Ауаның маңызы
Ауаның маңызы
Дүниетану 2 - сынып
Мақсаты 1. Ауаның тіршілік үшін, тірі табиғат үшін пайдасын ғылыми түрде дәлелдеу, ауаның серпімділік, сығымдық қасиеттерін тәжірибелер жасау арқылы көрсету.
2. Оқушылардың қоршаған орта туралы білім - біліктерін дамыту, сөйлеу тілін, ой - өрісін, шығармашылығын дамыту.
3. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: халықаралық «Тәй - тәй» бағдарламасы бойынша құрылған сабақ.
Әдіс - тәсілі: ой шақыру, әңгімелесу, тәжірибелер жасау, сұрақ - жауап, орталықтарда жұмыс, орталықтан орталыққа ауысу, ой қорытындылау, интерактивті тақтамен жұмыс, оқулықпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, ана тілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақтадан табиғат көріністері, тәрбиелік мәні бар сөздер, сызбалар, глобус, май шам, доп, шыны ыдыстар, резеңке, шар, қолғап.
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Қызығушылықты ояту ♦ Сабақ басында оқушылар жиналып, дөңгеленіп отырады.
- Балалар, қазір дүниетану сабағы. Сабаққа дайынбыз ба?
- Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық?
- «Ауа», «Ауаның қасиеті».
Ой шақыру стратегиясы
- Балалар, сендер білесіңдер ме? Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен сендер күнделікті кездесіп отырасыңдар. Бірақ оны көрмейсіңдер, тек сезесіңдер. Есікті тарс жапты, терезені ашып жіберді, ағаштың бұтағын жанап өтті. Кейде тіпті арқаңнан ептеп итеріп жібергенін сезесіз, «дөрекіленіп» бас киіміңді де жұлып әкетеді. Егер сен кенеттен жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жөнелгенін көрсең, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанына сене бер. Теңселіп тұрған егінді, басын шұлғып ырғалған шөптерді байқайсың. Мұндай сиқыршыны көзбен көрмегенмен, оның күнделікті ісі мен мінез - құлқы сендерге таныс. Ол үнемі сендерді қоршап тұрады.
- Бұл не?...
- Ауа.
- Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер? (Әңгімелесу)
- Ауаның қандай пайдасы бар? Мысалдар келтір.
- Құстар неліктен ұша алады?
- Ауа тіршілік үшін өте пайдалы. Ал ауа болмаса айнала қандай күйге түсер еді?
- Бір уақыт мұрындарыңды қысып, дем алмаңдар. Қанша уақыт шыдай аласың?
- Ауа тіршілік, тірі табиғат үшін өте қажет. Бізді қоршап тұрған ауа бізді түрлі табиғи қауіптен сақтайды. Ауа болмаса, күннен түскен қызу жер бетін күйдіріп кетер еді. Күн сәулесін ауа жан - жақты таратады.
Сондықтан да бізді күн күйдіріп кетпейді.
Мағынаны тану
● Глобусты шүберекпен жабу арқылы, атмосфераны түсіндіру.
● Интерактивті тақтадан ауаның ластануы туралы фильм көрсету.
- Балалар, ауа туралы бұдан да көп мағлұмат алу үшін таңдаған орталықтарыңда жұмыс жасайсыңдар. Бүгін біз оқу, жазу және ғылым орталықтарында жұмыс жасаймыз. Оқу орталығында ауа туралы қосымша материалдардан оқып, білімдеріңді кеңейтесіңдер. Жазу орталығында ауа, ауаның қасиеті, пайдасы туралы жазып, оқисыңдар. Ғылым орталығында тәжірибелер жасап, ауа туралы кең мағлұмат аласыңдар.
- Барлығыңа бүгінгі күні сәттілік тілеймін.
● Музыка қою, балалар өздері таңдаған орталықтарға орналасады.
● Интерактивті тақтада тапсырмалар жазулы тұрады.
Оқу орталығы
Тапсырмалар:
1. Ауаның маңызын оқулықтан оқы.
2. Мәтіннен адам өміріне ауаның пайдасын тауып оқы.
3. Ауаның шаруашылықтағы маңызын тауып оқы.
4. Ауаны ластанудан сақтау үшін қандай жұмыстар жүргізіледі? Өз ойларын айту.
5. Ауа неден тұрады? Хрестоматиядан оқы. (Ақ қағазға ауаның құрамын бояп көрсету).
● Оқу орталығындағы оқушылар өздеріне берілген тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды.
Жазу орталығы
Тапсырмалар:
1. Оқушылар таза ауа туралы, таза ауаны сақтау туралы эссе жазады.
2. Жазған сөйлемдерін оқиды.
3. Бірін - бірі толықтырады.
4. Ойларын ортаға салады.
Ғылым орталығы
Тапсырмалар:
1. Тәжірибелер жасау.
2. Кестелерді толтыру.
3. Дәлелдеу.
4. Өз ойларын ортаға салу.
1 - тәжірибе: Майшамды үшке бөліп, жағып, біреуін стаканмен, екіншісін банкамен жауып, үшіншісін ашық қалдырамын.
- Қай шырағдан бұрын сөнеді?
● Оқушылар өздері дәлелдейді.
2 - тәжірибе: - Кез - келген заттың бойында не бар? Суға қант салдым. Не байқадыңдар?
● Оқушылар дәлелдейді.
3 - тәжірибе: Шыны ыдысқа су құйып, стаканды төңкеру. Стаканға су кірмейді. Неліктен?
● Оқушылар дәлелдейді.
4 - тәжірибе: - Доптың екі бүйірін қыссаң, қабысып ішіне кіреді. Жіберіп қалсаң, серпіліп қайтадан өз орнына келеді. Неліктен?
● Оқушылар дәлелдейді.
5 - тәжірибе: Шарды үрлеу. Ауаның пішінін салыстыру.
● Оқушылар дәлелдейді.
6 - тәжірибе: Ауа толтырылған затты суға сал. - Зат бата ма? Неліктен?
● Оқушылар дәлелдейді.
♦ Ғылым орталығындағы оқушылар кестелерді толтырады.
♦ Өз ойларын ортаға салады.
♦ Орталықтағы жұмыс уақыты 15 минут.
♦ Орталықтан келесі орталыққа оқушылар сағат тілі бойынша ауысады.
♦ Интерактивті тақтадан сағат көрсетіліп, уақыт болғанда музыка ойналады.
Сергіту сәті Таза ауада демалып,
Шынығамыз жаттығып.
Айналаны қорғаймыз,
Күл - қоқыстан тазартып.
Ой толғаныс Шығармашылық тапсырма:
♦ Оқу орталығындағылар тапсырмалар бойынша жұмыс жасайды. Оқиды, сурет салады. Салған суреттері тақтаға ілінеді.
♦ Ғылым орталығындағылар тәжірибелер жасайды, дәлелдейді.
♦ Жазу орталығындағылар эссе жазып, жазғандарын оқиды, ойларын толықтырады. Ең үздік жазылған эсселер тақтаға ілінеді.
Жиын
1. Барлық оқушылар дөңгеленіп отырып, жиынға жиналады.
2. Интерактивті тақтамен жұмыс. Ауаның қасиеттерін тақтаның көмегімен оқушыларға көрсету.
3. Сызбаларды толтыру.
4. Ой қорытындылау.
5. Топтастыру стратегиясы
Ауа
6. Тақтада жұмыс.
Бастауыш сынып мұғалімі Дауренбекова Махаббат Бейсенбаевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Ауаның құрамы. Ауа қабығы. Ауа райын болжау
Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Ауа – Жердің қорғаны. Ауаны қорғау
Ауа туралы түсінік қалыптастыру. Оқушыларды ауаның құрамы және қасиеттерімен таныстыру. Табиғат пен адам үшін ауа қандай рөл атқаратынын таныстыру.
Өсімдік - тірі ағза
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылы, «Абай атындағы орта мектеп - лицейі және балабақша» КММ - сінің бастауыш сынып мұғалімі Сейсекенова Лаура Байкенжеқызы
Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. Ауаның маңызы
Ауаның маңызы. Ауаны ластанудан сақтау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Саулебаева Ләззат Шакиқызы
Ауаның маңызы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Матаева Жанар Махамбетияровна Дүниетану 2 класс
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.