Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ағартушы ұстаз жазушы, этнограф

26 сәуір 2012, Бейсенбі
Сабақтың тақырыбы: Ағартушы ұстаз, жазушы, этнограф

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңдерінің мазмұнын ашу.
Міндеті:
1.Білімділік: Оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен таныстыра отырып,өлеңдеріне тоқталу,мағынасын ашу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білу қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік:Оқушылардың білімге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғай білулеріне ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, мағлұмат, әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Ы. Алтынсариннің портреті, трек сызба, сөз жұмбақ, үлестірмелі құралдар, интерактив.тақта, кітаптар көрмесі.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, тарих.

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу,сабаққа даярлықтарын тексеру.
2.Кезекшімен жұмыс.Сыныпта кім бар кім, жоғын түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Жаңа сабақ:
- Балалар, жұмыс дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар.
- Балалар, біз бүгін сабақта қазақтың ұлы ағартушысы, талантты ақын әрі жазушы, педагог Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысамыз.
Сондай-ақ қазақ тілінде біліктілігімізді жетілдіреміз.

Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Ыбырай1841жылы Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген. 3-4 жасында әкесі қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
1860жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін 4 бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бұл мектеп бірден ашыла қоймайды, сол себептен Ыбырай біраз балаларды өз үйіне әкеліп, оқытады.
Торғай мектебі 1864жылы ашылады.
1876жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде кітап шығаруды ойлайды.
1879ж Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады.
1879-1883жылдарда Торғай облысының 4 уезінде Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе жаңа мектептер ашылады.
1883 ж Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылады. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне аса назар аударады.
1881ж Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылады.
Ыбырай оқулықты балаларға білім мен тәрбие берудің құралы деп қарады.
1879жылы «Қазақ хрестоматиясы» кітабы шықты. Бұл хрестоматия балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгімелерден тұрады.
Өлеңдері:
1. «Кел, балалар, оқылық!»
2. «Өнер-білім бар жұрттар»
3. «Өзен»
4. «Жаз»
Ыбырайдың өлеңдерінің негізгі тақырыптары - өнер-білім, ғылым жайлы, табиғат әсемдігі.
Әңгімелері:
1.Әке мен бала»
2.»Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш»
3. «Бай баласы мен жарлы баласы»
4.Талаптың пайдасы»
5. «Мейірімді бала»
Әңгімелерінің тақырыбы:достық, адалдық, еңбексүйгіштік, адамгершілік
Сөздік жұмысы 1883 жылы
балаларды тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстырып, топпен, жеке-жеке, хормен қайталатып, сөздік дәптерлеріне жаздыру:

Дүниеге келді - появился на свет, родился
Тілмаш - переводчик
Шығыстанушы - востоковед
Ағарту - просвещение
Дарынды - одаренный, талантливый
Зиялы – интеллигентный
Талап - стремление

Бүгін сабақта 2 топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
Әр топқа тақырыпқа байланысты жеке-жеке жұмыстар беріледі.
Оқушыларды 2 топқа бөлу: Сыныпта орындалатын тапсырмалар:
І. «Деректер сөйлейді» (Оқулықпен жұмыс)
жаңа сабақ бойынша мұғалімнің таратқан сұрақтарына жауапты оқушылар оқулықтан іздеп, тауып, түсініп оқып береді. Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді 5-6 минут уақыт беріледі.
1 топ сұрақтар:
1. Ы. Алтынсарин кім болған?
2. Ы. Алтынсарин қай жылы қай жерде дүниеге келген?
3. 1857 жылы қандай оқиға болады?
4. 1860жылы Ы.Алтынсарин өмірінде қандай оқиға болады?
5. 1864жылы қандай оқиға болады?
6. 1876жылы қандай оқиға болады?

2 топ:
1. 1879 жылы қандай оқиға болады?
2. 1879-1883 жылдар Ы.Алтынсарин өмірінде қандай оқиға болады?
3. 1883 жылы қандай оқиға болады?
4. 1881 жылы қандай оқиға болады?
5. Ы.Алтынсарин “ Қазақ хрестоматиясы ” кітабын қай жылы жазады?
6. 1889 жылы қандай оқиға болады?

ІІІ.Сөз жұмбақты шешу
1. Ы.Алтынсарин кім болған.........?
2.Ол оқушыларды неге шақырды?
3. Балалар үшін не жазды.......?
4. Ы. Алтынсариннің туған жері........?
5. Ы.Алтынсарин – алғашқы........
6. Алтынсарин немен шұғылданды........

Ы
б
ы
р
а
й
V.Сабақты қорыту.
Сонымен ,балалар ,біз бүгін қазақтың қандай белгілі адамымен таныстық?
- Ол кім? Ол адам жайлы не білдіңдер?
- Иә, балалар дұрыс айтасыңдар, біз сендермен бүгін Ы.Алтынсариннің шығармашылығымен таныстық. Сабақ сендерге ұнады ма? Сабақтан қандай әсер алдыңдар?
Жаңа сабақты тірек сызба құру арқылы аяқтау.

VІ.Үйге тапсырма.Үйге келесі сабаққа Ы.Алтынсарин жайлы 4 оқушыға реферат беру, қалған оқушыларға Ы.Алтынсариннің шығармашылығын әңгімелеу, өздеріне ұнаған бір өлеңін жаттау.

VII.Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды әділ бағалау.Сау
болыңдар!
8 837
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсарин. Дүние қалай етсең табылады?
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығына тоқтала отырып, әңгіменің идеялық мазмұнын ашу арқылы еңбек етудің пайдасы туралы біледі, мамандық таңдай білуге үйренеді.
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Сырбай Мәуленов «Дала жұлдызы»
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен, өмірбаянымен таныстыру; оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, Тсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсарин өмірі, шығармашылығы
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өлеңдеріне, әңгімелеріне, нақыл сөздеріне тоқталу, мағынасын ашу, жан - жақты талдау жасау, бұрынғы алған білімдерін пысықтау; Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясымен берілген тапсырмаларды
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. «Қазақ хрестоматиясы»
Ыбырай ағартушылық қызметінің, шығармаларының қыр - сырларын меңгертіп, мазмұнына, тереңдей бойлату, өлеңдеріне жан - жақты талдау жасай отырып тақырыбын ашу.
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Ыбырай Алтынсарин - қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Мұхамеджанов Мейіржан Оразханұлы
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қалитова Гаухар Кентайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×