Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тұрлаусыз мүше. Толықтауыш

15 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
СҚО, Аққайың ауданы, Смирнов ауылы.
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Исмакова Ғалия Серікқызы

Сабақтың тақырыбы: Өткеннен не үйрендік, бүгіннен не білдік... Тұрлаусыз мүше. Толықтауыш
Сабақтың мақсаты: Меңгерген білімді негізге ала отырып, қалай оқу керектігін үйрету модулін пайдаланып, оқушының өз ойын еркін ашық жеткізуге жетелеу арқылы өзін - өзі реттеуді қалыптастыру, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып, қазіргі заман талабына сай келетін тұлға қалыптастыру.
Сабаққа талдау: Сабақта топпен, жеке жұмыс түрлері жасалды. Ең алдымен оқушыларды түрлі суреттердің қиындылары арқылы топқа бөлдім. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін сынып кезекшісі шаттық шеңберін өткізді. Оқушылар топпен жұмыс істеген уақытта бар күш – жігерлерін салып, белсенділіктерін көрсете білді. Үй тапсырмасын тексергенде венн диаграммасын қолдандық оқушылар алдындағы сабақта екі елді таңдап алып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырату мақсатында, алдыңғы сабақта бақылаушы болған Руслан тақтада орындап шықты, басқа топтар Русланның жауабын толықтырып отырды. Жаңа сабақты өткенде оқушылар тақтада берілген сұрақтарды негізге ала отырып, оқулықпен жұмыс жасады. Топ басшылары белсенді жұмыс атқарды, олар өз топтарына жаңа тақырыпты түсіндірді, ұғындырды. Жаңа сабақты түсіну мақсатында мәтінмен жұмыс орындалды, ең алдымен мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру керек еді. Сұрақтар оқушының сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететін болғандықтан, оқушылар өз мүмкіндіктерінше жауап беруге тырысты.
Топпен жұмыста әр баланың іс - әрекетін қадағалаймын.
Топтардың жұмыс жүргізу барысында оқушылардың іс - әрекеттерін, топ басшылардың жаңа тақырыпты қалай түсіндіріп жатқанын бақылаймын, топ мүшелерін қалай бағалап жатқандарын қадағалаймын, бағалаймын, Жазба жұмыстар кезінде оқушылардың қалай жұмыс істеп жатқандарын аралап жүріп қадағалаймын. Тілдік қарым қатынасқа түскенде практика қолдану үшін түрлі тапсырмалар арқылы жетілдіріп отырамын
топ басшысын анықтаймын.

Нәтижесінде: Өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жүйелей алады, сабақтың мақсатын өздері анықтай алады, топ басшылары топ мүшелерін бағалай алады венн диаграммасы арқылы салыстыра алады, алған білімдеріне сүйене отырып, тапсырманы орындайды, тілдік қарым - қатынасқа түскенде практикада қолдана алады
Сабақ несімен ерекшеленді?
Сабақ бойы әр топтық топ басшылары өз тобына тапсырмаларды, жаңа тақырыпты түсіндіреді, талдайды, әңгімелейді және өзі бағалайды, бірақ топ басшы жауап бермейді, жауап береді топтағы басқа мүшелер.
Қайсы жері қиындық тудырды?
Бір топтың топ басшысы түсіндіріп жатқанда оқушылар тақырыпты дұрыс т. сінбеді, өйткені ол топта үлгерімі өте-мөте төмен оқушылар болып қалды.
Осы қиындықты мен қалай шешемін?
Келесі жолы мен Шерзатты, Бекболатты араластырып басқа топтарға отырғызамын.
Сабақ соңында топ басшылар сайысы болды, бұл жерде әр топтың топ басшысы мен берген тапсырмаларды мүдірмей орындап, жауап беру керек. Соңында Фариза алға суырылып шығып, сыныптың көшбасшысы деген атқа ие болды.
Не сәтті өтті?
Оқушылардың топпен жұмыс жасаған кезде, тапсырмаларды дұрыс орындап шыққандары қуантты. Әсіресе, оқушылардың мәтінмен жұмыс жасағанда сыни тұрғыдан ойлау жақсы ойлар айтылды. Маған Русланның берген жауаптары ұнады. Өйткені Руслан өз ойын ашық еркін дәлелмен жеткізуге тырысты
Не сәтсіз өтті?
Зерттеуге алынған қабілетті оқушы Фариза бұл тапсырмада сәл пәл төмен түсіп қалғаны бірден байқалды.
Келешекте мен нені дамытқым келеді?
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын оқып, меңгергеннен кейін ғана өзімнің іс - тәжірибемде әрі қарай жалғастырам деген ойым бар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 382
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану Оқыту мен оқуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту - білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде.
Толықтауыштың жасалу жолдары
Толықтауыштың жасалу жолдары
Толықтауыш туралы білім деңгейін көтеру, тереңдету; Әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылыққа баулу;
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбин орта мектебі - бақшасы Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Хажат Алма
Жалаң және жайылма сөйлемдер
Жалаң және жайылма сөйлемдер
СҚО Мағжан Жұмабаев ауданы, №4 Булаево орта мектебі Казбекова Гулназ Мусетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×