Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Досымның туған күні

29 тамыз 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Тақырыбы: Досымның туған күні
3 сынып
SMART мақсаттары: Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, «ойлан - жұптас - топтас» стратегиясы бойынша жұмыс орындау, мәтінді мәнерлеп түсініп оқу, жеке сөздер, сызбалар, суреттер бойынша сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
Күтілетін нәтиже: Барлығы: мәтінді түсінеді, сурет бойынша сөйлейді, сөйлем құрастырады.
Көпшілігі (А, В): өлеңді мәнерлеп оқиды, сөйлемдерді қатесіз жазады, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей алады.
Кейбіреуі (А): топты басқара отырып, В, С топтарының оқушыларын ауқымды көмек көрсетеді, тақырып бойынша өз ойларын толық жеткізе алады.
Тілдік мақсаттар:
- мәтінді тыңдайды, түсінеді, сызба, сурет бойынша сөйлейді, сұрақтарға жауап береді.
- Туған күн, сыйлық, құттықтаймын, әкелді сөздерімен, тірек сызба бойынша пайдаланып сөйлем құрастырады.
- Мәтінді мәнерлеп оқып машықтанады, қатесіз жазады.
Алдыңғы оқу: Досыңның туған күні қашан? Досыңа не сыйлайсың?
Досың қандай сыйлық ұнатады? Досың қандай адам? Қандай қасиеттерін ұнатасың?

Басталуы (қызығушылықты ояту) 5 мин
*Сұраққа жауап бере отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайық.
Досыңның туған күні қашан?
Досыңа не сыйлайсың?
Досың қандай сыйлық ұнатады?
Досың қандай адам?
Қандай қасиеттерін ұнатасың?
*1 - тапсырма. Жаңа сөздермен танысып, сөз тіркестерін құрастырыңдар. Осы сөздерді пайдаланып сабақтың тақырыбын анықтайық.
Қонақ - гость
Сыныптас - одноклассник
Көрші - сосед
Дайындадым - приготовил
Тұрады - живет

Ортасы (мағынаны тану)
20 мин 2 - тапсырма.
Толықтырып жаз.. Сөз тіркесін, сөйлем құра.
121 - бет (І топ)
Бұл кімнің туған күні?
Әкесі не сыйлады?
Анасы не сыйлады?
Әпкесі не берді?
Інісі не берді?

2 - тапсырма. Әңгімені оқып, өзге топтарға түсіндір (ІІ топ)
Менің досымның аты – Дархан. Ол үшінші сыныпта оқиды. Бүгін менің досымның туған күні. Ол 18 наурызда туған. Мен досыма кішкентай сыйлық дайындадым. Мен досымды туған күнімен құттықтаймын.

3 - тапсырма. Диалогті аудар.(ІІІ топ)
- Сәлем, Марат!
- Сәлем, Вадим!
- Бүгін қай күн?
- Бүгін 3 - мамыр
- Сен қайда барасың?
- Мен қонаққа барамын.
- Кімге қонаққа барасың?
- Кіммен барасың?
- Досыммен
- Сен не сыйлайсың?
- Мен кітап сыйлаймын.

Мұғалім: Есмағанбетова Қ. Ә.
Досымның туған күні. жүктеу
1 867
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қасым Аманжолов Көктем
Қасым Аманжолов Көктем
Өлең мазмұнын түсініп, мәнерлеп және нақышына келтіріп оқиды.
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Мұқағали Мақатаев «Сүйемін, өскен Отаным»
Оқушыларды Мұқағали Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету; өлеңнің өзекті түйінін, ойын ашуға жағдай жасау, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Жақсы мінез
Жақсы мінез
Қысқа мерзімді жоспар
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністер
Жемістер мен көкөністерді ажыратады. Дауысты дыбыстарды ажыратып жазады
Астана
Астана
Астана сөздің синонимі қандай сөз? /елорда, бас қала /
Туған күн
Туған күн
Жамбыл облысы, Тараз қаласы. Ержанова Нургуль Оразбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×