Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жердің заттың құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар

06 желтоқсан 2016, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
«Өзін - өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының сценарииі
5 сынып
Тақырыбы: «Жердің заттың құрамы, тау жыныстары және пайдалы қазбалар».
Мақсаты: Жердің заттың құрамы, пайдалы қазбалар туралы түсінік бере отыра қиянат жасамау құндылығының мағынасын ашу.
Міндеттері:
1. Оқушыларға Қазақстанның пайдалы қазбалары, тау жыныстары туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой - өрісі мен білім, білік, дағды іскерлігін дамыту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, экологиялық тәлім арқылы адамгершілікке елін - жерін сүю арқылы патриоттыққа тәрбиелеу Сабақтың тегі: жаңа сабақ
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі: тау жыныстарының үлгілері, Қазақстанның физикалық картасы

Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын сұрау және қорыту
Берілген сөздердің ұғымына түсінік беру
Мантия, жер қыртысы, ядро, литосфера, цунами
Деңгейлік тапсырма: Жер шарының ішкі құрылысының қандай қабаты туралы айтып отырғанын анықта.
1. Мантия 2. Жер қыртысы 3. Ядро
а) Жердің ортасына жақын
ә) Қалыңдығы 5 - 80 шқ аралығында
б) Латын тілінен аударғанда «шапан» деген мағынаны білдіреді
в) Температура +4000С, +5000С жетеді
г) Жердің сыртқы қабаты
д) Қалыңдығы 2900 шқ
е) Қатты және қоймалжың заттардан тұрады
ж) Материктік және мұхиттық бөліктерден тұрады
з) Негізгі элемент темір
Сәйкестендіру кезеңі «Ойлан да, тап»
Атмосфера ------------- қатты қабығы
Гидросфера ------------- жердің өзегі
Ядро ------------- ауа қабығы
Биосфера ------------- шапан
Мантия ------------- су қабығы
Литосфера ------------- тіршілік қабаты
Қорыту: «Ойланып көр» Не үшін жерді тауық жұмыртқасымен салыстырады?

ІІІ Жаңа сабақ.
1. Тау жыныстары коллекциясын көрсету
(Мына суретте не көріп тұрсыңдар)
Табиғи алтын Табиғи мыс Әк тас (Ізбесті тас) Калий тұзы
Тас көмір Ванадий Мұнай өңдеу Алтын
Темір кені Мырыш кені Тұз өндіру

Тау жыныстары дегеніміз - жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ массалар жиынтығы. Жер қыртысы әр түрлі тау жыныстарынан құрылған. Олардың негізгі үш типі бар:
Тау жыныстары
метаморфты
магмалық
шөгінді
Магмалық тау жыныстар жанартаудың әсерінен пайда болған лаваның суынып біртіндеп қатуынан пайда болады. Олардың қатарына гранит, базальт, т. б. жатады. Шөгінді жыныстар әр түрлі жағдайда пайда болады. Ертеректе пайда болған тау жыныстары сыртқы күштердің әсерінен бұзылып құм, саз сияқты шөгінділерден, тірі азалардың іс - әрекетінің салдарынан түрі өзгерген бор, тас көмір сияқты шөгінділер пайда болған. Метаморфты жыныстар (грек тілінендегі «метафорос» - өзгерген ) жер қойнауындағы шөгінді жыныстарға жоғарғы температура мен қысымның әрекет етуінен болады. Жерді қалыптастырушы тау жыныстарын біздер көбіне пайдалы қазбалар ретінде көбірек білеміз.
газ
алтын көмір
күміс мұнай
тұз
бор
темір
Пайдалы қазбалардың топтасып жинақталған жерін кен орны деп атаймыз. Қазақстандағы ірі кен орындарына Қарағанды көмір алабы, Теңіз мұнай кені, Алтай тауындағы түсті металдар кен орындарын жатқызамыз. Біздің еліміз пайдалы қазбаларға бай мемлекеттердің бірі. Табиғатта пайдалы қазбалардың сарқылатын және сарқылмайтын ресурстары кездеседі. Күн сәулесі, жел, судың толысуы сарқылмайтын ресурсқа жатады, ал көмір мен мұнай сарқылатын ресурсқа жатады.
Пайдалы қазбалар
(қолданылуына қарай)

жанғыш кен емес
мұнай кен тұз
газ темір фосфорит
көмір алтын әктас
мыс
(шартты белгілермен таныстырамын)
Дәптермен жұмыс (атлас картадан кен орындарын анықтау)

Ақмола облысы, Есіл ауданы, Свободный ауылы
Свободный орта мектебінің өзін-өзі тану мұғалімі
Мұсатай Тұрсынкул Әнуарбекқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құм, саз және әктас.
Құм, саз және әктас.
Оқушылардың бос тау жыныстары - құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.
Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Тау жыныстары деген не?
Тау жыныстары деген не?
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Толқынбекова Айман Керімбекқызы
Пайдалы қазбалар және олардың түрлері
Пайдалы қазбалар және олардың түрлері
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы «№18 орта мектеп» КММ бастауыш сынып мұғалімі Бакынова Раушан Сериккановна
Тау жынысы деген не?
Тау жынысы деген не?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный кенті, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Хожамбергенова Амина
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×