Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Құстардың ұя салуы

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№8 жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі:
Махамбетова Мереке Қазбағанбетқызы

Қысқа мерзімді жоспар
Әдебиеттік оқу 3 сынып
Тақырыбы: «Құстардың ұя салуы»
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын әртүрлі оқыту әдістерін қолдана отырып меңгерту;
Құстарға қамқорлық жасай отырып, оларды қорғауға, мейірімді болуға тәрбиелеу Құл – Керім Елеместің өмірі мен шығармашылығын таныстыру, ондағы негізгі ойды ұғындыру. Ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету. өзіндік ой - қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу. Ізденуге талпындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: Мәтінге талдау жасай алады. Түсініп, оқу дағдысы қалыптасады, өз ойларын еркін жеткізе алады. Сыни ойлауға бейімделеді.
Түйінді идея: Төзімді тілегіне жетеді.
I. Ұйымдастыру бөлімі
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Психологиялық дайындық.
Тренингке шақыру. «Менің ойымша сен....»
3. Үй тапсырмасы: «Бүршік»
«Өрмекшінің өрмегі» әдісі
4. Оқушыларды топтастырамын

ІІ. Қызығушылықты ояту
«Миға шабуыл» Нелердің дыбысы?
Құл - Керім Елемес – 1963 жылы 5 қарашада
ҚХР - дағы Шыңжаң өлкесі, Бұратала (Буратал) облысы, Жың (Жыңғылды) ауданына қарасты Қызылүй деген жерде туылған. Алғашқы қызметті (1984 – 1986) Жың ауданының Толы ауылында мұғалімдіктен бастаған. Сосын 1986 - 1991 жылдары Іле Қазақ автономиялы облысының «Іле» атты газетінде бөлім редакторы болып істеген. «Ақ жалын» атты тұңғыш жыр, «Жұлдызды түн» кітабы, «Жетінші аспан» жыр кітабы жарық көрді. Алматыда өткен «Дүниежүзі қазақтары жыр мүшәйрасының» екі дүркін жүлдегері

IIІ. Мағынаны тану

Құстардың ұя салуы» мәтінмен жұмыс

ЖИГСО» әдісі
Мәтінді бөліктерге бөлу:
Бөлімді әр жанұяда оқиды, түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізеді.
Мәтіннің мазмұнын топта талдайды, сараптау топтарына бөлінеді.

Сөз қоржын (сөздік жұмысы)
Шөпшек – шөптің қураған қиқым – сиқымы
Бүрен – қурай тектес өсімдіктің бір түрі
Дөдеге - киіз үйдің сыртын айналдыра үзік етегіне салатын, жалпақтығы сүйем не қарыс әшекейлі киіз
Кемелді – толық жетілдірілген

Әр топқа тапсырмалар беріледі
І топ. «Фишбон» әдісі
ІІ топ. «Венн» диаграммасы
• Үй құстары
• Жабайы құстар

ІІІ топ. «Синквейн» әдісі
Зат есім.
Синоним.
Сын есім.
Етістік.
Сөз орам.

Толық нұсқасын жүктеу
4 171
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстардың ұя салуы
Құстардың ұя салуы
Мәтінді түсініп оқып, құстардың тіршілігі туралы білімдерін одан әрә жетілдіру. Еліміздің байлығын, табиғатын бағалай білуге, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» (Қожа бейнесі)
Қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың повестімен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды ұғындыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға, өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету;
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Ақтау қаласы, № 20. Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенбаева Жанилхан Сенбаевна
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
Ақтөбе облысы,Шалқар қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дәуітова Гүлзада
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы, № 32 Ә. Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Кадирова Толқын Есеновна
Менің атым Қожа
Менің атым Қожа
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×