Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оқшау сөздер

09 қараша 2013, Сенбі
Оқшау сөздер.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік. Оқушыларды сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;
ә) Дамытушылық. Теориялық білімді практика жүзінде баяндауға дағдыландыру.
б) Тәрбиелік. Жаттығу жұмыстары барысында адамгершілікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, үлкен - кішіні сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, үлестірме қағаздар, компьютер.

Сабақтың барысы:
І. Кіріспе бөлім.
а) 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2. Сабақ мақсатын хабарлау, күн ретін, тақырыпты жаздырту
3. Тәртіп сақтауды, сабаққа белсенді қатысуды, бір - бірінің жауабын тыңдауды ескерту.

ә) Үй тапсырмасын тексеру.
1. Айқындауыш мүше дегеніміз не?
2. Айқындауыш мүшенің неше түрі бар?
3. Айқындауыш мүшені анықтауыштан қалай айыруға болады?
4. Оңашаланған айқындауыш дегеніміз не? (мысал келтір)
5. Қосарлы айқындауыш дегеніміз не? (мысал келтір)
6. Сөйлем ішінде айқындауыш қандай тыныс белгімен ажыратылады?
7. Бірыңғай мүше дегеніміз не?
8. Жалпылауыш сөздер дегеніміз не?
9. Егер жалпылауыш сөз бірыңғай мүшенің алдынан келсе, қандай тыныс белгісі қойылады?
10. Егер жалпылауыш мүше бірыңғай мүшеден кейін келсе, жалпылауыштан соң қандай тыныс белгісі қойылады?

ІІ. Негізгі бөлім
а) Білімдерін тексеру. (Кесте арқылы оқшау сөздердің түрлерін ажырату)
Мысал -------------------------------------------------------- Қаратпа ----- Қыстырма ------ Одағай
Жігіттер, ертең сынақ болады.
Ұялма, балам, жоғары шық.
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой!
Әрине, оның айтқаны дұрыс.
Тәйт, қалдыңды қой.
Ой, байғұс бала – ай!
Қап, оны кеше сұрау керек еді. Пай - Пай!

ә) Жаңа сабақты түсіндіру.
Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сондықтан сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестері болады. Бұларды оқшау сөздер дейді.
Мысалы:
Өлеңім, шарла, ауылды.
Тыңда, дала, Жамбылды! (Ж. Ж)
Осындағы өлеңім, дала деген сөздер – сөйлем мүшесі емес, ақынның өз сөзіне елдің көңілін аудару үшін келтірілген сөздері. Бұлар сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып тұрады.
Оқшау сөздер қызметіне қарай үш түрге бөлінеді.

Қаратпа сөздер. Сөйлеуші тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін қаратпа сөздерді қолданады.
Мысалы: Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.
Кейде қаратпа сөз жансыз заттар да болып келеді, бұл, көбінесе көркем әдебиетте кездеседі. Мысалы, Жамбылдың өлеңге, далаға қаратып айтқаны.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында, ортасында, соңында келе береді. Қаратпа сөз басқа сөйлем мүшелерінен үтір арқылы ажыратылады.

Қыстырма сөздер. Өзі қатысқан сөздерге қыстырмалар сөйлеушінің көзқарасын - күмандылықты, сенетіндікті, өкінішті, ренішті, сондай - ақ ойдың кімнің тарапынан екендігін - білдіру үшін қолданылады.
Мысалы: Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді.
Бірінші сөйлемде бәсе сөзі сөйлеушінің ризалығын, екінші сөйлемде меніңше болжамды мағынаны білдіреді..
Қыстырма ретінде жұмсалатын сөздер: әрине, сөз жоқ, шынында, мүмкін, сірә, сонымен, сөйтіп, біріншіден, т. б.
Қыстырма сөздер кейде сөйлемнің басында, ортасында, аяғында келе береді. Олар басқа сөйлем мүшелерінен үтірмен ажыратылады.

Одағай сөздер: Қаратпа, қыстырма сөздер сияқты одағай да сөйлемде сөйлем мүшесі бола алмайды. Одағайлар сөйлеушінің сезімін, көңіл - күйін - қуанышын, ренішін, таңдануын, ризалығын - білдіру қажет болғанда қолданылады.
Мысалы: Па, шіркін! Дауысы дауыс - ақ екен.
Жұмысты істеген соң осылай істеу керек, бәрекелді!
Одағайлар көбінесе ауызекі сөйлесуде қолданылады және көркем әдебиетте жұмсалады. Сөйлемнің басында келеді, кейде сөйлемнің соңында келеді. Одағайдан соң леп белгісі, кейде үтір қойылады.

ІІІ. Бөлім. Тақтамен жұмыс.
Тақтаға екі оқушы шығады да мұғалім дайындап алып келген оқшау сөздердің түрлерін қатыстырып сөйлемдер құрайды.
1 - оқушы: ----------------------------- 2 - оқушы:
Пай - Пай, Әттең, Тәйт ------------- Бала, Қарағым.
Ата. Әттең.Тәйт. --------------------- Шіркін. Бәрекелді.
Балалар. Отағасы. Апа. Сірә. ---- Сонымен. Ернұрдың.
Әрине. Қысқасы. Меніңше. ------- айтуынша.

ІҮ. Бөлім Дәптермен жұмыс.
а) 68 - жаттығу
Мәтіндегі қаратпа сөздерді тауып, қолдану орнын, қызметін анықтаңдар.
ә) Өздік жұмыс
Меніңше, біріншіден, сеніңше, қорыта айтқанда, қысқасы, сіздерше, оның пікірінше, бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде, рас, бәсе, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім, олай болса, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы, бір жағынан, әуелі, ақырында қыстырмаларды қатыстырып сөйлем құрау.

Ү. Бөлім.
Деңгейлік тапсырмалар.
1. Үлестірме қағаз.
Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.
а) Ойбай, Жақа ол Жоламанның дүмпуі ғой.
ә) Шынында да, хәліміз онша мәз емес.
б) Жігіттер, ойын – арзан, күлкі - қымбат.
в) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.
2. Үлестірме қағаз. Оқшау сөздер кездескенде, сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылады?
а) нүкте
ә) нүктелі үтір
б) қос нүкте
в) үтір
3. Үлестірме қағаз.
Оқшау сөзді көрсетіңіз.
а) Үстеу
ә) Шылау
б) Шырай
в) Қыстырма
г) Жалғаулық

4. Үлестірме қағаз.
Мына оқшау сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.
Қорыта келгенде, беу шіркін, бәсе, айтпақшы, жігіттер, балам, қап.
5. Үлестірме қағаз.
Қыстырма сөзді табыңыз.
а) Өзің бір қызық жан екенсің.
ә) Жолдас командир, жолдас комиссар.
б) Алдымнан жақсы кездестің - ау, шырағым.
в) Ата, немереңіз келді.
г) Қорыта келгенде, баяндама толық жасалған.
6. Үлестірме қағаз.
Тыныс белгісі дұрыс қойылған қаратпа сөзді табыңыз.
а) Сірә, бүгін күн суытар?
ә) Ауа райы қандай тамаша?
б) Тыңда, дала, Жамбылды.
в) Күмбірлеген домбыра дауысы естілді.
г) Жолдастар тынышталыңыздар.
7. Оқшау сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
8. Үлестірме қағаз.
Оқшау сөз нешеге бөлінеді?
Қаратпа сөз дегеніміз не? Мысал келтір.
9. Қыстырма, одағай сөз дегеніміз не?
Мысалдар келтір.

ҮІ. Сабақты бекіту.
● Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді.
● Сөйлем мүшесі бола алмайды.

1. Оқшау сөздер дегеніміз не?
2. Сөйлемде оқшау сөздің атқаратын қызметі қандай?
3. Оқшау сөздің қандай түрі бар? (Жеке - жеке тоқталу).

ҮІІ. Үйге: Оқшау сөздің үш түріне көркем әдебиеттерден 5 сөйлемнен теріп жазып келу. Ережені жаттау. Пысықтау сұрақтарына жауап беру.
Бағалау.

Жезқазған қаласы
Дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік ерлер лицей-интернатында
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бакирова Сандуғаш Шарафиденқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
55 121
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Қаратпа сөздер. Қыстырма сөздер
Оқшау сөздер, олардың түрлерін түсіндіре отырып, қаратпа және қыстырма сөздерді сөйлемнен ажыратуға үйрету; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер
Біріккен сөздер туралы мағлұмат беру, екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып, тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру. Сөйлем ішінен біріккен сөздерді таба білуге, әртүрлі түбірлерден біріккен сөздер жасап алуға үйрету.
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Оқушылардың сөйлем ішінен оқшау сөз түрлерін тауып, ажырата білуге үйрету;
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Бірыңғай мүшелерге, қаратпа сөздерге және оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын тыныс белгілер. Үтір
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №11 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Чаканова Гүлзира
Оқшау сөздер
Оқшау сөздер
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласындағы№9 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұрғанова Хадиша Едресқызы
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту (аптасына -4 сағат. Барлығы -136 сағат)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×