Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара»

28 қараша 2013, Бейсенбі
Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (презентациясымен)
Сабақ мақсаты:
а) Жазушы өмірінен мәлімет бере отырып, Әңгіменің шығу мазмұнын меңгерту.
ә) Еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізе дәлелдей білу, өзгені тыңдай білу, таным қабілетін дамыту.
в) Табиғатқа деген жанашырлықты ояту, «кие» сөзінің мәнін ұғындыру.
Сабақ түрі: технология БЖС
Қорытынды: Ауызша - 1
Көрнектілігі: Интерактивті тақта
Типі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
Каникулда қалай демалдыңдар?
ІІ. Мақсат қою:
Шерхан Мұртаза
Қазақстанның халық жазушысы
Аудармашы
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық иегері
Қоғам қайраткері

Шығармалары: « Ахметжанның анты», « Интернет наны», « 41 - жылғы келіншек», « Қызыл жебе», « Ай мен Айша» роман ы
және өзінің туған жерінің Жамбыл облысы, Жусалы ауданы, Мыңбұлақ мекенінің табиғатын суреттейтін « Жүз жылдық жара» әңгімесімен танысамыз.
ІІІ. (электронды оқулық)
Ш. Мұртазаның өмірі.

IV. Сабақ бойтұмары: « Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ»

V. Әңгімені композициялық құрылысына талдау
Басталуы: Оқиғаның басталуы ( Мыңбұлақта өскен Бахтияр бағы мен Байшынар ағашы)
Оқиғаның шарықтау шегі: Киелі Байшынарға Жуанқұлдың балта шаппақ болуы
Оқиғаның шиеленісуі: Ауыл адамдарының амалсыздан киіз үйлер мен Бақтияр бауындағы ағаштарды отынға жағуы.
Дамуы: Соғыспен қатар ақпан айының ауылды қыспаққа алуы.
Оқиға шешімі: Байшынардың киесі жібермейді

Сөздер сөйлейді
Бау - әр түрлі өсімдіктер, гүлдер, жеміс ағаштары отырғызылған жер.
Шілік – сулы жерде өсетін, жіңішке солқылдақ бұта.
Түйежапырақ – жапырағы ірі, үлкен боп өсетін жабайы өсімдік.
Шынар – биіктігі 40 метрге дейін жететін, ірі ағаш. Ол қыстың соңында дөңгелекше келген жеміс береді. Бұл ағаш жылы жақта, тауда, биікте өседі. Қазақта қол жетпес асылын шынарға теңеген.
Адыраспан – дәрілік шикізат ретінде шілде айында бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін жинап алады. Ол – улы өсімдік. Халық емшілері адыраспанды адамның құяңын, сегізкөздің жүйке ауруын емдеуге пайдаланған. Мал-дәрігерлік тәжірибеде оның тұнбасымен малдың қышыма қотырын, түрлі тері ауруларын емдейді.
Көкемарал – бұғылар күз, көктемде бұл өсімдіктің тамырын тұяғымен қазып жейтін болғандықтан, оны марал шөп тамыры деп атап кеткен.
Күшәла – биіктігі 20-40 см болатын, көп жылдық шөп тектес, жартылай улы өсімдік, гүлінің ішкі беті қара түсті. Ө/збектер оны күшәла деп атайды. Ортаңғы қабыршақ жапырақтың ішінен ұзындығы 5-8 см болатын, қарындаш тәрізді.



VI. Сөздік жұмысы: Шынар, Адыраспан, күшәла,
VII. 1. цикл. Мәтін бойынша кілт сөздер
1. Шоқыбас, 2. Киіз үй 3. Бахтияр 4. Кенжеқұл 5. Шүберек 6. Бадырақ 7. Дадабай 8. Аттандау 9. ара 10. Аспантау 11. Үңгір 12. Өртеніп 13. Қарғыс 14. Кие

2. цикл. Ес - 63% 1 - минутта жазу.
3. цикл. Кітаппен жұмыс ( 6 минут оқу)
3 - цикл. ҚС 63% ( әр сөздің мағынасымен ашу)
VIII. 4 - цикл. СТО сұрағы ( 18 оқушы)
1. Мыңбұлақтың Шоқыбас сайында Бахтияр баба бағында қасиетті Байшынар ағашы өсіп тұр. ( ия)
2. Ақпан айында Мыңбұлақтың отқа жағары таусылып, киіз үйлерін жаға бастады
3. Халық аруақ - құдайдан қорықса да, Бақтияр бағындағы ағаштарға балта шапты. (ия)
4. Жалғыз өзі аспандап қалған Байшынарға тиісті.
5. Кенжекүл кемпір орманнан шәйшөп, дермене, күшәла, адыраспан теретін. (ия)
6. Бахтияр бауында қаршыға, итегі, тұрымтай, үкі көп болатын.(ия)
7. Калхоз бастығы Жуанқұлдық досы Дадабай ауылда тұрады (жоқ,)
8. Жуанқұл досы Дадабай және жалдап алған адамы Қабасақал үшеуі қос атты жегіп Байшығарға беттеді. (ия)
9. Кенжегүл Кемпірдің аттандаған дауысын темір дүкендегі ақсақ Ахмет анық есітті (ия)
10. Үшеуі масаңдау, әйтпесе жай арамен Байшынарды құлату оңай шаруа емес екенін білер еді.(ия)
11. Ахмет бұлардың ісіне ешқандай мән бермеді (жоқ)
12. Дауабай достарына Аспантау сияқты алып ара керектігін айтты. (жоқ.)
13. Қара күш төпей бергесін, Байшынардың бүйірінен кәдімгідей үңгір пайда болды. (ия)
14. Қабасақал жермайды балта шапқан қуысқа төгіп жіберді де, отты қойып жіберді. (ия)
15. Кежегүл кемпір бұл үшеуін қарғады (жоқ)
16. Қаруланған халық бұл үшеуіне лап берді. (ия)
17. Содан бері қырық жыл өтсе де Жуанқұл мен Байшынар тірі, бірақ екеуі де жарадар (ия)
18. Жуанқұл құдайдан күндіз - түні өлім тіледі.

Мәтінмен жұмыс
Шығармада кездесетін ...
Мақал - мәтелдер: Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады.
Біреу өлмей, біреу күн көрмес.
Ұра берсе, құдай да өледі.
Ылдида сиыр мөңіресе, таудағы арқардың мүйізі сырқырайды.
Тұрақты тіркестер: Шыбын жанын шүберекке түю, артын бақты.
Ырымдар: Үкі жүрген жер киелі.
Киелі ағашты кесуге болмайды.
Шығармада кездесетін құс атауы: Үкі, қырғауыл, зымыран құс, сарғалдақ.
Емдік шөп атаулары: Шәйшөп, дермене, күшәла, шашыратқы, адыраспан, киікоты, текесақал, қылша, көкемарал
Ағаш атаулары: Шілік, сүмбіл тал, сөгеті тал, ақ терек, көктерек

Шығармашылық жұмыс
Рафт ойыны
Роль - Байшынар
Аудитория – ауыл адамдары
Форма - үндеу
Тақырыбы «Табиғатты аялау!»
ТСҚ – 63
Сабақ түйіні
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» дегендей, адам мен табиғат бір - бірімен тығыз байланысты. Табиғатқа жасалған қастандық - өзіңе жасалған қастандық. Оған куә - бүгінгі әңгімеге арқау болған Байшынар ағашының киесі
Табиғаттың азаймасын ажары
Болмаса екен оның тартар азабы
Табиғатқа тазалықты тарту ет
Тарқамасын аң мен құстың базары.
Х. Бағалау ООМ бойынша
ХІ. Үй тапсырма
1. Ш. Мұртаза «Жүз жылдық жара» әңгімені толық оқу
2. «Байшынар неге күңіренді?»эссе
3. Жұмыс дәптерін толтыру

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 129
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Ш. Мұртаза Интернат қоймасы. Қысқа мерзімді жоспар
Т. Рысқұлов өмірі жайлы 2 - сыныпта оқығанды еске түсіре отырып, Ш. Мұртазаның Интернат қоймасы әңгімесін түсініп оқуға, жеткізе білуге үйрету.
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Шерхан Мұртаза «Жүз жылдық жара» (күнделікті сабақ жоспары 7 сынып)
Шерхан Мұртазаның өмірбаянын шығармасына негіздей отырып талдау арқылы оның қайталанбас суреткер екенін таныту; Өнерді сүю, өнерге құштарлық тәрізді өнер адамдарына деген көзқарасты қалыптастыру
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар
Шерхан Мұртаза. Бала Тұрар
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ғылымғалиева Бейбіт
Бөрте мен Зөре
Бөрте мен Зөре
Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, С. Қожанов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бөріқұлақова Ботакөз
Қазақ прозасы әлемінде
Қазақ прозасы әлемінде
Оңтүстік Қазақстан облысы, № 25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қуандықова Гүлжамал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×