Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білім сапасы: кездесетін кедергілер және шешу жолдары

23 қазан 2016, Жексенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Коучинг үдерісінің жоспары:
 ТАҚЫРЫБЫ: «Білім сапасы: кездесетін кедергілер және шешу жолдары»
 САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Мектеп, ата - ана бірлесе жұмыс істеудің тиімдігін ұғыну және кедергілерді жою барысында қандай жұмыстар атқару керектігін анықтау

• КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
• Ата - аналар мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін біледі;
• Ата - аналар мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін түсінеді;
• Кедергілерді жою барысында қандай іс - шаралар атқару керектігін анықтайды;
• Өзара талдайды;
• Ата - аналар мұғалімдермен бірлесе жұмыс істеудің тиімдігін ұғынып, кедергілерді жою барысында қандай іс - шаралар атқару керектігін бағалайды;

 МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Ата - аналар, әкімшілік, пән мұғалімдері
 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ: Ой қозғау, негізгі бөлім (мазмұнды ашу), кері байланыс
 ӘДІС - ТӘСІЛДЕР: АКТ, өздік және топтық жұмыс, постер қорғау, екі жұлдыз, бір тілек
 ҚҰРАЛ - ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта, презентация, видео материал, постер, стикер, фломастерлер,
 ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: МАН, үлестірмелер
Сабақтың мазмұны:

Ұйымдастыру бөлімі
Жайлы атмосфералық ахуал қалыптастыру
Кіріспе
2. Топтарға бөлу.
3. Ой толғау.
1. «Біз және біздің атымыз» әдісі

Негізгі бөлім
Мақсаты: Мектеп, ата - ана бірлесе жұмыс істеудің тиімдігін ұғыну және кедергілерді жою барысында қандай жұмыстар атқару керектігін анықтау

Міндеттері: Өзара бірлесе отырып тиімді шешім қабылдауға, білім сапасында кездесіп жатқан кедергілерді бірлесе шешуге топта талдауға, анализ жасауға, бірлесіп жұмыс істеуді, бір - бірін тыңдауды, басқаның көзқарасымен санасуды қалыптастырады.

Қатысушылардың іс - әрекеті
1.«Сиқырлы шар» әріптестер шеңберге тұрып бір - біріне допты лақтырып өз есімін, оған қоса өз есімінен басталатын әріптен басталатын сөзден бойындағы жақсы бір қасиетті қоса айтып әріптесіне допты лақтырады. Осы арқылы бір - бірімен танысып есімдерін есте сақтайды. Мысалы: Дана - дарынды т. б

2. Ата - аналарға, қонақтарға кіріспе сөз
«Түрлі кәмпиттер» арқылы 3 топқа бөлінеді.(қызыл, сары, көк)
3.«Біз және біздің атымыз»
Әр топ өздерінің аттарының бірінші әрпінен сөз құрап, оны толықтырып жазғанда жақсы ой шығу керек.
4. Бейнефильм
- Осы бейнефильмге сіздің көзқарасыңыз қандай?

5.»Ойқозғау»
Түрлі түсті қағазға ата аналар берілген сұраққа барлығы жауап жазады.
Қызыл түске:
Сіз не себепті балаңызды мақтайсыз және ұрсасыз?
Сары түске: Мұғалім не себепті баланы мақтайды және ұрсады?
Көк түске: Бала неліктен өзін мақтайды және өзіне ұрсады?(әр топқа қызыл, жасыл, сары түстер үлестіріп беріледі. Топ мүшелері түстер бойынша топтап жазғандарын «Ата - аналар», «Мұғалім», «Бала» тобына ватманға жапсырады.
Дайын болған постерлерін қорғайды.
(Ата - аналар көбінесе неге баса назар аударатынын бақылау керек. Мысалы сабақ оқуына ма әлде оларға көмектесуге ме, тәрбиесіне ме, мұғалімге көмекке ме?)

Сарқан қаласы, Абай атындағы мектеп - гимназия
бастауыш сынып мұғалімі мұғалімі
Бекболатова Дана Кайролдановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 927
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Оқу мен оқытудағы кедергілер және оларды жеңу жолдары
Оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау. Оқу мен оқытудағы қиындықтарды жеңудің стратегиясын ұсыну.
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Ата - аналармен ұйымдастырылған жиналыс - тренингтің жоспары
Тақырыбы: “Бала бақыт бастауы, отбасы алтын діңгегі” Мақсаты: Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуда ата - аналармен бірлесе жұмыстар жүргізу.
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Критериалды бағалаудың тиімділігі
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша
Толағай (топтық сайыс)
Толағай (топтық сайыс)
Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру,, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу
Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары
Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары
Мұғалімдер оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілерді, қиыншылықтарды жеңудің жолдарын бірлесіп іздейді, кедергіден шығудың жолы әрқашанда бар екеніндігін түсінеді.
Шығарма жазу жолдары мен әдістері
Шығарма жазу жолдары мен әдістері
Оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі жазуға бағыттау.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×