Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қарғалар қасиеті

11 желтоқсан 2012, Сейсенбі
Категориясы: Кітаптар
Ол ұшқалы өтіпті талай ғасыр...
Есенғали

Күзгі салқын түсті. Құстың көбі жылы жаққа қайтып жатқанда... қарғалар келді. Әлде ащы даусының кесірінен, әлде сыртқы тұрқының зарпынан, әйтеуір көп адам қарғалар туралы жағымсыз әсерде. Оны өзім де күні бүгінге дейін сүйкімсіз құсқа балап, боққа құмар неме деп санап келгенмін. Бірақ мен биыл «Қарқылдаңдар қарғалар, сирақтарыңды ұрайын!..» деп өлеңдетіп айта алмадым. Өйткені...

Бұл дүниеде ешкім де, ешнәрсе де себепсіз һәм мақсатсыз жаратылмаған. Ол аз десеңіз он сегіз мың ғаламның баршасы адам үшін пайда болған және адамға қызмет ету жолында тіршілік кешуде. Соның бір айғағы ретінде құстар туралы жалықпай айтуға болады. Құстар әлемі – жұмбақ жаратылыс. Кейбір құстар күні бүгінге дейін орнитологтардың өзін таңғалдыруда. Тіпті олардың бұрын кездеспеген жаңа түрлері де табылып жатыр. Әлі шешілмей жатқан құпиясы қаншама, ол жағы Құдайға ғана аян. Жаңалық ашуға құмар ғалымдарға құс екеш құстың өзі Жаратушының құдіретін таны, соны зертте дейтін секілді. Жалпы белгілі болған құс түрі бүгінде тоғыз мыңнан асады. Қазақстанда құстың 493 түрі анықталған. Солардың ішінде тек қарғаға тоқталамыз. Қарға – торғайлар отрядына жататын құс. Біздің елдің барлық аймағында кездеседі. Оның 6 туысы, 13 түрі бар. Салмағы 1,5 кг-ға дейін жетеді...

Әлқисса, әуелі Құран-Кәрімге жүгінеміз. Қарға туралы не дейді иллаһи кітапта? Әл-Мәида сүресінің 27-32-аяттарында нақты баяндалады. Бұл оқиға баршамызға мәлім. Қабыл мен Абыл – Адам-Атаның екі ұлы. Мұсылман аңыздарында айтылғандай, Қабыл үлкені, Абыл кішісі екен. Ағасы диқаншылықпен айналысқан, ал інісі мал бағуды кәсіп еткен. Екеуі Аллаға құрбандық әкелгенде Қабылдың сапасыз бидайы қабыл болмай, Абылдың семіз қошқары қабыл етіледі. Онсыз да бірге туған сыңарын қызғанғаннан өшігіп жүрген ағасы інісін сол себептен өлтіреді. Бұл алғашқы кісі өлтіру қылмысы еді. Өлген қарғаны көміп жатқан қарғаны көргеннен соң адамды жерлеу дәстүрі қалыптасады. Сөйтіп қарға адамға алғашқы үлгісін көрсетті. «Қарға, қарға, қарғалар, Қар үстiнде жорғалар. Боран соқса қар болар, Бұтаға келiп қорғалар» деген өлең жолдары бәлкім сол замандардан қалған шығар. Әйтеуір есте жоқ...

Енді қарға туралы мақал-мәтелдер мен наным-сенімдерге келсек. Басқа халықтардың фольклоры мен этнографиясынан мысалдар келтіріп, әпсана-әңгімеледі тізіп шығып тауыса алмаспын. Қарғаны кие тұтып, тотем санаған ел қаншама, бұрын да болған, қазір де бар. Сөз жүйесін өзімізге бұрсақ... «Қарға қарғаның көзін шұқымайды» дейді. Бұл рас енді. Осының өзі үлкен өнеге. Адамзатты татулыққа, бірлікке шақырып тұрғандай. «Қарға баласын аппағым дер...» Бұл жерде ананың баласына деген мейірім-махаббаты анық байқалады. «Күн қаңтарда қарға адым...» Басқа құстардың адымы аталмай, қарғаның адымы ұзындық өлшемі болу себебі қыстың суықтығына байланысты болса керек. «Қарға тамырлы қазақпыз» дейміз өзімізді. Мұнда да басқа құстың тамыры аталмағанына қарағанда, қарғаның тамыры тереңде екенін, ғасырлап жасайтынын, тұқымы көп екенін бабаларымыз жақсы білгенге ұқсайды. «Есік алдында қарға қарқылдаса, қонақ келеді» деген ырым да бар. Қонақжай халыққа қарға құтты құс болғаны ма сонда? Қазбалай берсек, әрине, көп екен...

Бәрін айт та бірін айт, қарғаның ерекше қабілетіне үлкен мән беруіміз керек. Оның ақылы асқан, ой өрісі дамыған құс екеніне ғалымдар тәжірибе барысында көз жеткізген. Ал қулығы адамнан өтеді. Алайда қарғаның қасиетіне келгенде дәлелденбеген тұстары көп секілді. Олай дейтін себебіміз, құстар арасында алғашқы боп қарға «Алла» деп сөйледі. Құдды намаз оқып тұрғандай. Мұндай дерек былтыр Қарағандыда және Маңғыстауда тіркелді. Сонымен қатар қарғаның ораза ұстайтынын білесіз бе? Жаз айларында, әсіресе 40 күн шілде болғанда, шіліңгір ыстықта 40 күн бойы нәр татпайды. Сонда шөлдемейді ме деп ойлап отырған боларсыз? Оның амалын өздері тапқан. Ораза тұту кезінде олар өзен жағасын паналайды. Ауыздарын аңқита ашып қойып, ағып жатқан судың ылғалымен сусындайды. Сөйтіп ашығу арқылы тұла бойына тазалық жасайды. Қарғалардың ұзақ өмір сүруінің (шамамен 300 жыл) құпиясы осында жатса керек. Кәрі тарихқа көз жіберетін болсақ, Мұса, Дәуіт, Иса, Мұхаммед пайғамбарлар, әйгілі адамдардан Будда, Пифагор, Гандилар 40 күн бойы ашыққан. Бұлардың қатарына қарғаның қосылуы таңғаларлық жағдай емес пе? Өзге құстар түгіл, көп адамдарға қарағанда қарғаның иманы кәміл деп ойлаймын. Құстар арасындағы Тәңірдің елшісі де осы қарға шығар.

Тағы да Құран-Кәрімге тоқталайық. Піл сүресінде айтылғандай, қалың әскер Қағбаны қиратуға келе жатқанда аспанды қаптаған қара бұлт секілді құстар тобы пайда болады. Олар төбеден тас жаудырып, жауды қырғынға ұшыратып, Қағбаны қорғап қалады. Бұл «Піл жылы» деген атпен белгілі 570 жылы болған оқиға. Тарихшылардың пайымдауынша әлгі топ-топ құс қарға екен. Бірақ бұл болжам ғана, аятта қарға деп нақты айтылмаған. Алланы зікір ететін, иманға бір табан жақын қарғаның Қағбаны қорғап қалуы мүмкін ғой. Қарғалар қасиеті жайлы менің азды-көпті білетінім осы, құрметті оқырман!
(Асылбек ЖАҢБЫРБАЙ)
5 889
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құстар әлемі
Құстар әлемі
Құстар туралы мақал – мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы оқушылардың тіл байлығын арттыру
Қыстап қалатын құстар
Қыстап қалатын құстар
Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен танысу. Балалардың қыс мезгілінде құстарға қамқорлық жасауға белсенділігін арттыру. Сөздік қорын дамыту. Балаларға адамгершілікке табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балаларға құстардың аттарын айтып таныстыру.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Құстар туралы түсініктерін қалыптастырып, жер теліміндегі ағашқа қонған құстарды бақылап, қандай құс екенін ажырата білуге үйретіп, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Құстар біздің досымыз
Құстар біздің досымыз
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, №7 «Еркетай» МДҰ тәрбиешісі Курманбаева Гульнур Тастановна
Құстардың күзгі тіршілігі
Құстардың күзгі тіршілігі
Қарағанды облысы, Шет ауданы, «Қызылқой жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Кадирбаева Бекзада Жаксыгелдыкызы
Құстар - қанатты достар
Құстар - қанатты достар
Тараз қаласы, А.С.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Инкарбаева Жанар Ержанқызы Құстар - қанатты достар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×