Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы № 2

19 қыркүйек 2017, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
21. 500 м жүгіру техникасы
22. Көп таңбалы сандарды оқу және жазу. Есептерді салыстыру
23. Жолбарыспен айқас «Қамбар батыр» жырынан үзінді
24. Тайбурылдың шабысы («Қобыланды батыр» жырынан үзінді)
25. Сандарды және шамалар мәндерін салыстыру. Есептерді салыстыру
26. Фонетикалық талдау
27. Мәтін туралы берілген ұғымды кеңейту
28. Бөлім жайлы түсінік
29. Өзіндік жұмысы №1
30. Тортайдың мұңы («Алпамыс батыр» жырынан үзінді)


Үлгі:
Сабақтың тақырыбы Көп таңбалы сандарды оқу және жазу. Есептерді салыстыру
Сілтеме Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор
Сабақтың жабдығы суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Мақсаты: Көп таңбалы сандарды оқуда аталмаған разрядтар бірлігінің орнына нөл жазылатынына назар аудару. Тура және жанама түрде берілген есептерді салыстыру. Оқушыларды тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға баулу, білімдерін толықтыру, кеңейту; Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту;
Оқыту нәтижесі:
Көп таңбалы сандарды оқуда аталмаған разрядтар бірлігінің орнына нөл жазылатынына назар аударады. Тура және жанама түрде берілген есептерді салыстыра алады. Оқушыларды тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығара алады. Оқушылардың ауызша, жазбаша есептеу дағдылары қалыптасады, логикалық ойлау қабілеті дамиды
Көрнекілігі: кесте, суретті есептер, ватман, маркер, стикерлер
Әдістер: жеке, топтық, жұптық жұмыстар

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату
Неліктен кемелер
Адасып қалмайды
Ал тура жолменен
Тұман мен жауында
Желдей есіп самғайды,
Өйткені, өйткені
Байқасаңыз, мінеки
Капитандарға көмекке
Келеді
Ма - те - ма - ти - ка
Топқа бөлу Оқушыларға кесілген суреттер үлестіріледі
Бағалау парақшасын толтырады, танысады.

Үй тапсырмасын пысықтау
№8 тапсырманы ауызша оқыту.
Қызығушылықты ояту
Ауызша есеп тақтада
80700
345080
21184902
Санды оқы:
- Осы сандарда әр кластың неше разряды бар?
- Олар қандай сандар: тақ па әлде жұп па?

- Бұлар қандай сандар?
Көп таңбалы сандарды оқып, жаза білуді үйренеміз.
№1Математикалық диктант ретінде аламын.

Мағынаны тану
50960, 7400, 3000, 800000
Сандарды салыстыр не байқадың?
Есіңе сақта!
Көп таңбалы санды жазғанда алдымен екінші кластың аталған барлық бірліктерін жазып алады да, оған бірінші кластың аталған барлық бірліктерін тіркеп жазады. Қандай да бір разряд аталмаса, оның бірліктерінің жоқ болғаны. Сондықтан аталмаған разряд бірліктерінің орнына нөл жазылады.
Өз бетімен орындалатын тапсырмалар:
№2 Разрядтық қосылғыштарға жіктеулі төмендегідей сандарды жаз, оқы
300000+70000+7000=370000
300000+7000+70=307070
300000+70000=370000
№3 мәтіндегі сандарды цифрмен жазғызу
15000, 3310, 11690, 1800, 3000
№4, 5 Сандарды оқы жаз
Топтық тапсырма:№6 есептері шығарады, салыстырады.
1 - топ:
Атасы - 54 жаста
Немересі -? 45 жас кіші
Ш: 54 - 45=9
Ж: немересі 9 жаста
2 - топ:
Атасы - 54 жаста, одан 45 жасқа үлкен
Немересі -? жаста
Ш: 54 - 45=9
Ж: немересі 9 жаста
№7
3 - топ:
Құрлықта - 40км
Теңізде -? 34км кем
Ш: 40 - 34=6
Ж: теңізде 6 км
4 - топ:
Құрлықта - 40км, одан 34км артық
Теңізде -?
Ш: 40 - 34=6
Ж: 6 км
Сергіту сәті
Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен.
Кітап
Ой толғаныс №9 Тіктөртбұрыш сызғызу. Оны әріптермен белгілету. Атауы бойынша жазу, Екі үшбұрышқа бөлу. Белгіленуі бойынша жазып көрсеткізу
Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақта біз не істедік? Саған қайсы тапсырма қиын болды?
Үй тапсырмасы: №9 Амалдарды орындау. Оқушылар күнделіктеріне жазады
Бағалау: Бағалау парақшасын толтырады
Өз жұмысыңа ризасың ба?
Өз көңіл күйлерін стикерге жазу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқаны қарау
3 815
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
234 *2, 468: 2 түріндегі көбейту және бөлу
Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру. 3 - 4 амалмен орындалатын құрама есептерді шығаруға үйрету.
Сандарды, шамалар мәндерін және есептерді салыстыру
Сандарды, шамалар мәндерін және есептерді салыстыру
Сандарды разрядтарға жіктеу арқылы салыстыру. Тура және жанама түрде тұжырымдалған есептерді шығаруға машықтандыру.
Математика пәнінен 4 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Математика пәнінен 4 - класқа арналған күнделікті сабақ жоспарларының үлгілері
Мың көлеміндегі сандарды жіктеу, салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап пысықтау; Оқушылардың білім, білік, дағдыларын қайталау, тиянақтау, қалыптастыру, деңгейін анықтау
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №1
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы №1
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы
Бастауыш сыныптарына арналған қысқа мерзімді жоспарлар топтамасы.
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру
Үш таңбалы сандарды салыстыру. Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша тәсілдерімен таныстыру; разрядтық қосылғыштарға жіктеу;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×