Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев

15 қараша 2014, Сенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері. Ескен Елубаев
Сілтеме: Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 4 - ші сыныбына арналған оқулық. Алматы «Атамұра»2011жыл
Жалпы мақсаты: Оқушыларға ақын туралы түсінік беру. Өлеңнің мазмұндық – идеялық мәнін ашуда сыни ой айтуға жетелеу.
Міндеттері: Мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
Оқушы үнін тыңдау және талантты, дарынды оқушыларды анықтау.
Оқу нәтижесі: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады.

Тапсырмалар: 1. Сынып ережесін құру.
2. Топтық жұмыс.
3. Түсіну - оқулықпен жұмыс
4. Қолдану – шығармашылықпен жұмыс
5. Талдау - әр топқа тапсырмалар.
6. Жинақтау – әңгіменің негізгі идеясын ашу тапсырмалары
7. Бағалау - Рефлексия
Дерексөздер, жабдықтар: Интерактивті тақта, суреттер, бояу, қарындаштар, постер, үлестірмелі материалдар, стикерлер, АКТ желісі.
Оқыту әдістері Жаңа әдістер.
АКТ
Ой шақыру, миға шабуыл.
Оқыту үшін бағалау.
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Жұптық жұмыс
4. Топтық жұмыс

Сабақтың барысы
Мұғалімнің іс - әрекеті
1. Оқушылармен амандасу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Оқушылармен шеңберде тұрып амандасу.
Қол ұстасып құрайықшы,
Шаттық шеңбер бәріміз.
Күлімдесіп тұрайықшы,
Жарассыншы сәніміз.
- Арайлап атқан әр таңымыз, қуаныш пен бақытқа толы болсын!

3. Топқа бөлу.
Сынып ережесін құру.
1. Сабақтан қалмау, кешікпеу.
2. Топтағы оқушылардың пікірін тыңдау.
3. Ойымызды еркін, тиянақты баяндау.
4. Келесі топтың ойын тыңдау.
5. Уақытты үнемді пайдалану.
Әр топқа А - 3 қағазы беріледі.
Топтар жұмыстарын қорғайды.

Үй тапсырмасын тексеру
«Өрмекшінің торы»әдісі бойынша сұрау.
Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев

Үй тапсырмасын қорыту.
О, адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жатса жолда,
Ұлылықпен еңкейіңдер!- дегендей оқушылар, ас атасы нанға құрметпен қараңдар.

Жаңа сабақ.
«Ой шақыру»әдісі
Жыл мезгілдері туралы жұмбақ шештіремін.
1. Қар кетіп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.(Көктем)
2. Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.(Жаз)
3. Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.(Күз)
4. Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.(Қыс)
Ендеше бүгін біз Ескен Елубаев ағамыздың «Жыл мезгілдері»деген өлең жолымен танысамыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 704
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»
Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін түсініп оқуға үйрету. Мазмұнын негізгі идеясын ашуға мүмкіндік жасау. Табиғатты қорғауға түсінік жасау.
Б. Майлин «Түйебай»
Б. Майлин «Түйебай»
Әңгіме мазмұнын оқи отырып, салыстыра талдау арқылы өзіндік анализ жасай білуге, кейіпкер бейнесін ашуға мүмкіндік алады
Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі)
Қасқыр мен түлкі (ауған ертегісі)
Сыбырласу, сөз тасу жақсылыққа жеткізбейтінің түсіну. Күнделікті өмірде қолдана білу
Осы шақ, нақ осы шақ
Осы шақ, нақ осы шақ
Тақырыпты оқи отырып, идеясын тарау тақырыбымен байланыстыра ашуға мүмкіндік беру, батылдықтың негізгі маңызын түсіне отырып топпен жұмыс істеуге үйренеді
Н. Әлімқұлов «Бәйшешек» Н. Айтов «Жауқазын»
Н. Әлімқұлов «Бәйшешек» Н. Айтов «Жауқазын»
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы №7 мектеп бастауыш сынып мұғалімі Джумабекова Маруза
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Гүлбаршын Қырықбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×