Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Киім мен аяқ киім гигиенасы. Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Отбасы бюджеті

12 сәуір 2016, Сейсенбі
Категориясы: Технология
Технология 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Киім мен аяқ киім гигиенасы. Аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Отбасы бюджеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға киім және аяқ киім жайлы, олардың гигиеналық талаптарын түсіндіру, оқушыларға отбасы бюджеті жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: ой - танымдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, жүйелі жоспар құру қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: тазалыққа әсемдікке тәрбиелей отырып, үй бюджетін жоспарлауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі:
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет
1. Ұйымдастыру бөлімі

2. Үй тапсырмасын сұрау
3. Ассоцация
4. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер.
5 Сәйкестендіру
6. Слайдтан жылдам жауап
7. Қызық та күрделі
8. Сөйлемдерді ретімен орналастыр
9. Тренинг
10. Сен маған, мен саған
11. Қорытындылау

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысымын тексеру.
- Оқушылардың оқу құралдарының түгендігін бақылау.

ІІ. Психологиялық дайындық
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау
І топ
Графикалық диктант
- дұрыс жауап
Λ дұрыс емес жауап
- Интерьер - француз тілінен аударғанда “ішкі “деген мағынаны береді.
- Дизайн - ағылшын тілінен аударғанда “сурет салу”деген мағына береді.
- Ақша – экономиканың даму тарихында ерекше тауар болып табылады.
- 1995 ж. 15 қарашада сағат 8 - де Қазақстан мемлекетінде ұлттық валюта - теңге енгізілді.
- Ең алғаш рет қағаз ақшалар Қытайда пайда болған.
- Дизайнердің міндеті - үйді, қоғамдық орындар мен кеңселерді әсемдеп көркемдейді.
- Дизайнер мамандық түрі.
- Қазақстанда – иена, Ресейде - теңге, АҚШ - та – доллар, Жапонияда – рубль.

ІІ топ
Топтастыру стратегиясы
ІV. Жаңа сабақ
І. Қызығушылықты ояту
“Ассоцация” құру
Киім

Өндірістік, тұрмыстық, арнаулы
- Киім не үшін керек?
Адам көркі – шүберек. Киген киіміміздің сәнді де, ұзақ киіс бергенін қалаймыз.

Киім – адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерінен қорғайды. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек. Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлеріне майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Тоқыма бұйымдарды ұқыпты жинап, шкаф сөрелерінде сақтау керек. Киімге жағылған дақтарды кез - келген жуғыш ұнтағымен жуып кетіруге болады. Жуар алдында бұйымдарды мата түріне, түсіне және кірлеу дәрежесіне қарай бөлу қажет. Ақ бұйымдарды боялған бұйымдармен қосып жууға болмайды. Бұйымның бояуы шығып, ақ бұйымдарды бүлдіреді. Жуар алдында киімдердің қалталарын босатуды ұмытпа. Синтетикалық киімді киюдің қажеті жоқ, әсіресе жаздыкүні. Себебі, адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып, бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.

Аяқ киім – ыңғайлы берік сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет. Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл – қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жаңа аяқ киім таңдағанда оны киіп, мүмкін жағдайда жүріп көріп барып алу керек. Аяқ киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Сол сияқты кроссовкаларды үнемі киюге болмайды. Себебі көбіне синтетикалық материалдардан жасалады.
Аяқ киімді кремдеуден бұрын оны шаң мен кірден тазалап алу керек. Жылтырап тұруы үшін крем жаққаннан кейін әуелі щеткамен, содан соң түгі бар жұмсақ матамен ысқылау керек.

Аяқ киімге байланысты ырымдар
- Аяқ киімді сол аяқтан бастап кимейді.
- Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды. Мұны ұлтарақтың жолын ашу дейді.
- Қазақ аяқ киімінің табанына қарамайды. Себебі, оның бармайтын жері, баспайтын тауы қалмағандықтан былғанышты болады.
- Аяқ киімді төңкеріп қоймайды. Шешкеннен кейін қатарлап қояды, шашып тастауға болмайды. Себебі, жолы кесіледі деп санаған.

Ой қозғау
Жұмбақ жасырылады шешуін тауып, сол сөзге мақал айту керек.
Жұмбақ ------------------------------- Жауап ---------- Мақал – мәтел
1. Адамның сәні,
Онсыз жоқ мәні. -------------------- Киім ---------- Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.
2. Ерте тұрдым,
Екі айыр жолға түстім.----------- шалбар ------- Өткір қайшы пішуге жақсы, Күміс қасық ішуге жақсы.
3. Күні бойы сен оны
Екі аяқтап аласың.
Жатар кезде өзіңнен
Аулақтатып қашасың. -------------- Етік ----------- Екі аяқ бір етікке сыймайды.
4. Судан ғайып,
Әжемде бар
Қосқайық ------------------------------ Кебіс ------------ Тар киім - тозғақ

Экономикалық бөлім
“Бюджет”- сөзі ақша салатын әмиян деп аударылады. Біздің барлығымыздың отбасымыз бар. Біз онда тәрбиеленеміз, демаламыз, қуаныш пен қиыншылықты бірге бөлісеміз. Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі. Отбасы табысы да ортақ.
Отбасы бюджеті дегеніміз үйге кіретін барлық табыс пен жұмсалатын шығынды тиімді есептеу.
- Кіріске не жатады? (айлық жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы т. б.)
Шығысқа не жатады? (азық - түлікке, киім-кешекке, жиһазға жұмсалатын қаржы, салық, коммуналдық төлем т. б.)

Ой – толғаныс
Бір отбасының бір айлық бюджетін жоспарла.
І топ
Отбасында 2 бала, екеуі де оқушы. Әкесі – заңгер, анасы - дәрігер. Баласын көктемгі демалыста сауықтыру демалысына жіберуге ақша жинап жатыр.
ІІ топ
Отбасында 3 бала, екеуі оқушы, біреуі студент. Әкесі – құрылысшы, анасы - мұғалім. Балаларымен саяхатқа бару мақсатында ақша жинап жатыр.

V. Қорытынды бөлім
Тест тапсырмалары
1. Аяқ киімді қай жақтан бастап киеді?
а) Сол жақтан бастап.
ә) Оң жақтан бастап.
2. Күнделікті киетін киіміміз киімнің қай түріне жатады?
а) Арнаулы.
ә) Өндірістік
б) Тұрмыстық.
3. Аяқ киім гигиенасын сақтау үшін қажетті құралдар.
а) Щётка, жақпа май түрі, қасықша.
ә) тігін жіп, ине.
б) киім щётка, жуғыш ұнтақ түрі.
4. Киім түктелген болса, не қолданылады?
а) суға аздап (1 литр суға 1 шай қасық) тұз қосып жуу.
ә) Бір стақан суға 1шай қасық мүсәтір спиртін қосып, жуу.
б) Сабынды сумен жуу.
5. Отбасылық бюджет ол -
а) Белгілі бір уақыт мезгіліндегі кіріс пен шығыс көзі.
б) Ақшалай және заттай құндылық.
в) Қажеттілік жазатын журнал.
VІ. Үйге тапсырма беру:
Мәліметтер жинау

VІІ. Бағалау
Қыз балаларға арналған әшекей бұйым түрлерімен бағалау.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы,
Т. Жүргенов атындағы орта мектебінің
технология пәнінің мұғалімі
Еспанова Лаззат Хамзақызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 728
0
1 дауыс
Оқи отырыңыз
Қос сөздер
Қос сөздер
Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөздің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Сөздік қорды байытқан менің отбасым
Модуль бойынша алған білімдерін саралау. Әңгімелей білу дағдыларын байқау; дамытушылық – модуль бойынша білімдерінің олқылықтарын байқап, қайталау, пысықтау жұмыстарын жасау;
Салааралық кешендер географиясы бөлімін қорытындылау
Салааралық кешендер географиясы бөлімін қорытындылау
Отын энергетика кешені, конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық заттар кешені, машина жасау кешені, АӨК, инфрақұрылымдық кешен туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, бекіту.
Еліміздің мал шаруашылығы
Еліміздің мал шаруашылығы
Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы білімдерін кеңейту. Балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім бағымын түсіндіру.
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.