Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шымтезек мүгі

10 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Шалқар қаласы,
№ 8 жалпы орта білім беретін мектеп
Биология және химия пәні мұғалімі
Сактапова Жайнагул Данбаевна

Биология 6 сынып
Тақырыбы: Шымтезек мүгі
Мақсаты: Оқушыларға өсімдіктердің систематикасы, мүктер туралы, түрлері, жалпы тірі ағза үшін маңызы, дамуы мен өсуі жөнінде түсінік беру және білімдерін қалыптастыру;
1) Оқушылар жаңа тақырыпты меңгере отырып, топта жұмыс жасай біледі, мүктердің маңызын, түрлерін, қызметін түсіндіру және одан әрі толықтыру;
2 ) Белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады, мүктердің түрлерін, дамуы мен өсуін түсіндіре отырып, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу;
3) Топ болып жұмыс жүргізу машықтарын жетілдіру, қосымша ақпаратты өз бетінше қабылдап сараптай білуге дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже: - Оқушылар жаңа тақырыпты меңгере отырып, топта жұмыс жасайды, мүктердің маңызын, қызметін біледі.
- Белсенділігі төмен оқушылардың ынтасы артады, шымтезек мүгінің маңызына көз жеткізеді.
- Топ болып жұмыс жүргізу машықтарын жетілдіреді, тақырыпты өз бетінше меңгереді, сараптай білуге дағдыланады.

Сабақ барысы
Кіріспе бөлімі
1) Амандасу ( оқушыларды жылы жүзбен қарсы алу, «Амандасу салтымыз...» тренингі) Яғни оқушылар әр елдің салтымен амандасады.

2) Үй тапсырмасын тексеру
«Стикердегі диалог» әдісі арқылы оқушылар сұрақтарға жауап береді.

3) Топқа бөлу; «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлемін.
1 топ: Өсімдіктер 2 топ: Жануарлар
3топ: Адамдар
4) Актуалдау. Жер бетінде өсімдіктердің қаншама түрлері бар. Олардың түрі сан алуан. Солардың бір өкілі - Мүктер

Жаңа сабақтың таныстырылымы
4) «Ротация» әдісі арқылы жұмыс. Оқулықпен жұмыс. Әр топ өздеріне берілген фламастермен топтық таныстырылымды жасап, келесі топ толықтырады.
1 топ: мүктерге сипаттама (тірек сызба, тәжірибе)
2 топ: Шымтезек мүгі құрылысы (ментальді карта)
3 топ: Дамуы
( Салыстыру кестесі)
Сергіту сәті. «Серігіп бір алайық!» тәсілі
5) «Біз есте сақтаймыз!» әдісі арқылы оқушылар термин сөздіктерді жаттап, дәптерлеріне жазады.
6 ) «Ой, толғаныс»
1 топ: «Мүктер әлемі» Эссе жазу
2 топ: « Даму жолдары» бес жолды өлең.
3 топ: « Шымтезек мүгі» туралы ертегі құрастыру;
8) «Карусель» әдісі арқылы әр топ өз ойларын айтады.
1) Кім? Не?
2) Неліктен?
3) Қашан?
4) Қалай?
5 ) Қайда?

8) «Активатор 3, 2, 1» әдісі арқылы өз ойларын дәптерге жазып ой бөліседі.
1) Бүгінгі сабақта ұнаған 3 тапсырма...
2) Сабақ барысында ұнаған 2 сұрақ...
3) Ұнаған 1 оқушы...

Толық нұсқасын жүктеу
4 529
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ашық тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктер
Ашық тұқымды өсімдіктердің құрылысы, ерекшеліктерімен таныстыру. Споралы өсімдіктермен салыстырғанда ашықтұқымдылардың айырмашылығы, және олардың қылқандары, көбею мүшелерінің құрылысын анықтау.
Мүктер
Мүктер
Мүктің құрылысына, түрлеріне анықтама беріп, табиғаттағы, шаруашылықтағы маңызымен таныстыру; табиғатты сүюге, оған өз бетінше бақылау жасауға дағдыландыру.
Мүктәрізді өсімдіктер
Мүктәрізді өсімдіктер
Оқушылар мүктердің әртүрлілігін біледі, мүктерге жалпы сипаттама бере алады, өсімдіктердің сыртқы құрылысының ерекшеліктерін ажырата алады.
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюцияның дәлелдемелері
Эволюция туралы, тірі ағзалардың дамуын, будандастыру түрлері, әдістері, дәлелдемелері туралы мағлұмат беру және білімдерін қалыптастыру;
Жасуша мембранасы және плазмалемманың құрылысы
Жасуша мембранасы және плазмалемманың құрылысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Абатова Мирамгүл Абубакировна
Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке
Адамның негізгі ұлпалары: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы №1 орта мектебінің биология пәні мұғалімі Абатова Мирамгүл Абубакировна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×