Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №1

19 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Топтамадағы сабақ тақырыптары
11. Буын үндестігі
12. Дыбыс үндестігі
13. Құрлық беті. Жазықтар
14. Сапарғали мен Нұржанның жұмбақ айтысы
15. Есептерді, сандарды салыстыру.
16. Санның разрядтық қосылғыштары. Есептерді салыстыру
17. Дыбыс үндестігі 30 - 36 жаттығу
18. Ер Тарғын (жырдан үзінді)
19. Мазмұндама «Жолбарыс»
20. Көп таңбалы сандарды оқу және жазу. Есептерді салыстыру


Үлгі:
Сабақтың тақырыбы: Буын үндестігі
Қазақ тілі 4 сынып
Мақсаты: Буын үндестігі туралы білімдерін пысықтау. Қосымшалардың түбір сөздегі дауысты дыбысқа үнемі сәйкес болып жалғана бермейтінін байқату. Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Күтілетін нәтижелер: Буын үндестігі туралы білімдерін пысықтайды.. Қосымшалардың түбір сөздегі дауысты дыбысқа үнемі сәйкес болып жалғана бермейтінін байқайды. Сауатты жазу дағдылары жетіледі.
Керекті жабдықтар:
Әдістер: Оқулық, маркер, ватман, суреттер

Топтастыру стратегиясы, топтық, салыстыру кестесі,«Ішіне, Сыртына» әдісі,
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Психологиялық дайындық:
Мақсатымыз – білім алу,
Міндетіміз еңбек ету.
Бәріміз жұмыла
4 пен 5 - ке қол жеткізу.
ә) Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу. Бөлшектерден дұрыс сурет жинақтау. Топ басшыларын сайлау.
ә) Топтық жұмыстарды орындауда басшылыққа алынатын ереже шығару.
Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені пысықтайды
Буын үндестігі дегеніміз не?
16 - жаттығуға құрған ертегілерін дауыстап оқып шығады.
Үй жұмысын бағалау.
Бағдаршам стратегиясын қолданып, бағалайды.
Үй тапсырмасын қорытындылау
- Жоспарға қарап ертегі құрастыру қиындық туғызған жоқ па?

Қызығушылығын ояту
Салыстыру кестесін жасау.
Баяғыда буын үндестігі деген бір адам өмір сүріпті. Оның жуан және жіңішке деген егіз баласы болыпты. Егіз балдары өте ақылды болыпты. Бір - бірімен өте сыйластықта бір - біріне көмектесіп отырады екен. Олардың көп балалары бар екен. Қанекей оқушылар біз жуан мен жіңішкенің балдарын алма ағашына тізіп шығайық.

Алма ағашын пайдаланып жуан және жіңішке сөздерді екі алма ағашына тізу.
Берілген сөздер: Қуанышты, көңілді, қайратты, әділетті, ақылды, көрікті, байсалды, мейірімді, парасатты, тәрбиелі

Мағынаны тану
Оқулықпен жұмыс.
1 - топ: 17 жаттығу «Ішіне, Сыртына» әдісімен
2 - топ: 18 жаттығу Ережені толықтыр
3 - топ: 19 жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда, не байқадың айт.
20 жаттығу Қарамен жазылған сөздерді көшіріп жазып сөйлем құра.
Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.
Өнерпаз, мұрагер, емхана, сәнқой, арбакеш, Жамбылдікі, талапкер, дәріхана, парктен, цехта, бокске

Ой толғаныс
Бұл сөздердің жазылуын естеріңде сақтаңдар.

! Тілімізде буын үндестігіне бағынбайтын мынадай қосымшалар бар:
- мен, - пен, - бен: қаламен, аспен, сазбен.
- паз: өнерпаз
- қор: еңбекқор
- кер: талапкер
- гер: мұрагер
- хана: дәріхана
- нікі, (- дікі, - тікі): Алматынікі т. б.
Сабақты бекіту

- Буын үндестігі дегеніміз не?

Бағалау, мадақтау.
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма.
22 - жаттығу

Рефлексия
1.«Не үйрендім?»
2. Бүгінгі сабақтағы ұнаған сәтін жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқаны қарау
1 783
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Буын және тасымал
Буын және тасымал
Буын, тасымал туралы бірінші сыныпта алған білімдерін еске түсіру, қайталау; дауысты дыбыстың буын құрайтыны, буынға бөлінген сөздердің барлығы бірдей тасымалдана бермейтіні туралы түсініктерін тереңдету;
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Қазақ тілінен ережелер (1 – 11 сыныптар үшін)
Фонетика – тіл туралы ғылымның бір саласы. Онда дыбыстар, екпін және буын, үндестік заңы қарастырылады. Қазақ тілінде 42 әріп және 37 дыбыс бар.
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы № 2
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы № 2
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қазақ тілінің ережелері 1 - 11 сыныптар үшін
Қостанай облысы, “Боровской санаторлық мектеп – интернаты” Бегайдарова Гүлжихан Серікбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×