Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз

31 мам 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
№93 орта мектеп тарих пәні мұғалімі
Турганбаева Зибаш

Бағыты: Қоғамдық - гуманитарлық
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Наурыз
Сыныбы: 5
Тақырыбы: Наурыз
Мақсаты: Наурыз мерекесінің тарихы, қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы және мерекенің тойлану жолдарымен таныстыра отырып, әңгіме жазуға үйрету
Күтілетін нәтиже: Фотогалерея арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табады, «Блиц кездесу» арқылы тақырып мазмұнымен танысып, түсінеді, кластер сызып, оқығанын қолданады, мәтел сөздердің және бата - тілектердің мағынасын ашу үшін талдау жасайды, барлық алған мәліметтері бойынша әңгіме жазып, жинақтайды. Бір - бірін, топты бағалайды, сабақ туралы кері байланыс береді.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Негізгі идея: Ұлттық Наурыз мерекесінің тойлануы.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер: Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, Блум таксономиясы, психологиялық ахуал орнату, блиц кездесу, фотогалереяға саяхат, қол шапалақтау
Жұмыс түрлері: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық
Керекті құрал - жабдықтар: оқулық, қосымша материалдар, стикер, суреттер
Бағалау түрлері: бағалау парағы, смаилик, жұлдызша, балық, бағдаршам,
Сілтеме: Артықбаев Ж, Қазақстан тарихынан әңгімелер, 5 - сынып, «Атамұра»- 2011 ж.

Кіріспе

Ұйымдасты - ру кезеңі Сыныпта көңіл - күйді дамытуға арналған психологиялық жаттығу жасау. Оқушыларды шеңберге жинаймын. Әр елді атай отырып, амандасу рәсімін жасау.

Топқа бөлу.
1 - топ: Көкпар.
2 - топ: Қыдыр ата.
3 - топ: Достық.
Әр топқа бағалау парақтарын, бағалау түрлерін тарату.

А кезеңі:
Білу Жаңа сабаққа кіріспе: Сурет галереясына саяхат.
Сыныпқа оқушылар көріп тамашалау үшін суреттер ілінеді.
Сурет бойынша бір - бірлеріне әңгімелеу керектігін ескерту.
Суреттермен жұмыс жасау арқылы жаңа тақырыпты табу.

Түсіну Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Оқушылардың өз бетінше игеретін тақырыптарын оқулық бойынша бөлу.
1 - топ: Қазақтың ұлттық мейрамдары.
2 - топ: Наурыз мейрамы.
3 - топ: Наурыз көже.
«Блиц кездесу» әдісі бойынша бір - бірлеріне тақырып мазмұнын түсіндіреді. Наурыз мерекесі туралы қосымша сұрақтар қоя отырып, толықтырып, айтып беремін.
В кезеңі:
Қолдану Дәптермен жұмыс:
Кластер құру:

Әдет - ғұрыптар: шаруашылық
дүниетанымдық
отбасылық
қоғамдық

Салт - дәстүрлер:
Қонақжайлылық
Ас беру
Той - думандар:
Бесік той
Шілдехана
Тұсаукесер
Сүндет той
Үйлену тойы
 Оқушылар, қандай ұлттық ойындарды білеміз?
Жаңа сөздер:
Наурыз - жаңа күн,
Ұлыс - мемлекет, ел,
Зындан - шыңырау түрме.
Дәптерге орындалған жұмыстарды смаиликпен бағалау.

Сергіту жаттығуы
Оқушыларға «Шырша» сергіту жаттығуын жасату
Талдау Топпен жұмыс: Нақыл сөздердің мағынасын ашу:

1 - топ: «Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» шағы.
2 - топ: «Самарқанның көк тасы да жібиді»
3 - топ: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»

С кезеңі:
Жинақтау
Сурет галереясындағы суреттерді таратып алып, суретке байланысты әңгіме жазуын қадағалау.
«Төрт сөйлем» әдісі.

Оқушылар шығармашылығы:
Наурызға қатысты бата - тілектер қоржынын толтыру үшін стикер тарату.
Тест жұмысы.

Бағалау
Қазақ халқының ұлттық мерекелерінің маңызы қандай деп ойлайсыңдар?

Толық нұсқасын жүктеу
9 245
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2- сынып дүниетану мемлекеттік мейрамдар
2- сынып дүниетану мемлекеттік мейрамдар
Менің бүгінгі сабақта сендерге тілерім ұшқыр ой, ойларыңа саналы сөз тілеймін. Қазақстанда мемлекеттік мерекелер өте көп. Соның бірі – Наурыз мерекесі.
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
М. Дулатов «Қош келдің, Наурыз!»
Оқушыларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру Диалог жүргізе отырып, сөздік қорын дамыту
Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы
Наурыз және қазақ халқының басқа да ұлттық мерекелері туралы оқушыларға жалпылама мәлімет бере отырып, мерекелердің маңызын ұғындыру.
Наурыз мерекесі. Фонетика, септіктерді қайталау.
Наурыз мерекесі. Фонетика, септіктерді қайталау.
Мереке туралы айта алуға, мерекенің қалай өтетінін сипаттауға үйрету; сөздерге фонетикалық талдау жасау, септеу, тәуелдеу, жіктеу т. б.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×