Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Ара мен шыбын" Оспанхан Әубәкіров

23 ақпан 2015, Дүйсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
4 сыныпқа арналған ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Сабақтың атауы: Ара мен шыбын
Мысал өлең Оспанхан Әубәкіров
Сілтеме: Ана тілі оқулығы, ғаламтор материалдары
Сабақтың мақсаты: Диалогтық оқытуды қолдану арқылы өлеңнің негізгі идеясын түсіну. Оқушыларды ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Мәтіннің негізгі идеясын түсінеді.
Топта жұмыс істей отырып, өз ойларын бір ортаға тоғыстырады.
Бірін бірі бағалауға үйренеді.
«Көрнекілік» стратегиясы арқылы оқушылар қызығушылығын арттыру.
1. Ара және шыбын туралы мәлімет.
2. Жұмбақтар шешу.
3. Мысал өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқу. (Оқулықпен жұмыс)
4. Ара мен шыбынды салыстыру. (Венн диаграммасы арқылы)
5. Сергіту сәті.
6. «Қонақ келсе құт» тақырыбында шағын эссе жазу.
7. Қорыту. Жиынтық бағалау.

Аралар – аналық, аталық және жұмысшы болып 3-ке бөлінеді. Олар топтасып тіршілік етеді. Бал аралары өте еңбекқор жәндік. Олар бал жинау үшін гүлден гүлге қонады. Жұмысшы аралар гүлдердің коп шоғырына кезіккен кезде басқа араларға сегіздік жасай отырып ұшып хабар береді.
Аралар медицинада кеңінен қолданылады. Балдың емдік шипасы мол.

Шыбын органикалық қалдықтарды жояды. Олар лас жерлерде шоғырланып жүретіндіктен ішек - асқазан ауруларының және дизентерия ауруларының қоздырғыштарын таратады. Шыбын бунақденелілерге жатады. Онымен құстар қоректенеді. Шыбындар да осылай табиғатқа өз кезегінде пайдасын тигізеді.

Жұмбақтар шешу:
1. Иісшіл ит емес.
Ұшады, құс емес.

2. Бар жұмысшы ермегі
Талмай қанат қағады.
Еңбекті хош көрмейді
Жат ыдысты бағады.

3. Күдірейген жоны
Алабажақ тоны.

Мұғалім жазбалары:
Суреттер арқылы оқушыларды 4 топқа бөлу. (Аралар мен шыбындар)
2. Слайдтағы жұмбақтарды шешу арқылы оқушылардың ойлау деңгейлері анықталып, сараланды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 026
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
О. Әубәкіров « Ара мен шыбын»
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен Шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, мысалдағы түйінді ойды ашуға жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" (мысал)
Сейітқұл Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу.
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Ара мен шыбын. Оспанхан Әубәкіров
Өлең түрінде берілген шағын шығарманың мазмұнын ашу. Адам емес, жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін, мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу
Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын
Оспанхан Әубәкіров Ара мен шыбын
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құланды ауылы, Құланды орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Диханова Райхан Ахытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×