Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Манастың балалық шағы

22 қазан 2013, Сейсенбі
Әдебиет
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Манастың балалық шағы

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік мақсат – жырдың мазмұнына тоқталып, жырдың ауыз әдебиетіндегі батырлар жырымен ұқсастығын түсіндіре кету.
2. Дамытушылық мақсат - ой – өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылық ізденіске баулу.
3. Тәрбиелік мақсат – елін, жерін сүюге, адамгершілікке баулу. Адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, салыстыру, сұрақ – жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Көркем әдебиеттер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Кезекші мәлімдемесі
Журнал бойынша түгелдеу

2. Үй тапсырмасын сұрау
Д. Исабековтің «Ата үміті» хикаятын еске түсіру.
Адамгершілік туралы ойларын ортаға салу.

Жаңа сабақ
Манас дастаны – қырғыз халқының дәстүрлі эпосы. Ауыз әдебиетінің тамаша үлгісі, бұл дастан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жырланып, халық есінде сақталуда. Эпос үлкен үш бөлімнен тұрады: Манас жыры, Манастың ұлы Сәметейдің жыры және Манастың немересі Сейтектің жыры.
Дастанның өзекті тақырыбын қытай мен қалмақ дұшпандарына қарсы шайқастар сипаттайды. Ол – тек қырғыз халқының ғана емес, күллі түркі халықтарының тарихы мен салт – дәстүрінен мол мағлұмат беретін энциклопедия тектес мұра. Онда қазақ халқының тарихына қатысты оқиғалар да кеңінен қамтылып отырады. Манасшылар күнді күнге, айды айға қосып жырлайтын алып жырдың көркемдік табиғатына кезінде қазақтың ұлы ғұламалары Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезовтер ерекше көңіл аударып, оның алғашқы зерттеушілері болған.
Сендердің назарларыңа, балалар, Манастың алғашқы ерліктерін бейнелейтін ықшамдалған тарауы ұсынылып отыр. Манастың балалық шағы.
Эпоста Манас атса оқ, шапса қылыш өтпейтін батыр, қара қылды қақ жарған әділ хан бейнесінде көрінеді. Жырда Манас жалғыз емес, оның жанында Ақбалта, Ажыбай, Сырғақ, Шуақ, Бақай, Алмамбет, Ер Көкше сынды батырлардың ерлігі ерекше әспеттеледі.
Манастың анасы Чиырды, құдай қосқан жары, ақылы мен ажары келіскен Қаныкей.

Басталуы: перзентсіз ата – ана, оның хал – жайы, кейіпкердің төтенше жағдайда туу тарихы, жылдам өсуі.
Негізгі оқиға: батырдың елін қорғауы мен ерлік жорықтары, шапқыншы жаумен соғыс, жауды жеңіп, ата – мекеніне оралуы.

Аяқталуы: жеңіс, қуаныш – той, тыныш өмір, батырдың баласының дүниеге келуі, баласының ерліктері.
Манас Манас болғалы, Манас әулие атқа қонғалы оған шақ келер теңдес табылмады. Манас бармақтайынан бақырса, таудағы бұғы біткен үрікті, тоғайдан жолбарыс қашты, қызыл шоқты жалаңаяқ басты, үйдей тасты таудан құлатты, он бестегі баланың қолын ұстағанда сындыра жаздап жылатты. Бала үшке келгенде үлкен Жынды деген атқа ие болды.

Жоспар бойынша тақырыпты ашу.
1. Манастың қырық қырғыз баласымен Алтай тауының бауырына жиналып ойнауы.
2. 8 жасар Манас бастаған ойын балаларына 80 қалмақ, оларды бастаған зор қалмақ баласы қырғыз балаларын кемітіп, мазақ қылып, ұрып – соғуы.
3. Манастың алғашқы батырлық ерлігінің суреттелуі (Оқушыларға мәтіннен тауып, оқыту)
4. Әкесі Жақыптың Манасқа ұрсуы.
5. Қария Ақбалтаның Жақыпқа қайырған жауабы және Манастан күткен үміті.
6. Манастың аты Айманбоз.
7. Манастың жауға шабуы.
8. Қанжарқолды өлтіруі.

Сергіту сәті
Батырлар туралы мақал – мәтелдерді еске түсірейік:
1. Елін сүйген ер болар
2. Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
3. Ел үмітін ер ақтар, Ер атағын ел сақтар
4. Ерлік білекте емес, жүректе.
Интерактивті тақтадан бейнефильм көрсету.
Сабағымызды қорытындылай келе бес жолды өлең жазайық.
1. не?
2. қандай?
3. не істеді?
4. не үшін?
5. жалпы ойды түйіндеу.

Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма: «Манас» жырының балалық шағынан үзінді жаттау.
22 626
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры туралы түсінік. Қамбар батыр жыры
Батырлар жыры -- ауыз әдебиетінің қомақты да асыл мұрасы. Оларда елін сыртқы жаулардан қорғау, елінің, халқының тәуелсіздігін сақтау мұраты басым. Қазақтың батырлар жырларында тарихи оқиғалардың ізі жатыр.
Қобыланды батыр жыры туралы түсінік
Қобыланды батыр жыры туралы түсінік
Қобыланды батыр жыры жайлы толық түрде түсінік беру. ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Әбдіжәміл Нұрпейісов «Балықшылар»
Ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой - пікірін қалыптастыру.
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Қазақ халық ауыз әдебиеті
Тақырыптың маңыздылығымен танысады, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйренеді, тапсырмаларды дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыланады.
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Ш. Айтматов «Ерте келген тырналар» (күнделікті сабақ жоспары топтамасы)
Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру, «Ерте келген тырналар» хикаятын меңгерту.
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Лиро-эпостық жырлар. Қыз жібек
Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Теңіз ауылы Теңіз негізгі мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусина Балдырған Әлиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×