Үздік ашық сабақ, үздік ұстаз 2017
22 наурыз мерекесіне арнап «Әз – Наурызым, армысың» атты үздік сабақтар бәйгесі өткіземіз
Жұмыстар 20 қазаннан бастап 25 наурызға дейін қабылданады.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
Сабақ тек наурыз мерекесіне қатысты емес, кез келген тақырыпта ашық сабақтың жоспары болса болады. Сабақтың барысы наурыз мерекесімен байланыстырыла отырып жүруі қажет. Жұмыс қатесіз терілуі қажет, шрифт өлшемі 12 - 14 көлемі екі беттен асатын жұмыс болуы керек. Сабақтың тақырыбына түсінік берілуі қажет, тақырыбы ашылуымен қатар, сабақтың барысында қолданылған жаттығу тапсырмалары түгел көрсетілуі шарт. Слайдтың да сапалы құрылуына назар аударылуы керек.
- Бастауыш сынып
- Балабақша
- Жоғары сыныптар: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, орыс тілі мен орыс әдебиеті, математика және геометрия, физика, химия т.б.
Жұмыс басқа сайт беттерінен көшіріліп алынбағаны жөн.
Үздік ашық сабаққа берілетін орын саны ұстаздардың белсенділігіне байланысты.
Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі.
Сайысқа қатысу құны 2000 тг.
Бәйге қорытындысы 5 сәуірде белгілі болады.
****************
Білімділер порталы 2016 - 2017 оқу жылын қорытындылау үшін «Үздік ұстаз» бәйгесін ұйымдастырады.
Мақсаты: Қазақстанның барлық аймағынан ең үздік ұстаздарды анықтау және бағалау.
Бәйгеге тек ашық сабақтың жоспары қатыстырылады. Егер, бұрын енгізген ашық сабағыңыз болса, жұмыс үлгіге сай құрылған болса, қатыстыруға болады. Жаңадан жұмыс жіберуге де болады.
Бәйгенің шарты: Ұстаз өз пәні бойынша ашық сабақ енгізуі тиіс. Тек бір ғана сабақ жіберуге құқылы.
Бәйгеге қатысу құны 2000 теңге.
Бәйгенің ережесі:
Материал көлемі 2 - 3 беттен асуы шарт, Word - та сауатты теріліп, 12 шрифтте болуы керек Сабақтың тақырыбы толық ашылуы керек, ойын элементтері, сөзжұмбақ, мақал – мәтелдермен болса құба - құп. Слайды болуы міндетті емес.
Сабақ үлгіге сай болуын қадағалаңыз!
Сабақ жоспарын bilimdiler@yandex. ru почтасына жіберу қажет (ворд нұсқасын прикрепить етіп).
Бәйгеге қатысу үшін төмендегі үлгідегідей аты - жөніңізді, сабағыңыздың тақырыбын толық жазып бізге жіберіңіз! Сабақ сайтқа жарияланған соң реквизиттер жіберіледі.
Ақмола облысы, Шортанды ауданы,
Төле би кенті, №70 орта мектептің
бастауыш пәні мұғалімі
Әбсұлтан Ұлдай Шынтемірқызы
Қатысатын категория: бастауыш сынып
1. Жазбаша қосу және азайту
Бәйгенің бағалануы: Әр сабаққа бағалау комиссиясы өз балын қояды және оған дауыс беру балы қосылып нәтиже шығады. Бағалау комиссиясын сайт ұжымы өзі анықтап, жасақтайды. Біз, портал тарапынан бәйгенің мейлінше ашық және әділ өтуіне атсалысамыз. Сонымен іске сәт ұстаздар!
Барлық қатысушыларға – сертификат пен алғыс хат беріледі.
Үздіктерге – диплом мен алғыс хат беріледі және сыйақы тағайындалатын болады.
Бәйге сабақ қабылдау 20 қазаннан 10 сәуірге дейін жалғасады.
Бәйге қорытындысы және үздіктерді анықтау 15 сәуірден 1 мамырға дейін белгілі болады.
Берілетін орындар әр категорияда 12 орыннан (әр номинация бойынша)
Үздік: 3 орын
Бірінші орын: 3 орын
Екінші орын: 3 орын
Үшінші орын: 3 орын
Орын алу мұғалімдердің қатысу белсендігіне тікелей байланысты болады және орын саны қысқаруы немесе көбейтілуі мүмкін.
Бәйге төмендегі пәндер бойынша үздіктерді анықтайды:
1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
2. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің үздік ұстазы
3. Ағылшын тілі пәнінің үздік ұстазы
4. Математика (алгебра, геометрия) пәнінің үздік ұстазы
5. Физика пәнінің үздік ұстазы
6. Информатика пәнінің үздік ұстазы
7. Химия пәнінің үздік ұстазы
8. Биология пәнінің үздік ұстазы
9. Тарих пәнінің үздік ұстазы
10. География пәнінің үздік ұстазы
11. Технология пәнінің үздік ұстазы
12. Музыка пәнінің үздік ұстазы
13. Сурет және сызу пәнінің үздік ұстазы
14. Бастауыш сынып пәнінің үздік ұстазы
15. Балабақша үздік тәрбиешісі
16. Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстазы
Оқи отырыңыз
Графикалық нысандар мен көркем жазуды кірістіру
Графика — бейнелеу өнерінің бір жанры. Кескіндеме жанрында түс пен бояу негізгі рөл атқарса, графикада (гр. graphein гр. grapho – жазамын) сызықтар, штрихтар, ашық және қара (қоңыр) дақтардың арақатынасы шешуші рөл атқарады, сондай - ақ заттардың ең
Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы
Оқушыларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Киім мен аяқ киім гигиенасы. Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Отбасы бюджеті
Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайды. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.
Сан есімнің емлесі
Сан есімдердің емлесі туралы түсінік беру, оларды дұрыс қолдана білуге үйрету; сөйлем мәнерлеріне жете көңіл бөлу;
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (10)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.