Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазіргі әлемдегі жасөспірім

24 сәуір 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Атырау қаласындағы химия - биология бағытындағы
Назарбаев зияткерлік мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Текеева Жанша Тажибаевна

Сабақ тақырыбы: Қазіргі әлемдегі жасөспірім
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары:
О1. Белгілі бір көзқарасты дәлелдеу үшін негізгі қорытындыларды мәтіннен табады.
О5. Сөйлемдердің стильдік қызметін, қолданылатын орындарын ажыратады, өзіндік қорытынды жасайды.
О4. Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдеп қорытынды шығарады, шешім қабылдайды
 Мәтінді түсініп оқу, ондағы белгілі көзқарасты дәлелдей алу,
 Мәтін негізінде ойға дәлелді қорытынды жасау, нақты шешім айту
 Сөйлемдердің стильдік қызметін, қолданылатынын ажыратады
Сабақтың мақсаттары:
Барлық оқушылар:
Мәтінді түсініп оқи алады
Ойға қорытынды жасайды
Оқушылардың көбісі:
Сөйлемдердің стильдік қызметін ажыратады
Оқылған мәтіннен қорытынды шығарады
Жетістік критерийлері:
 Мәтіннен ақпарат табу, стильдік ерекшелігін тану, грамматикалық норманы игеру
Кіріктірілген пән:
 Өзін - өзі тану, география, биология
Тілдік міндеттер:
 Мәтіннен ақпарат табу, стильдік ерекшелігін тану, грамматикалық норманы игеру
Алдыңғы білім: "Қазба байлықтар"тақырыптарына мақсатты тапсырмалар орындады. Бөлімге қатысты оқу мақсаттарында өз стиліңде әр түрлі тұрғылардан берілген тақырыпты баяндау және байланыстыру; зерттеу, комментарий беру, таңдау; мүдделі тақырыптарда қарапайым мәтіндерді жазу.

Жоспар
Жоспарланған іс - әрекеттер:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуалды реттеу.
1 минутта не істей аласың?!
1 минут саған қаншалықты маңызды!?
Бейнебаянға назар аударыңыз!
Сұрақтар:
1. Бейнеролик не туралы?
2. Бұдан не байқадыңыз?
Талқыла - Ой бөліс – Пікір білдір
Жұлдызша, смайликтермен бағаланады. Оқушылар өздерін бағалайды.
Сергіту сәті. «Ыстық алақан»

Топқа бөлу:
1. Денсаулық тобы - Қазыналы аймақ денсаулығына қауіп қайдан келді?
2. Жасөспірім тобы - Әлемдегі ең ұзын жасөспірім
3. Жастар тобы - Басты назарда – жастар денсаулығы
4. Гигена - Жасөспірімдерге гигиеналық тәрбие беру
Домино ойыны. Денсаулыққа байланысты мақал - мәтелдер.

Оқылым тапсырмасы.
4 - топқа төрт түрлі мәтін таратылады. Алдымен мұқият танысады.
Оқылым стратегиясы бойынша оқушыларға мәтінмен жұмыс жасауда бірнеше тапсырмалар берілген. Топ болып орындайды. Тапсырма орындауға 10 минут уақыт беріледі.
Тапсырмалар бойынша жетістік критерийлерін құрады.

Жетістік критерийлері:
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
1. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды таба алады
2. Мәтіннің стилін ажырата алады.
3. Мәтіннен маңызды ақпараттарды табады. Өз ойын дәлелдеу мақсатында орынды қолдана алады.
4. Грамматикалық нормаларды орындай алады.
5. Оқылған мәтін негізінде түрлі көзқарастарды дәлелдей алады. Өз көзқарасын қорытындылап, шешім шығарады.
ТЖ. Мәтінмен жұмыс.
Оқылым тапсырмасы 1 - топтың тапсырмасы
Әлемдегі ең ұзын жасөспірім
Түркия елінде тұратын 17 жасар Румеиса Гелги әлемдегі ең ұзын жасөспірім ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оның бойының ұзындағы 2 метр 13 саниметрді құрайды. Ал аяғының өлшемі - 47 сантиметр. Румеисаның ата - анасы оған аяқ киімді арнайы тапсырыспен Америкадан алдыртады.
Румеиса Гелги ата - анасымен және аға - апаларымен бірге Сафранболу қаласында тұрады. Жасөспірім өте сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады. Мамандар оған Уивер синдромына шалдыққан деген диагноз қойды. Бұл аурумен ауыратын адамдардың бойы тез өседі. Қазір Румеиса 11 сыныпта оқиды. Ол өзіне таң қалып қарайтын адамдарға еш өкпелемейтінін айтады. «Өзге адамдардан ерекше болған өте қызық. Бойым ұзын болғандықтан мен ең биік жерде тұрған заттарды оңайлықпен аламын. Мысалы, биік сөреде тұрған қажетті затты алу үшін еш қиналмаймын»,- дейді жас жеткіншек.
Дәрігерлердің айтуынша, Румеисаның бойы енді өспейді. Сондықтан ол әлемдегі ең ұзын бойлы адам саналатын Султан Косеннен _____ алмайды. Айта кетейік, Султан Косен де Түркия азаматы, Румеисаның жерлесі көрінеді. Оның бойы – 2 метр 51 сантиметр. Осыған дейін канадалық Анна Хейнинг Свон әлемдегі ең ұзын әйел болып саналатын. Оның бойының ұзындығы 2 метр 41 сантиметрді құрады. Ал тарихтағы ең ұзын адам – америкалық Роберт Уодлоу. 1940 жылы оның бойы 2 метр 72 сантиметр болатын.
Гиннестің рекордтар кітабынан орын алған жасөспірім ең ұзын адамдар қатарын толықтырды.

Тапсырма. 1. Мәтінді мұқият оқып, негізгі ойын анықтаңыз.
2. Мәтін стилінің ерекшелігін тауып, ажыратыңыз. Дәлелді пікірмен түсіндіріңіз.
3. Мәтіннен ақпараттарды табуып, оның ішіндегі ең маңыздысын көрсетіңіз.
4. «Румеиса Гелги Гиннестің рекордтар кітабына енді». Бұл туралы тағы қай абзацта айтылады? А) абзац 2В) абзац 1С) абзац 3D) абзац 4
5. Дәрігерлердің айтуынша, Румеисаның бойы енді өспейді. Неліктен? Дәлел келтіре отырып айтыңыз.
6. 3 - абзацтағы бос жерге қандай сөз қажет
А) ұзын бола В) озып кете С) асып түсе D) аса
7. Мәтінде есімдіктер мен оқшау сөздерді қалайша қолданған?____________________
8. 2 - абзацтың негізгі қызметі неде?
А) Румеисаның туыстарымен ауылда бірге тұратындығы.
В) Оның 11 - сыныпта оқитындығы
С) Өзге адамдардан ерекше болғандығы
D) Генетикалық аурумен ауыратындығы
9. Мәтінге байланысты 3 ашық сұрақ дайындаңыз.

Топ тапсырманы 3 - 5 минут көлемінде қорғайды.
Бағалау. Бес саусақ арқылы бағаланады.
Рефлексия
"Байшынар" Жапырақ тектес стикерге бүгінгі сабақ туралы пікір мен ұсыныстарын жазып, тақтада ілінген Байшынар ағашының суретіне жабыстырады.
2 310
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достық – өмірлік нұсқа
Достық – өмірлік нұсқа
Бөлім атауы: Сүйіспеншілік пен достық
Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі
Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан, жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары Т/Ж6 Әдеби шығармаларға негізделген өзіндік жауап беру мақсатында мультимедианы меңгеру және қолдану
Адамның сырт келбеті мен мінезі
Адамның сырт келбеті мен мінезі
Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу.
Мәтін және стиль
Мәтін және стиль
Мәтінді танып, талдау. Әр мәтіннің тілдік сипатымен өзіндік құрылым, түзілім ерекшелігін білуге үйрету
Кітаби тілдің стильдік тармақтары (орта мерзімді жоспарлау)
Кітаби тілдің стильдік тармақтары (орта мерзімді жоспарлау)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Көшкенбаева Жамал Солтанхановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×