Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қозғалыс сыры

12 ақпан 2019, Сейсенбі
Категориясы: Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс сыры
(Жаратылыстану пәні)

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары):
- бұлшық еттің қозғалыс кезіндегі жиырылуының рөлін түсіндіру;
- құрылған жоспарға сәйкес бақылау жүргізу және қорытынды жасау;

Ресурстар: Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған заттар және қолдың моделі, арқан. резеңке, А3 қағаздар, маркерлер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: Математика, дене шынықтыру, дүниетану.

Басталуы
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мақсатымыз – білім алу
Міндетіміз – еңбектену
5 - ке оқып қол жеткізу
Жаңа ғасыр ұланымыз
Жақсы оқу ұранымыз

Топқа бөлу 1 минут
Қиылған суреттің бөліктерін құрастыру арқылы топ атауын шығару.
1 топ – Жұлдыз
2 топ – Күн
3 топ – Жер
4 топ - Ай

Білу және түсіну 1 минут
Өткен сабақты пысықтау мақсатында сұрақтарға жауап беру.
ОЙ ҚОЗҒАУ 1 минут
- Оқушылар қаңқаға не жетіспей тұр?
- Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Бейнебаян: Бұлшықеттердің қызметі 3минут
• Бұлшықет дегеніміз не?
• Бұлшықет біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі. Адамның қаңқасы өздігінен қозғала алмайды. Олар бұлшықет арқылы қозғалады. Олардың көмегімен біз секіреміз, жүгіреміз, ойнаймыз, жазамыз, доп лақтырамыз. Адам денесінде 650 - дей бұлшықет орналасқан. Бұлшықеттердің түрлері болады. Ауыр және қиын жұмыс жасауға арналған үлкен бұлшықеттер және жеңіл жұмыс жасауға арналған кіші бұлшықеттер болады. Адам күлгенде 17 бұлшықет, ал қабағын түйгенде 46 бұлшық ет жұмыс жасайды. Ең күшті бұлшықет шайнау бұлшықеті, ал ең кішкентай бұлшық ет құлақтың ішінде орналасқан екен.

Ортасы
Білу және түсіну 10 минут
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. КІТАППЕН ЖҰМЫС
 Кітаптағы суретке зер салайық.
 Бұлшықет адамның қай жерінде орналасқан.
 Олар қандай?
АРҚАНДЫ көрсету. Бұлшықеттер бірнеше жіңішке жіптерден орналасқан. Олар сүйекке бекіп. оны қозғалысқа келтіреді.

Зерттеу жұмысы
Қолдану Сендердің алдарыңда дайын қолдың макеті берілген. Макетте бекітіліп тұрған резеңке бұл бұлшықет. Топпен бірлесе отырып, бұлшықет қалай жұмыс жасайды сұрағына жауап іздейсіңдер. Қол қимыдлдағанда резеңке ұзындығы қалай өзгереді?

Жеке жұмыс: 2 минут Тәжірибе жасау арқылы бұлшықеттің қызметін анықтап, жазады.
Қолдану 8 минут Постер жасату.
Топтық жұмыс
1 топ Өсімдіктің құрылысын, қызметін жазу
2 топ Жануарлар класын атау
3 топ Жануарарлардың бейімділігін ажыратып, сәйкестендіру
4 топ Қаңқаның бөліктерін атау
Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.
Бұлшықеттер не үшін керек?

Маңғысатау облысы, Бейнеу ауданы,
«Бейнеу ауданының әкімдігінің
«Жұмағали Қалдығараев атындағы орта мектебі» КММ
бастауыш сынып мұғалімі Байұзақ Гүлзира Жарылқасынқызы
Қозғалыс сыры жүктеу
2 618
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры
2- сынып жаратылыстану қозғалыс сыры
Бұлшық ет біздің ағзамыздағы негізгі мүшелердің бірі. Адамның қаңқасы өздігінен қозғала алмайды.
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: 4 санына көбейту және бөлу кестесін құрастыру.
Біз өсіп жатқан өлке
Біз өсіп жатқан өлке
Алған білім дағдыларын, өмірде қажетінше қолданады.
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Сандар сыры
Сандар сыры
Ондықтар, жүздіктерді құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×