Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша

10 ақпан 2017, Жұма
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Қазақ тілі 8 сынып
Сілтеме: Жоспар
Жалпы мақсаты Оқушылардың «Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» туралы білімін бекіту
Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу жолын үйрету.
Топпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже Оқушылар «Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» туралы білімдерін бекітеді.
Бастауын пен баяндауыштың арасына сызықшаның қойылу жолын үйренеді. Топпен бірлесіп жұмыс жасайды.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Сөйлем мүшесінің белгілерін ата.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді?
Атқаратын қызметі жағынан неше топқа жіктеледі?
Бастауыш, баяндауыш дегеніміз не?
Бастауыш пен баяндауыш арасына қай жағдайда сызықша қойылады?
Постер қорғалады. Үй тапсырмасын тексеру. 10 мин

III Слайдтан тапсырманы көрсету. Жазбаша түрде тақтаға шығып орындайды.
Берілген сөйлемдердің қайсысына сызықша қойылады? Сызықша қойылатын сөйлемге «иә», сызықша қойылмайтын сөйлемге «жоқ» деп жауап жазыңдар.
Оқу білім бұлағы. (Иә)
Оқу түбі тоқу (Иә)
Бірлігі күшті ел азбайды (Жоқ)
Суға кеткен тал қармайды (Жоқ)
Көп түкірсе көл. (Иә)
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Тақтадағы жұмбақты шешу.
Ол дағы атау тұлғалы
Сөздерді байланыстырады.
Байланысу түрі оның – қиысу,
Интонация тәсілімен түйісу. (Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
СЛАИДТАН жаңа тақырыпты түсіндіру. КЕСТЕ БОЙЫНША СӨЙЛЕУ.
Қолдану. Жұптық жұмыс «Ойлан – Тап - Талқыла!»
Тапсырмалар, карточкалар беріледі.
Бағалау. Стикер арқылы.

IV. Талдау
Ә) Жеке жұмыс құзырлылық тапсырма. Кітаппен жұмыс. 40 - жаттығу.
V тапсырма: Бағалау. Рефлексия. Менің сабақтан алған әсерім...
VI Үй тапсырмасы: 41 – жаттығу.

Жоғарыда өткізілген сабақтың артықшылығы оқушы жеке тұлға ретінде биіктігі көрінеді. Әр оқушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасайды. Дәстүрлі сабақтан гөрі оқушы іс - әрекеті басымырақ. Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенген, өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанған. Оқушы қауымы шығарма мазмұнын мазмұндаумен шектеліп келсе, қазіргі сабақтарда оқушының жеке пікірі негізге алынады. Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулудың негізгі сатылары оқушы іс - әрекеті мен жүзеге асып жатыр. Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне оң ықпалдығы ұжымның жұмыс жасауға бейімделуден, жеке тұлғаның еңбегінің түзілуі білімге деген құштарлығын толықтыра түседі. Жалпылау ойлаудан, жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырды.
Блум таксономиясына негізделіп құрылған сабақтарымда жеті модуль идеясын, сонымен қатар «Ой толғау», «Ой шақыру», «Мағынаны ашу», «5 жолды өлең», «Автор орындығы», «Рафт», «Миға шабуыл», «Топтастыру», «Кубизм», «Суреттер сөйлейді», «Дейін - кейін», « Болжау» стратегияларын, «Джиксо» әдісі бойынша тақырыпты бөлімге бөліп оқыту,«Бағдаршам» тәсілі, «Мен саған, сен маған» әдісі, « Конверт - сұрақ» әдісі, «Ойлан, жұптас, бөліс»,«Сізден сұрақ, бізден – жауап», «ИНСЕРТ» әдісі, «Венн диаграммасы», «Ақылдың алты қалпағы», «Блум түймедағы сұрақтары» сияқты әдіс - тәсілдерді үнемі қолданамын. Сонымен қатар оқушылар сабақта өз деңгейін анықтап, рефлексия жасап, оқыту үшін бағалауды еркін қолданады.
Сабақ барысында оқушыға білім игерту жолында сұрақтардың дұрыс қойылуы аса маңызды болып табылады. Тақырып төңірегінде Блум таксономиясының әр кезеңіне сай сұрақтарды төмендегі кесте бойынша пайдаланып келемін.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 836
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Баяндауыш. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен болғанда бастауыштан кейін сызықша қойылатынын салыстыру тәсілімен түсіндіру. Тапсырмаларды орындау барысында ойлау, талдау, салыстыру арқылы алған білімдерін пайдалана білуді дамыту.
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаның жасалу жолдарын түсіндіремін; Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіріп, шешендік өнерге баулу
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша (күнделікті сабақ жоспары)
Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғалы зат есім болса, араларына сызықша қойылады. астық – біздің байлығымыз.(«Тербеледі тың дала».) Күдіренов Айтым – аға шопан. Ерлік – бүгінгі өмір талабы. («Дала дауылпаздары»)
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Атырау қаласы, №2 орта мектептің орыс сыныбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, жаңартылған оқу бағдарламасы тренері Унгаралиева Назгул Имашевна
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша
Карағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, № 1ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Габдуалиева Жанна Болатовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×