиеті барын, пайдасын, ерекшелігін айтып түсіндіру.
Түрі: аралас сабақ
Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, кубик
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Кезекші жұмысымен танысу.
- Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші?
- Бүгін нешесі?
- Қандай ай?
- Жылдың қай мезгілі?
- Аптаның қай күні?
- Қазір қандай сабақ?
- Нешінші сабақ?
- Сендер қай елде тұрасыңдар?
- Қандай Республикада тұрасыңдар?

II. Баланың білімін тексеру.
Үй жұмысын тексеру.
- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
5 - тапсырма, 42 - бет
Сурет бойынша шағын әңгіме жазу, әңгімеге ат қою.
- Олай болса үй тапсырмасын тексерейік.
1. Жаңбырлы көктем.
2. Орманда.
3. Бау - бақшада.
4. Базарда.

III. Жаңа сабақ.
- Ал, енді тақтаға қарайық.
Тақтада қай мезгілдің көрінісін байқап тұрмыз?
Осы «Көктем» суреті бойынша әрқайсымыз бір сөйлемнен құрастырып шығайық.
Мысалы: Көктемде құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Бау - бақшада көкөністер, жемістер отырғызады.
Диқаншылар егін себеді.
- Балалар, енді өздерің біліп отырғандай жаңа сабағымызға көшейік.
Сабағымыздың тақырыбы. Көктемгі еңбек. 2 - сабақ. 108 - бет.
Тақтаға қарап, сөздік жұмысын жасап жіберейік.
Мен оқимын, сендер тыңдаңдар:
1. Суару – поливать
Отырғызу – посадить
Сенбілік – субботник
Қазу – копать
Егу – посеять
2. Енді сөз тіркесін жасап, қай сөз табынан екенін анықтайық:
Өсімдіктерді суару.
Ағаш отырғызу.
Сенбілікке шығу.
Жер қазу.
Егін егу
3. – Балалар, енді мәтінімізге кешейік. Мен оқып шығайын сендер тыңдап, мәтінде не болғанын орысша айтып бересіңдер. Орысша өз түсінігін айтып болған соң, азат жолға бөліп оқыту. Әр оқушы өзінің оқыған азат жолын өз сөзімен әңгімелеп береді:
1) Көктемгі ауа райы.
2) Бау - бақшадағы жұмыс.
3) Сенбілікке шығу.
4) Егіс даласында.
4. – Енді, балалар, қазір үш қатарға мынадай тапсырмам бар:
Ақындардың «Көктем» туралы жазған өлеңдерін өздерің құрастырып, рет - ретімен қойыпа, өлең жолдарын шығарыңдар.
Қай қатар тез құрастырып болар екен?
Оқып шығу.
Ұнатамын көктемді мен,
Қарашы кең далаға,
Нұрға толы жасыл дала,
Басталды қызу науқан да.
IY. Дәптермен жұмыс.
2 - тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар:
А1 - деңгей: 1. Көп нүктенің орнына керекті әріптерді қойып жаз.
Ауа рай..., б... лтты, б... ршік, ерте..., күн жыл..., ж... мыс, сенб.. л... к, ағаш б... тақтары, мей... р.. м.
2. Сызбаны толықтыр.
А2 – деңгей: сызба арқылы ай атауларын еске түсіру./ сұхбат құрастыру/
В1 – деңгейі: 1. Сызбаны толықтыр
Көктемгі бас киімдер
Көктемгі сырт киімдер
Көктемгі аяқ киімдер
2. Көктемгі мерекелерді жазбаша түрде толықтырып жаз.
1. 8 - наурыз -.........................
2. 22 – наурыз -......................
3. 1 - мамыр -.........................
4. 9 – мамыр -.......................

В2 – деңгей: 1. Сызба бойынша көктем туралы айтып бер.
2. Берілген сөйлемдерді қазақшаға аударыңдар.
Пришла весна. Дни стали теплее. Началась весенняя работа. Каждый убирает возле своего дома. Чистят арык, убирают мусор оставщиеся с зимы. Лоди одеваются по весеннему. Наш 6 класс посадили вокруг школы деревья. Мальчики рыли ямки, а девочки садили саженцы. Скоро начнутся веснние каникулы.

С1 – деңгей: 1. «Көктемгі ауа райы» тақырыбы бойынша сұхбат құрастыр.
2. Берілген сөздер арқылы сөйлемдер құрастырыңдар.
Жеміс, жидек, ағаштар, өсіру, егу, егін, бидай, жасау, жинау, диқаншы, сенбілік, картоп, жырту, жер, көмектесу, арықтар, отырғызу.
С2 – деңгей: 1. Берілген сызба бойынша «Уақыт» туралы әңгімеле.

Y. 1. « Қытайша десерт» стратегиясы бойынша деңгейлік тапсырмаларын тексеру.
2. Аяқтау немесе қорытынды бөлік. «Соңғы сөзді мен айтайын» әдісі бойынша әр топтан қорытынды пікірлер айтылады.
3. Жұмыс соңында мұғалімнің бастапқы ассоциацияға қайта оралуы арқылы топтастырудың негізді екендігі дәлелденеді.
YIII. Сабақты қорытындылау.(Слайд) I. «Кубизм» әдісі.
3 қатарға қойылатын сұрақтар:
1. Көктемде қандай мерекелер болады?
2. Көктемде ауа райы қандай болады?
3. «Көктем» туралы қандай мақал – мәтел білесің?
4. Өз сыныбыңда «Көктемде» кімдердің туған күні?
• «Көктем» туралы қандай өлеңді жатқа білесің?
• Көктем мезгілі саған ұнайды ма?
YII. Оқулықпен жұмыс.
«Көктемгі еңбек» тақырыбына диалог құрастыру.
Бір бала шығып оқып береді.
IX. Үйге тапсырма:
1. тапсырма. Сөздерді жаттау
2. тапсырма. Әңгіме жазу
18 311
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері өлеңімен таныстыру; Жыл мезгілдері жайлы түсініктерін кеңейте отырып, әр жыл мезгілінің маусымдық өзгерісрері жайлы еркін әңгімелей білуге үйрету; тақырып бойынша білімдерін жүйеге келтіріп пысықтау, тиянақтау.
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балалардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Күз мезгілі жайында түсінік беру. Есте сақтау қабілетін дамыту, тапқырлыққа баулу. Балаларды табиғатты қорғауға, оның сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу
Жыл мезгілдері
Жыл мезгілдері
Балаларға табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді қалыптастыру. Жылдың төрт мезгілін айыра білу дағдыларын бекіту.
Көктемде. Етістікті қайталау
Көктемде. Етістікті қайталау
Ақтөбе қаласындағы №3 орта мектебінің (орыс тілде оқытылатын) қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құлжанова Шарапат Мұхамбет-Рашидқызы
Көктем
Көктем
Қызылорда қаласының №267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Арихова Ләйлә Жәкебайқызы
Үй құстары
Үй құстары
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, №74 ЖББОМ орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Зарубаева Лилия Елеуханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×