Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зергерлік өнері

10 ақпан 2014, Дүйсенбі
Тақырыбы: Зергерлік өнері (слайдымен)
Сабақ түрі: Саяхат сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.
Көрнекілік: Тест сұрақтары, әшекей бұйымдардың суреттері.
Техникалық құрал: Компьютер
Пәнаралық байланыс: Тарих, этнография, музыка.

МАҚСАТЫ:
Зергерлік өнердің қыр - сырын өздеріңе меңгерту, көсемше тақырыбын қайталау;
Өздеріңнің таным белсенділіктеріңді арттыра отырып, шығармашылыққа баулу, логикалық ойлау қабілеттеріңді дамыту.
Бүгінгі сабақ барысында алған білімдеріңді пайдаланып, қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет - ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені құрметтеуге, ойлау қабілетін дамыта компьютерлік біліктілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
• Зергерлік өнердің тарихын меңгеру.
• Әшекей бұйымдардың негізгі түрлерін ажырата білу.
• Жаңа тақырыпты меңгеру барысында грамматикалық тапсырмаларды сауатты орындай білу.
• Тәрбиелік мәнін ұғыну.
Сабақты бағалау түрлері:
• 1. Тест жұмыстары.
• 2. Деңгейлік тапсырмалар.
• 3. Соңғы пікірді маған қалдыр.

Үй жұмысын тест арқылы тексеру:
1. Әбілхан Қастеев кім?
а) ғалым
ә) ақын
б) суретші
2. Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан?
а) Астанада
ә) Қызылордада
б) Алматыда
3. Қолмен түрлі бұйымдар жасайтын өнер түрі қалай аталады?
а) қолөнер
ә) ғылым
б) сәулет өнері
4. Ағаштан бұйым жасайтын адамды қалай атайды?
а) ұста
ә) шебер
б) ісмер
5. Қандай адам ұлттық киімдерді тігумен айналысады?
а) зергер
ә) ұста
б) ісмер

Сабақтың барысы: 4, 8, 11, 12 слайд
Қазақ даласында көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде пайда болған.
«Зергер» парсы тілінен ауысқан «Зәргәр» сөзі. Парсы тілінде алтыннан, күмістен суырып, созған жіңішке сымды «зәр» дейді.
Халық арасында зергерлер өте жоғары құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Көптеген археологиялық қазбалар мен этнографиялық зерттеулер Қазақстан жерінде ерекше шеберлікпен жасалған бұйымдарды бізге жеткізді. Қарғалы қазынасынан табылған әйелдің бас киімі, түйенің мүсіні салынған алтын жүзік, алтын сырға, Ақтас – 1 қорымынан б. з. 2 - 5 ғ. Жарқырауық тас орнатылған сырғалар табылған. Бұл бұйымдарды әшекейлеуде де қазіргі заманда қолданылып жүрген барлық техникалық тәсілдер қолданылған. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда шолпыларда «мүйіз» оюының түрлері, арқардың басы кездескен. Зергерлер негізінен қоғамның барлық әлеуметтік топтарының сұранысына ие болған әйелдердің әшекей бұйымдарын жасауда эстетикалық жағынан емес, сондай - ақ діни - идеологиялық, әдет - ғұрыптық, салт - дәстүрлік маңыздылықтарын да ескеріп отырған.

Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие.

Тақтамен жұмыс: «Жедел жауап аялдамасы»
1. Қазақ даласында зергерлік өнер алғаш қай дәуірде пайда болған?
2. Қарғалы қазынасынан қандай әшекейлік бұйымдар табылған?
3. Ақтас қорымынан қандай бұйымдар табылған?
4. Ежелгі сақ, ғұн, үйсін зергерлерінің қолымен жасалынған жүзіктердің, білезіктердің, алқалардың, шолпылардың ерекшелігі қандай?
5. Зергерлер әшекей бұйымдарды жасауда қандай заңдылықтарды ескерген?
6. Негізгі материал ретінде қандай метал түрлері пайдаланылған?
7. Неліктен әшекей бұйымдар көбінесе алтыннан жасаған?
8. Зергерлер қандай асыл тастарды шебер пайдаланған?
9. Асыл тастардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?
Дәптермен жұмыс:
I деңгейдің тапсырмасы
1. Көсемшенің жұрнағын жалға. 14 слайд

2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз. 15 слайд
Керекті сөздер:
бұйымдарды, үкілі сәукеле, білезік, белдік, шолпы, бас киім, Бөкей ордасында, 2000 сомға, тіршіліктің күші, шашбау;

3. Көсемше қосымшаларының дұрыс жалғануын белгіле. 16 слайд

II деңгейдің тапсырмасы
1. Сөйлемдегі сөздерді бос орынға дұрыс орналастыр. 17 слайд

2. Диалогтағы бос орындарға көсемшенің жұрнағын жалға және өз бетіңше жалғастыр. 18 слайд
Бой сергіту: «Мені жалғастыр» ойыны 19 слайд
III Шығармашылық деңгей
Шеберлер елі. 20 слайд
Шығармашылық тапсырма: «Кім жылдам және тез» 21 слайд

Сабақты бекіту:
Тест жұмысы
Көсемшенің жұрнақтары:
а) – шы,- ші
ә)- ып,- іп,- п
б)- ған,- ген
2. Шолпының қыз бала тәрбиесінде маңызы бар ма?
а) Бар
ә) Жоқ
б) Білмеймін
3. Ұста - зергерлердің жұмыс істейтін орны қалай деп аталған?
а) Аула
ә) Дүкен
б) Шарбақ
4. Аса қадірлі жүзіктерге кімнің есімі жазылған?
а) Билердің
ә) Мұхаммед пайғамбардың
б) Өз есімі
5. Қыз баланың құлағына тағатын әшекей бұйым.
а) Шолпы
ә) Белбеу
б) Сырға
6. Көйлектің сыртынан омырауға тағатын әшекей бұйым
а) Түйреуіш
ә) Өңіржиек
б) Жүзік

Үй тапсырмасы:
Өз қалауларың бойынша төменде ұсынылған тақырыптар негізінде тебіреніс немесе эссе жаз.
1. Әшекей бұйымдардың біздің өмірімізден алар орны қандай?.
2. «Шебердің қолы ортақ»
Сабақты бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
22 934
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы
Сәулет өнеріндегі болған өзгерістердің артықшылығын, себептерін, маңызын ашып көрсететін тапсырмаларды орындауға оқушылардың өздерін қатыстыра отырып, ойлау қызметін одан әрі дамытуға көмектесу, өз беттерімен тарихи деректер іздеуге дағдыландыру.
Қазақ халқының зергерлік өнері
Қазақ халқының зергерлік өнері
Қазақ халқының атадан балаға тарап келе жатқан өнерінің бірі - зергерлік. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап зергерлік өнер қолөнердің негізгі бір саласына айналды. Қазақ халқының кейбір зергерлік бұйымдарына тоқталып өтейік.
Қазақтың әшекей бұйымдары
Қазақтың әшекей бұйымдары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Маңғыстау гуманитарлық колледжінің педагогика пәнінің оқытушылары Джанизакова Аккенже Джанизаковна Кожакова Алтын Инаматовна
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Бисер тарихы. Бисерден білезік тоқу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақпен (бисер) жұмыс істеудегі шеберлігін арттырып; білімін жүйелеу; моншақпен білезік тоқуды үйрену. 1. Бисер тарихы мен білезік тоқудың технологиясымен таныстыру; меңгерту.
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
«Қазақтың ұлттық киімдер» тақырыбын бекіту сабағы
Мұсалимова Гүлнар Рақымқызы Қазақ тілі мен әдебиет пәні Астана қаласындағы халықаралық үздіксіз білім беру колледжі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×