Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Еліміздің мал шаруашылығы

17 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану
Еліміздің мал шаруашылығы
Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы мал шаруашылығы туралы білімдерін кеңейту. Балаларды халықтың тіршілік істерімен таныстыру, мал атауларын, ерекше қасиеттерін, пайдасын, күтім бағымын түсіндіру. Атакәсіп туралы, олардың өмір салты жөнінде ұғым бере отырып қазақ халқының табиғатқа жан - жануарға деген қарым – қатынасының тәрбиелік жағына назар аударту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: Сұрақ - жауап, топтастыру, әңгіме, топтық тапсырма, инсерт стратегиясы, көзқарас стратегиясы.
Көрнекілік: суреттер, сызбалар, слайдтар, төрт түліктің өнімдері, карточкалар т. б.
Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру:
- Психологиялық дайындық (2 слайд)
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүниетану сабағы.
Сабағымызды бастайық жылы сөзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
1. Төрт түліктің суреттері арқылы топқа бөлу (3слайд)
Сыныпты 4 топқа бөлу «Зеңгі Баба», «Қамбар ата», «Ойсыл қара», «Шопан ата».
2. Топ басшысын сайлау(көз қарас стратегиясы арқылы) бағалау парағын беру.
3. Топтың ережесімен таныстыру (4слайд)

2. Үй тапсырмасын тексеру:(5 слайд)
(Сауал бізден, жауап сізден әдісі арқылы )
- Елімізде қандай бау - бақша түрлері өсіріледі?
- Көкөністер мен жемістердің адам өміріне қандай пайдасы бар?
Күріш, мақта туралы әңгімелеп бер?
Жүгері, жүзім ше?
(үй тапсырмасын «Бас бармақ» әдісімен бағалау

3. Жаңа сабақты меңгерту: (6слайд)
Жұмбақ жасыру
-«Ер қанаты» аталатын айтшы қандай жануар? (Жылқы )
- Мойны ұзын үсті тау, ертеден елге енеді?(Түйе)
- Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт?(Сиыр)
- Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар?(Қой)
- Осы жұмбақтардың шешуін біріктіріп қарасақ төрт түлік малдың атауы шығады. Ендеше біз өтетін сабағымыздың тақырыбын айқындадық. Тақырыбымыз;«Еліміздің мал шаруашылығы» (7слайд) Сабағымыздың мақсаты қандай? (балалар жауабы)
Ертеде ата - бабаларымыз жазда жайлауға, қыста қыстауға қонып көшіп жүрген. Бізде бүгін түрлі орталықтарға сапарға шығамыз.

1 - орталық -«Білім орталығы» (8слайд)
А) тапсырма«Еліміздің мал шаруашылығы» мазмұнын талдау(оқушылар)
Б) тапсырма: әр төрт түлік туралы қосымша мәлімет айту(оқушыларға алдын ала берген тапсырманы сұрау)(9 - 16 слайд)
«Бас бармақ әдісімен»бағалау

2 - орталық -«Шығармашылық орталық»(17слайд)
А) төрт түлік туралы өлеңдер, мақал – мәтелдер, тиым сөздер айтып жарысамыз (18 слайд)
В) Төрт түлік малды қалай бағалайды? (Жылқы - сәндік, Түйе – байлық, Сиыр - ақтық, Қой - мырзалық, Ешкі - кедейлік.)
Г) Әр малдың тобын қалай атаған?(Жылқы тобы - үйір, Сиыр тобы - табын, Түйе тобы - үйір, Қой, ешкі тобы - отар.)
Д) Мал шаруашылығының мамандарын қалай атайды?(19слайд)
Е) Мал шаруашылығының адамдарға қандай пайдасы бар? байлық, күнкөріс, тамақ, көлік, киім, ақша
«Бас бармақ» әдісімен бағалау

Сергіту сәті «Бүгін қандай көңілді күн»

3 - орталық «Ақпарат»орталығы ( 20слайд)
Қазіргі уақытта ел басымыздың қолдауымен мал шаруашылығына көп көңіл бөлуде. Бүгінде сол жоспар бүкіл елімізде жүзеге асырылып жатыр. Сыбаға бағдарламасы жұмыс жүргізуде Біздің Үржар ауданында мал шаруашылығымен сүт өнімдерін өндіретін шаруашылықтар бар. (слайд 21 - 29)
А) Постер қорғау (20 - слайд)
- Мал шаруашылығы – ауылдың басты байлығы (Шопан ата)
- Қала тұрғындары біздің өнімдерімізді пайдаланбай өмір сүре ала ма? (Ойсыл қара)
- Егер де мен ауыл шаруашылық министрі болсам, еліміздің мал шаруашылығын қалай көтерер едім? (Зеңгі баба)
«Жылқы малдың патшасы» - деп айтқан аталарымыз... дәлелде (Қамбар ата)
Бармақпен бағалау
Видео көрсету ( қымыздың пайдасы)
Бүгінгі таңда қымызды ұнтақ қымыз түрінде шығаруы табылған, ұнтақ қымыз өз алдына, биенің кептірілген сүті негізінде жасалатын косметика түрлері мен фармакологиялық дәрі - дәрмектер өндіре бастады. Осы саланы дамыту мақсатында Мемлекет тарапынан асыл тұқымды айғырлар мен биелер, сонымен қатар құрал - жабдық сатып алуға субсидиялық көмек те қарастырылды.
АЙТПАҚШЫ… Шұбатты шетелдерге шығаруды мақсат еткен «Оңтүстік - Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» мамандары бір - екі күнге ғана шыдайтын сусынның дәстүрлі түрінен сақталу мерзімі анағұрлым ұзақ шұбат ұнтағы мен таблеткасын ойлап тапқан. Осыған орай, 1 литр шұбаттан 87 грамм ұнтақ, ал 87 грамм ұнтақтан 42 таблетка алынған. Бір артықшылығы ұнтақ пен таблетка шұбаттың құнарлығы, дәмі мен құрамын өзгертпеген… (конференция стратегиясы бойынша)

4. Қорытынды Бүгінгі сабақта мақсатқа жеттік пе?
А) тапсырма: INSERT стратегиясы кестені толтыр(30слайд)
Y – білемін
--- білмеймін
+ мен үшін жаңалық

В) Бағалау: топ басшылары бағалау парақшасын талдап айтады.
С)» Бағдаршам әдісімен бағалау» ( стикерлерді жапсыру: қызыл түс - ұнады, сары түс - түсінбедім, жасыл түс - мүлдем ұнамады.)
- Бүгінгі сабақта қандай шаруашылық түрімен таныстық?
- Мал шаруашылығының пайдасы? (байлық, күн көріс, тамақ, көлік, киім, ақша)

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Үржар ауылы, "Жансүгіров атындағы орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Данабекова Назгул Болатовна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 184
0
5 дауыс
Оқи отырыңыз
Болашақ мамандық
Болашақ мамандық
Болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Атай. Әнуарбек Дүйсенбиев
Балалар жазушысы Жәнібек Кәрбозиннің Жиырма тиын әңгімесін мазмұндау. Жақсы ондай болса үй тапсырмасын «Ойлан тап» ойыны арқылы тексерейік. Ол үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдаймыз сұрағына жауап береміз. Қай топ көп ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді.
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдану
Аргументтердің берілген мәндері бойынша тригонометриялық функциялардың мәндерін табуды үйрену дағдысын қалыптастыру, алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Биосфера тақырыбын қорытындылау
Түркістан қаласы Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия география пәні мұғалім: Рахимова Н.
Болымды және болымсыз етістіктер
Болымды және болымсыз етістіктер
Тыйым сөздермен жұмыс. Балалар, қазақтың ырым, тыйым сөздері – кез келген адамды жамандық жасамауға, әдепті болуға үйрететін тәлімі мол сөздер. Ендеше, тыйым сөздер айтып көрейік. 1. Бос бесікті тербетпе. 2. Малды теппе.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.