Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адамның сырт келбеті мен мінезі

30 желтоқсан 2016, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Адамның сырт келбеті мен мінезі

А3. Орфоэпиялық нормаларды сақтау
Ж1. Әр түрлі стильде мәтіндер құрастыру
• 7. А3. Ауызша мәтіндер құрауда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту.
• 7. Ж1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу.
 Ауызша мәтіндер құрауда сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескере біледі;
 Ойын ауызша жеткізуде сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдерді орынды қолданып айта алады;
 Мәтін құрастырғанда оның стильдік ерекшелігін ескере біледі;
 Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаянның біреуін жазғанда стилін сақтай отырып жазады.

Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың белсенділігін арттыру.
 Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында өткізілетін тренинг.
Оқушылар бір - біріне мінездерінің жақсы жақтарын айтып, жылы лебіздерін білдіру үшін «Менің ойымды өзгерткен сенің бойыңдағы... асыл қасиет» деген сөзден бастайды.
Қолдарынан ұстап тұрып, әдемі тілек тілеген оқушыға сыныптастары марапаттау айтады.
Кері байланыс. Мықты екенсің. Қызықтырып жібердің.
СЖ
Сыныпқа қима қағаздар таратылады. Оқушылар өздерінің бойындағы қызық бір мінезін жазады. Әдемілеп бүктеп қорапқа салады. Сосын бір - бірлеп суырып, кім екенін тез тауып алған оқушыға жұлдызша тағылады.

Мінездерін бірден танығандар жұп құрады.
 Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырылады.
ЖЖ Алдыңғы сабақта алған білімді еске түсіріп, сәйкестендіру тапсырмасы беріледі.

ақкөңіл -------------------------------- флегматик
тез ойланып жауап береді -------------- холерик
достарына көмектесуді ұнатады ----------- меланхолик
жеңіл мінезді ----------------------------------- флегматик
агрессивті, шамданғыш ---------------------------- сангвиник
кісіге қайырымды --------------------------- меланхолик
жаңа ортада қатты қысылады --------------- холерик
тым қозғалғыш ------------------------------------ сангвиник
орынсыз сөйлемейді ---------------------------------- холерик

Сәйкестендіруді тез тапқан жұп жанындағы жұпқа тапсырма береді. Яғни 2 - 3 тіркесті сөзді алып, сөйлемнің интонациялық ерекшелігін қолдана отырып, ауызша хабарлы сөйлемдер құрып айту. Сыныптағы 5 жұп бір - біріне сөйлемнің айтылу ерекшелігіне байланысты сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемдерді ауызша құруға тапсырмалар береді.

Кері байланыс.
Оқушылар бір - бірін бағалайды
Жұптар
Шапшаң жұп
Орындайтын жұп
Баяу жұп
Жай жұп
Асықпайтын жұп

Еске сақтау.
Сөйлемдердің интонациялық ерекшелігі дегеніміз сөйлеп тұрғанда сөйлем ішінде белгілі бір сөздерге екпін ерекше түсіріліп айтылады. Мысалы: Керемет қандай, ол өз ортасында орынсыз сөйлемейді.
Сынып оқушыларының назарын интерактивтік тақтадан көрсетілген мына суреттерге аударамыз.
Бұлар кімдер? Танисыздар ма? Сыртқы келбетіне қарап олардың мінезіне болжау жасап көріңіздер.
Өз пікірін білдірген оқушылардың ішінде ойын ашық, еркін әрі әсерлі жеткізген оқушыны өздері сұқ саусақпен «Керемет екенсің» деп бағалайды.
 «Ойлан, Бөліс, Жауап бер»
 Адамның сырт келбетіне қарап, оның мінезін тани аламыз ба?

 Сіз жаңа танысыңыздың мінезін қалай танисыз?
Айтылым дағдысы бойынша бірнеше суреттерді слайд арқылы көрсете отырып, суреттегі бейненің мінезін өзінше болжап айтады.
Тапсырма
Осы сұрақтарға жұптаса отырып, өз көзқарастарыңды ортаға салып, диалог құрыңыздар. Диалогтарыңызда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айтып көріңіздер.
Дескрипторлар
Жұптасып диалог құра алады
Сұраққа өз ойымен жауап береді
Бейненің мінезін болжап айтады

Сергіту сәті.
Оқушыларға сурет беріледі. Сол суреттегі адамдардың аттарын табу үшін бірнеше сөйлемдер беріледі. Сүгіретші салған бейнені дәл тапқан оқушыны марапаттау.
Мәтіні:
Бас киім киіп тұрған биік және арық кісінің аты Марат емес. Сәбиттің және Жомарттың қасында тұрған адамның көзілдірігі жоқ. Арық және аласа адам Сәбиттің қасында. Мұртты адамның қасында тұрған кісі Марат.
Сақалы бар қара шашты адамның аты Марат емес. Арық және аласа адамның аты Жеңіс емес. Жомарттық қасындағы адамның бас киімі жоқ. Жеңіс Сәбиттің және Ержанның қасындағы адамның арасында тұр.
Адам аттары: Ержан, Марат, Жеңіс, Сәбит, Жомарт.
Жазылым
Өзің мінезің қандай? Кестенің 3 бөлігіне өз мінезіңіздегі ерекшелікті сөз тіркесімен жазыңыз. Ойыңызды жұбыңызбен бөлісіңіз. Ол растаған тұсына әдемі бағалау қойсын.
Қамқормын
қарапайым
көңілді
мазасызбын
шыдамды

f Жұптар бір - бірін бағалайды.

Жазылымда алдында оқып білгендерін естеріне түсіре отырып, досыңа не жанында отырған жұбына мінездеме жазады. Алдымен оның бойындағы жақсы қасиеттеріне тоқталады. Мінезіндегі нашар қылықты (ашушаң, өкпелегіш, т. б) қасиеттеріне өзінше ақыл қосуына болады. Мәтін құрғанда стильдік ерекшелігіне мән беру керектігі айтылады.

Рефлексия
3 - 1 Үш жақсы қасиетті айту. Соған үш сөйлем ойлау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
10 675
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
Бастауыш сыныпқа арналған ҚМЖ жинағы
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап,
Ш. Айтматов «Ана - Жер Ана»
Ш. Айтматов «Ана - Жер Ана»
Шағын көлемдегі мәтіннен жеке эпизодтарды сипаттау және тілдік ерекшелігіне салыстыру жасау. Сын - қимыл (бейне) және мөлшер үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Лепті сөйлем
Лепті сөйлем
Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыра білуге үйрету; сөйлемді тиісті дауыс интонациясын сақтап айтуға дағдыландыру; сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Сөйлем мүшелері. Бастауыш
Білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық, ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Қазақ тілі тереңдетуге арналған күнтізбелік жоспар 8-сынып
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 8-сынып. Қазақ тілін тереңдетіп оқыту (аптасына -4 сағат. Барлығы -136 сағат)
Сөйлем
Сөйлем
Атырау қаласы Ы. Алтынсарин атындағы №11 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Құбиева Зауреш Паңгерейқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×