Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Құм құрсауындағы әйел" көркем аударма

19 қаңтар 2014, Жексенбі
Кіріспе

Әрбір халықтың және бүкіл адамзаттың асыл мұраттарының ең бастысы - ел мен елдің, ұлт пен ұлттың достығы екендігі анық. Осы достықтың дәнекері әрі халықтар арасын жалғастыратын берік көпірлердің бірі - көркем әдебиет екендігі белгілі жәйт. Ал, әдебиеттің өзара байланысы, бір - біріне әсер етіп байытуы қай заманда да көркем аудармасыз жүзеге асқан емес.

Жұмаханов Тілеуханның аудармашылығы туралы «Сыр елі. Қызылорда облысы» энциклопедиясында: «Үнді жазушысы Ананта Муртидың «Самскара», жапон жазушысы Коба АБЕ - нің «Құм құрсауындағы әйел» шығармаларын қазақ тіліне аударған» - деп көрсетіледі.

Коба АБЕ 1961 жылы жарық көрген «Құм құрсауындағы әйел» романы үшін «Иомури» газетінің сыйлығын иемденеді. Бұл романда адам мен қоғам қақтығысын сипаттай отырып, адамның қоғамнан қашып құтыла алмасын, тығырыққа тіреліп жанталасатынын, яғни өз тағдырына өзі қожа бола алмайтындығын көрсетеді. «Егер дүниеде жек көрушілік, астамшылық үстемдік етсе, адамдардың қарым - қатынасы бүлінсе, қоғамның қалай дағдаратынын көрсеткім келді»- дейді жазушының өзі бір сұхбатында.

Қазақ елі егемендік алып, көк байрағын желбіреткен тұста, халықаралық қарым қатынас ұлғайып, рухани байлықтары молайған, әлемнің өркениетті елдерінің озық ойы мен ғылымынан үйренуге ұмтылған тұста аударманың, оның ішінде көркем аударманың көкжиегі кеңейе түсіп отыр.

«Құм құрсауындағы әйел» романындағы өзгеше тіршілікті Т. Жұмаханның суреттеу шеберлігі
Тілеухан Жұмаханов «Құм құрсауындағы әйел» көркем аудармасында кейіпкер бейнесін сомдауда яғни Дзюмпий Никидің ішкі ой ирімдері арқылы оқырман қауымды ерекше елітіп отырады.

«Құм құрсауындағы әйел» романында аудармашы Тілеухан Жұмаханов жұмыртқа тәрізді сопақша келген, ені 20 метрден артық болмаса кем емес, қазаншұңқырға кейіпкердің коллекциясын толтыру үшін жәндік теру сапарында тап болғанын суреттейді. Аудармада жазушы Құм құрсауындағы өзгеше тіршілікті көркемдегіш құралдар мен тілдік амал - тәсілдерді шебер пайдалану арқылы шығарманың құндылығын арттырады.

Тілеухан Жұмаханов романда диалогты шебер қолданып Дзюмпий Никидің ішкі психологиялық күйзелісін оқушысына тартымды түрде суреттейді.
Мысалы:
- Естіп отырсыз ба? Жіп саты жоқ! Енді жоғарыға қалай шығуға болады? Мына жерден сатысыз шығу мүмкін емес қой!
Бірақ әйел жауап бермеді.
Бұл диалогта кейіпкердің ақылға сыймайтын өзгеше тіршілікке наразылығын: отбасылық тізімге тіркелген, жұмысы бар, салық төлеп тұратын, тегін дәрігерлік көмек алу құқығын пайдаланатын адамды тап бір тышқан немесе жәндік секілді торға қуып тығып қамап ұстауға сенбейтінін немесе өзін әлде біреумен шатастырып отыр деген көз қарасы білінеді.

«Құм құрсауындағы әйел» романындағы өзгеше тіршілікті диалог, монолог арқылы және ғылыми түсініктеме анықтамаларды баяндау арқылы шығарманың көркемдігі мен кейіпкер бейнесін сомдауда ұтымды қолданады.

Мысалы: Әдетте аяқтары тым жіңішке қап - қара болып келетін Шпан Мушкалары қулықпен ұсақ кеміргіштерді інінен алдап шығарып жемтіктерін шөл далада аштықтан шалдықтырып мерт қылады. Шпан мушкасының ұшу қулығын қазаншұңқырдағы әйел қимылдарымен салыстырып, өзін бейне бір шпан мушкасының жемтігі ретінде сезінеді. Ал, Құм құрсауындағы әйел құдды алдауыш шпан мушкасы тәрізді.

«Құм құрсауындағы әйел» романындағы өзгеше тіршілік:
- Ауыл аузы тік жар қабақ пен шығанақ арқылы буылған құм қаптың ішінде жатқан тәрізді.
- Құм күреу – ауылды аман алып қалудың амалы.
- Қағаз қол шатырдың астында отырып тамақтанады
- Қалай терлей бастаса солай үстеріндегі шешуге болатын нәрсенің бәрін сыпырып тастауға тырысады. Себебі: Киіммен жүріп терлесе құмбөртпе қаптап кетеді.
- Ыдысты құммен сүртіп жуады.
- Жылтырақ қағаз - ең қажетті зат
- Саты арқылы керек заттар түсіріліп тұрады.
- Еркектерге аптасына бір рет арақ пен темекі жазып береді.
- Жіп саты алынса жер бетімен байланыс үзіледі.
- Жұмыс істей бастаса ғана су әкеледі.
- Өрт сөндіру мұнарасынан дүрбімен қарап тұрады.

Көркем аудармадағы философиялық ой иірімдер

Романда кездесетін ой тұжырымдардың авторы кейіпкер - Дзюмпий Никий. Философиялық ой иірімдер арқылы кейіпкердің қазан шұңқырдағы ызалы бейнесі, жан айқайы мен қуанышы және зарығуын көруге болады. Құм астындағы құрсаудан босанып шығу мақсатында кейіпкер әйелді кепілдікке де алады, құм қабырғаны тесіп жарқабақты жайпақ етпек те болады, әйелден жасырып жіп есіп қашуды жоспарлайды, «Үміт» деп атап қарғалар үшін тұзақ та құрады.

Қазаншұңқырдағы өзгеше тіршілікке қарсы қадамдар жасау – кейіпкердің жоғарыдағы өмірге деген талпынысын көрсетеді. Ол құм күремесе су әкелінбейтінін түсінеді. Ал сусыз өмір сүру мүмкін емес екенін төмендегі үзіндіден байқауға болады.
- Ол аузына жиналған сілекейін түкіріп тастағысы келген, бірақ сол сәтте ақ өзін өзі ұстап қалды. Тіпті бір тамшы болса да ылғалы бар нәрсенің бәрін өз ағзасында сақтауға тырысу қажет.

«Құм құрсауындағы әйел» романында кездесетін философиялық ой иірімдер:
1. Адамның өмірі - шашылып жатқан қағаз қиындылары емес.
2. Бағытын орай, адам баласы барлық уақытта өлім қатерімен өмір сүрмейді.
3. Ит екеш ит те, егер оны темір торға ұзақ қамап қойсаң, көп ұзамай құтырып кетеді
4. Адам баласы өз мүмкіндігін толық пайдалануға міндетті.
5. Құндылық әлгі еңбектің өзінде жатқан жоқ еңбекті еңбекпен жеңуде жатыр
6. Ұзақ уақыт ойланып, өлшеп-пішіп қабылдаған жоспарлардан гөрі оқыстан табыла кеткен шешімдердің табысқа жету мүмкіндігі көбірек.
7. Күллі өмір тек жүректің соғысы емес қой
8. Үрмеген ит қауіптірек болады
9. Төзім – бұл әлі жеңілу емес
10. Тіршілік - барша дүние болмыстың тізбегі

Қорытынды
Аңыз бен ақиқатты сабақтастыру әдісі өз әдебиетіміздің көрнекті өкілі Әбіш Кекілбаевтың, өзімізге етене жақын Шыңғыс Айтматовтың және басқада жазушыларымыздың осындай көркемдік тәсілдерді шебер пайдалана білгендері анық.
Жер бетіндегі елдердің әдебиеті мен мәдениетінің бір-бірімен тамырлас екендігі және олардың бір біріне игі әсер етіп, рухани байлықтар алмасатындығы дәлелдеп жатуды қажет етпейтін шындық.
Көркем аудармада жеке адам мен қоғамның қатынасында адамның жаншылып қалмауы керектігі, адамгершілік мұраттардың әрдайым жоғары тұруы тиістігі жайлы жар салады.
Жан жақтан әркім өз құндылығын тықпалап жатқан жаһандану заманында біздің өз құндылықтарымызды, өз болмыс келбетімізді сақтап қалу, ол үшін адам заттың бастан кешкен осынау тағылымдарын ескеру, сабақ алу - міне, жапонның ойшыл сөз зергерлерінен алар пайымымыз.
3 527
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев
Әже! Әже! Жатпашы! Ауыр ойға батпашы. ... Дәрі жасап берейін, Бәрін жасап берейін. Ауыртпаймын әжемді, Ауырмайсың, әже, енді!
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары
Ғабиден Мұстафиннің шығармалары
Логикалық ойлау қабілеттерін, өмірге деген көзқарастарын дамыту. Шығармашылық белсенділіктерін шыңдау. Мәнерлеп оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Бұғы ана туралы аңыз
Бұғы ана туралы аңыз
Аңыз – ауыз әдебиетінің бір саласы. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс – әрекетіне байланысты туады. Аңыз әңгіме өмірде болған адамдардың тағдырына байланысты туады. Аңыз әңгіме өмірде болған адамдардың тағдырына байланысты құралады.
Кіріспе. Сөз өнері жайлы ғылым
Кіріспе. Сөз өнері жайлы ғылым
Мүсіншінің құралы – саз балшық, суретшінің құралы – бояу, әдебиетшінің құралы – тіл. «Сөз әдебиеттің құрылыс материялы» (Федин). Өнердің көп салаларының ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі – көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Ілияс Есенберлин шығармашылығы «Көшпенділер» трилогиясы
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж» қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Искакова Асем Айдарбекқызы
Мұхаметжан Сералин (1872 - 1929жж.)
Мұхаметжан Сералин (1872 - 1929жж.)
Мұхаметжан Сералин бұрынғы Қостанай облысы, Қарабалық ауданында 1872 жылы туып, 57 жасында сол өзінің туған жерінде 1929 жылы қайтыс болған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×