Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Үй жануарлары

17 ақпан 2016, Сәрсенбі
Категориясы: Бала бақша
Алматы облысы, Райымбек ауданы
Кеген ауылы, «Балауса»бөбекжай - балалар
бақшасының тәрбиешісі Алпысбай Алмагүл

Қатысатын категория: балабақша
1. Үй жануарлары

Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту. Олардың адамға тигізер пайдасын айту. Үй жануарларына байланысты жұмбақ, тақпақтар айтқызып сұрақ - жауап арқылы балалардың тілін, ойлау қабілеттерін дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, көрсету, көрнекілік.
Пайдаланған технология: Мантесори технологиясы, ақпараттық технология
Көрнекілігі: Үй жануарларының суреті, слайд, үйдің, қораның макеті, ойыншықтар.

Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар қараңдаршы бүгін бізге қаншама қонақтар келді. Ал келген қонақтармен амандасып алайық. Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы екен. Сондықтан да қонақтармен амандасып алайық.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз.
- Балалар адамдар күнделікті тіршілік етіп өмір сүретін баспанасын қалай атаймыз?
- Үй
- Үй қандай бөліктерден тұрады?
- Шатыр, есік, терезе, үйдің қабырғасынан тұрады?
- Үй бөліктері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
- Төбесі ұшбұрышқа, есігі, терезесі және қабырғалары тік төртбұрышқа ұқсайды екен.
- Балалар алдымызда тұрған үйдің бөліктерінде жұмбақтар жасырынған екен. Егер сендер жұмбақтың шешуін табатын болсаңдар бүгінгі оқу іс - әрекетімізде қандай тақырып туралы әңгімелейтінімізді табасыңдар.

Жұмбақтар:
1. Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ.
Мінсең қанат
Сүті дәрі еті тамақ. ( Жылқы)

2. Екі айнасы бар
Екі найзасы бар (Сиыр)

3. Үстінде екі тауы бар,
Қызық бір жануар (Түйе)

4. Кішкене ғана бойы бар
Айналдыра киген тоны бар. (Қой)

5. Секең - секең етеді
Таумен - тасқа жетеді. ( Ешкі)

6. Үй жанында өмір сүреді
Біреу келсе үреді. ( Ит)

7. Сүтті жақсы көреді
Жылы жерде ұйықтайды Мысық

- Үй жануарларының суретін тақтаға ілу.
- Біз бүгінгі оқу іс - әрекетінде үй жануарлары туралы әңгімелесеміз.
- Үй жануарларына қандай жануарлар жатады?
- Төлдерін қалай атаймыз?

Дидактикалық ойын: «Не қандай дыбыс шығарады?»
Ойынның мақсаты: Жан - жануарлардың дыбысын үйрету.
Ойынның мазмұны: Тәрбиеші жан - жануарлардың ( сурет, не ойыншық) көрсетіп, сұраққа - жауап беруін талап етеді. Қой
маңырайды, сиыр мөңірейді, ит үреді - деп жауап береді.
- Неліктен олар үй жануарлары деп аталады?
- Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

- М. Дулатовтың «Үй хайуандары» деген әңгімесін оқып берейін.
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй хайуандары деп аталады.
Үй хайуандары адамға көп пайда келтіреді.
Жылқыға мінеді, оны арба мен шанаға жегеді, сүтінен қымыз ашытады. Семіздерін қыста соғымға сояды, терісін сатып ақша қылады. Түйеге жүк артады, жабағысы күліге жақсы болады. Сатса жүні пұл болады. Сиыр мен қой адамды етімен, сүтімен асырайды. Ит қасқыр мен ұрыдан сақтап, қора күзетеді. Осылардың бәрі тегін қызмет етпейді. Олардың қызметі үшін адам асырайды, бағады, қысты күні аяздан тоңбайтын жылы қора жасайды, ұры бөріден сақтау үшін бақташы қояды.

Сергіту сәті: «Қошақан» әні
- Үй жануарлары туралы тақпақтар білесіңдер ме?

Нұртөре: Ақ бұзауым ұнайды
Мө - мө деп сүт сұрайды.
Келеді өсіп күн сайын,
Тұмсығын созып қарайды.

Лашын: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным қозым деп

Жарқын: Құлыншағым құндызым
Құлдырайды шабады
Жылтылдаған жұлдызым
Құстай қанат қағады.

Арайлым: Шөре - шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.

Нұртас: Айналайын ботам
Қандай күлте жотаң.
Табандарың жалпақ,
Теріп жейсің жантақ.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық» ойыны.
Ойын шарты: Балаларға слайдтан үй жануарлары мен жабайы
аңдардың аралас қойылған суретін көрсетіп, соның ішінде қай
жануар артық екенін айту.

Қорытынды:
- Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сендер өте ақылдысыңдар. Жануарлар бізді өзінің сүйкімділігімен, адамға деген достығымен қуантады.
Сондықтан үй жануарларына әрқашан қамқорлық жасап жүріңдер.
Мақтау, мадақтау
42 401
0
15 дауыс
Оқи отырыңыз
Су патшалығына саяхат
Су патшалығына саяхат
Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы,«Балауса бөбекжай - балалар бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының тәрбиешісі Азимова Бақытгүл Абылайқызы
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Динара Мыңжасарқызы «Мектептен жырақ жол»
Мәтінді түсініп оқуға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету; қазіргі таңда ғаламторлық ойындардың адам денсаулығына зиянын тигізетінін оқушыларға жете түсіндіру.
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
І. Жансүгіров «Бөбек бөлеу»
Ілияс Жансүгіровтың «Бөбек бөлеу» шығармасын таныту, өлеңнің құрылысына назар аудартып, талдау, «Бесік жырымен үндестігін ұғындыру;
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Күй сандықты ашамыз
Күй сандықты ашамыз
БҚО, Ақсай қаласы №3 МДБҰ Жоғары санатты музыка жетекшісі Нуралиева Галия Аленовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.