Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жалынды ақын – Махамбет

07 қазан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Махамбет аудандық білім бөлімі
Таңдай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қойбақова Гүлбағым Нұрқабылқызы

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: Жалынды ақын – Махамбет (слайдымен)
Сабақтың мақсаты:
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға ақынның кім екендігін, оның қандай шығармаларын төменгі сыныптарда өткендігін еске ала отырып, қосымша сол алған білгендеріне ақынды тағы да жаңа қырынан таныта білу, өлеңнің мағынасын, негізгі мақсатын тарихын аша отырып түсіндіру.
Сабақтың дамытушылығы: Өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, елге, жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Шеберлік пен дағдыны қалыптастыру.
Сабақтың тәрбиелігі: Патриоттыққа, батылдыққа, өткірлікке, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Қызығушылықты ояту,, мағынаны тану, ой толғау, шығармашылық жұмыстар, топтық жұмыс, бір айналым сөз, әлемді шарлау, рефлексия
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, кітап көрмесі, бейнежазба, слайд, мультимедиа, бүктемелер т. б.
Пәнаралық байланыс: Тарих, саз пәні, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
1. Психологиялық дайындық

ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаңа сабақ
«Қызығушылықты ояту»
2. Мағынаны тану
3. Ой қозғау
4. Шығармашылық жұмыс
5. «Бір айналым сөз»
6. «Әлемді шарлау»
7. Үйге тапсырма
8. Қорытындылау
9. Бағалау
10. Рефлексия

1. Психологиялық дайындық
Аспанда күн шығып, барлық ағаш оған жапырағын жайып қарап тұрды. Күнге жылыну үшін жоғары – төмен созылып тұрды. Кенет жел тұрды. Ағаштар ырғала бастады. Жаңбыр жауа бастады. (Алдында тұрған баланың арқасын жаңбыр тигендей майда тырсылдатады) Жаңбыр күшейе түсті. Талдар бір - бірін жаңбырдан қорғап, сипалай бастады.
Жаңбыр тиылды, күн шықты. Ағаштар сілкініп жоғары қарай жапырақтарын жайды. Олар қуанып, өздерін жайлы сезінді.

Жаңа сабақ. Жалынды ақын – Махамбет
«Қызығушылықты ояту»
Мына суретке назар аударайық.
- Махамбет Өтемісұлы кім?
(Оқушылар жауабы)
Махамбет ақын, батыр, жыршы, күйші - сазгер, қолбасшы.
Ол жәй ақын емес, патриот ақын, шаруалар көтерілісінің айнасы.
- Ал, сендер 3 - сыныпта қандай шығармасымен таныс болдыңдар?
Біз 3 - сыныпта ақынның «Махамбет пен Жақия» және «Халық кегінің күйшісі» әңгімесімен таныстық. «Махамбет пен Жақия» әңгімесінде Махамбет Исатайдың баласы үшін жанын қиюға дайын екенін көрсетсе, «Халық кегінің күйшісі» әңгімесінде «Құрманғазы мен Махамбеттің кездесуі» туралы әңгімеленеді.

Қазақтың белгілі лирик ақын қызы, қазақ поэзиясының ақ шағаласы
А. Бақтыгереева « Өлең деген – құдірет қой шынында» деген жинағында жас қауымға:
О, жас ұрпақ!
Төрлеріңе ілгейсің
Патшаны емес
Махамбет пен Абайды – деген екен.

Махамбет туралы бейнетаспадан көрсетіліп, түсіндіріледі.

Оқушыларды топқа бөлу. Топтың аты қорғалады.
«Дулыға», « Семсер», «Тұлпар»

Топпен жұмыс. (Хронологиялық кесте)

Үш топқа Махамбет туралы мәтін бөліктерге бөлініп таратылады. Әр топ мәтінді оқып, түсінгенін келесі топтарға түсіндіреді.
Халық жазушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қ Р Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың: «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз» деген сөзі Махамбетке арналған болатын.

«Ой қозғау»
ІІІ. Топпен жұмыс

1 - топ: «Дулыға» тобы
Топтастыру
Махамбет

2. Махамбеттің өлеңін жатқа айтып бер.

2 - топ: «Семсер» тобы
1. Махамбеттің күйлері туралы не білесің?
2. Махамбеттің қанша күйі бар, қандай атпен жарыққа шықты?

3 - топ: «Тұлпар» тобы
1. Махамбетке арнау. Өлең шығару.
2. «Еркін жазу»

Сергіту сәті
Бейнетаспадан «Жұмыр, Қылыш» күйін тыңдау. Күйдің тарихы түсіндіріледі.

Шығармашылық жұмыс
Махамбет аталарың сияқты ақын болғыларың келе ме?
Махамбет өлеңдері үзінділерін толықтыру.

1 - топ: «Дулыға» тобы
Мұнар да мұнар, ______ ______,
_______ шыққан шұбар күн,
Буыршын мұзға ______ ______,
_______ _______ шөккен күн.

Толық нұсқасын жүктеу
5 391
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
М. Шаханов «Махамбеттің монологы»
Мұхтар Шахановтың өмірі мен еңбектеріне қысқаша сипаттама беріп, өлеңнің негізгі мәнін ұғындыру, ақын Махамбеттің бейнесін ашу; Оқушыларға тарихымыздағы дүниетанымдарын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Махамбет поэзиясы
Махамбет поэзиясы
Ақын өмірі, өлеңдерінің тақырыбы, мақсаты, тарихы туралы мәлімет беру, жаңа қырынан таныту, қосымша мәліметтер беру, өлеңге талдау; ұлтжандылыққа, батылдыққа, туған елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу; танымдық, шығармашылық ізденіске жетелеу, өз
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Махамбет Өтемісұлы «Менің атым – Махамбет»
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, «№5 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Піржан Әлия Нажимқызы
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупбекова Жанар Куанышевна
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығы
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Ксупова Базаркул Жарылкасыновна
Махамбет – өр рухты ақын
Махамбет – өр рухты ақын
Мұғалім: Бекенова Индира Сабақтың тақырыбы: Махамбет – өр рухты ақын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×