Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Макроэкономика. Аралас құрмалас сөйлем

06 желтоқсан 2013, Жұма
Сабақтың тақырыбы: Макроэкономика Аралас құрмалас сөйлем
Оқу тобы: 2 курс
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Макроэкономика мен аралас құрмалас сөйлем жайлы студенттердің білімділігін арттыру
Тәрбиелік: Ілтипаттылыққа, ізденімпаздылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Дамытушылық: Жазу сөйлеу, ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың типі: дәріс
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелесу, лекция элементтері, сұрақ - жауап, пысықтау, бекіту.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, үлестірмелі карточкалар, венн диаграмма.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, экономика негіздері, математика

Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
А) Студенттермен сәлемдесу
Ә) Студенттерді тізім бойынша белгілеу
Б) Дәрісхананың және студенттердің сабаққа дайындығын тексеру
В) Студенттерге сабақтың мақсатын баяндау

ІІ Үй тапсырмасын сұрау
1. Жекешелендіру процесі саяси - экономикалық үрдіс ретінде үш негізгі аспектілердің бірі?
2. Грамматика ішін - ара екі салаға бөлінеді, бір түрін ата?
3. Тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы өндірушілер, сатып алушылар және сатушылар арасындағы өзара әрекетті не зерттейді?
4. Сөйлем мүшесі сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты қандай түрге бөлінеді?
5.”Үй шаруашылығын басқару өнері” дегенді білдіретін көне грек сөзі?
6. Ресурстардың шектеулігі – адамдардың қажеттілігін қанағаттандыратын қандай принцип?
7. Екі я оданда көп сөзден немесе сөз тіркесінен болған мүше?
8. Сөйлемнің құрамында тұрса да, басқа мүшелермен грамматикалық байланысқа түспейтін мүше?
9. Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді, бір түрін ата?
10. Оқшау сөздің түрін атаңыз?
11. Сөйлемнің нелері атқаратын қызметіне қарай бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш болып 5-кебөлінеді?
12. Қазақ тіл білімінің бір саласын атаңыз?
13. Сөз тіркесі туралы, сөйлем туралы ғылым?
14 Тіл білімінің сөз таптарын, сөздің өзгеруі мен сөйлем құрылысын зерттейтін саланы атаңыз?

ІІІ Жаңа сабақ
Макроэкономика(грекше μακρός — ұзын, үлкен, οἶκος — үй және Nόμος — заң) — экономикалық теорияның экономиканы тұтастай зерделейтін бөлімі. Макроэкономика экономикалық циклдік кезеңдер мен экономикалық өрлеу, жұмыспен қамтылу, инфляция мәселелерін, жалпы экономика ауқымындағы басқа да мәселелерді, сондай - ақ ұлттық экономикалардың қарым - қатынасын зерттейді. Экономистер, әдетте, экономикадағы үдерістердің бәрін — жиынтық өндірісті, бағаның жалпы деңгейін, экономикалық саясаттың мақсаттары мен міндеттерін, сыртқы сауданы, жұмыссыздықты, мемлекеттік сектордың жұмыс істеуін, т. б. зерделеуді “макроэкономикалық теория” деп атайды. Қазіргі заманғы экономикалық теорияны ерекше зерделеу ісі 20 ғасырдың 1 - жартысында басталды және ол америкалық экономист Дж. М. Кейнстің (1883 — 1946) есімімен, оның “Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы” (1936) деген кітабымен байланысты болды. Нарықтық экономикаға көзқарастың жаңа жүйесі баяндалған бұл еңбек 20 ғасырдағы экономика ғылымының бетбұрысты кезеңімен тұспа - тұс келді және макроталдаудың дамуына қуатты серпін берді. Макроэкономика одан әрі Кейнстік идеяларды тереңдету бағытында да, оларды нарықтық экономика туралы классикалық түсініктер негізінде қайта қарау жолымен де өрбіді.
Макроэкономика өндірушілер мен тұтынушылардың іс - әрекеттерінің мотивациясын зерттейді, сонымен қатар, ол бәсекеліктің әр түрлі болған жағдайындағы солардың (өндірушілер мен тұтынушылардың) тауар нарығындағы жоне өндіріс факторлары нарығындағы өзара әсер ету механизмін зерттейді. Макроэкономика экономиканың тұтас болып қызмет етуін зерттейтін, экономикалық теорияның бөлшегі, тармағы болып табылады.
Макроэкономикалық дәрежеде зерттелетін негізгі мәселелер:
1. Ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;
2. Ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;
3. Инфляцияның табиғатын талдау;
4. Экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

Аралас құрмалас сөйлем — құрмалас сөйлемнің бір түрі. Кемі үш жай сөйлемнен құралады. Олар өзара синтаксистік байланыстың ерекше түрі — аралас байланыс арқылы құрмаласқан. Мысалы: Жалма - жан от жағылып еді, үй еңсесі көтеріліп, туырлықтың оюлары көзге шалынды (Ғ.Мүсірепов). Бұл — тиянақты - тиянақсыз - тиянақты тұлғалы аралас құрмалас сөйлем. Аралас құрмалас сөйлем енді бірде тиянақсыз - тиянақты - тиянақты тұлғалы болып келіп, әр сыңарының өзіндік басыңқы сыңары болады. Мұнда алғашқы тиянақсыз тұлғалы сыңар өзінен кейінгі сыңардың бағыныңқысы сипатында жұмсалады, ал екінші сыңар тиянақты тұлғалы бола тұра, келесі сыңардың бағыныңқы бөлігі болып табылады. Үшінші сыңар ортаңғы сыңарға басыңқы сипатта тұрса да, бірінші сыңармен мағыналық байланысқа түспейді. мысалы: Көк қалың болғанмен, жерде әлі сыз бар, қар суын бойына тартып, дегди қоймаған - ды (Ә. Нұрпейісов). Аралас құрмалас сөйлемнің айтылу ырғағы да кең. Онда салаласқа тән тиянақты, сабақтасқа тән тиянақсыз ұласпалы ырғақ орын ауысып, бірде тиянақты - тиянақсыз, бірде тиянақсыз - тиянақты түрде келеді. Аралас құрмалас сөйлемнің мағыналық топтастырылуында өзгешелік бар. Бірінші топ қатарын бірыңғай қатынастағы түрлер құрады да, екінші топ қатарын әрыңғай қатынастағы түрлер түзеді. Ал бұл екеуінің мағыналық жігін танытуда бір - бірінен өзгешелік жоқ, қойылған талап бір. Оның үстіне мағыналық қатынастардың белгіленуі жеке сыңарлардың тұлғалануына тәуелді емес. Ең алдымен алғашқы екі сыңар аралығындағы, соңынан соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынас айқындалады. Осы мағыналық қатынастардың сәйкес келіп, бір атаумен аталуы оның бірыңғай қатынастағы сөйлем екенін көрсетеді. Оның ыңғайлас мәнді, себеп мәнді, шарт мәнді, салыстырма мәнді, түсіндірме мәнді, мезгіл мәнді түрлері бар. Ал сөйлемдегі алғашқы екі сыңар аралығындағы және соңғы екі сыңар аралығындағы мағыналық қатынастар екі түрлі болған жағдайда әрыңғай қатынастағы Аралас құрмалас сөйлем болып қосақталған түрде белгіленеді

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 323
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемді ажырата білу. Сабақтас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәртібін білу.
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлемдерден алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша, жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып, білімдерін бекіту;
Бағалы қағаз. Пунктуация
Бағалы қағаз. Пунктуация
Байқоңыр «космос»колледжінің Жалпы пәндер оқытушысы Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Акмурзаева Бахыт Сайлаубаевна Қызылорда обылысы, Байқоңыр қаласы, Байқоңыр "Космос" колледжі
Аралас құрмалас сөйлем
Аралас құрмалас сөйлем
Қызылорда қаласы. № 267 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күнтуарова Ақмарал Амангельдықызы
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Сабақтас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары
Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Туребаева Гүлмира Құспанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×