Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47

Биосфера тақырыбын қорытындылау

14 ақпан 2016, Жексенбі
Категориясы: География
Түркістан қаласы
Ә. Науаи атындағы №13 мектеп - гимназия
география пәні мұғалім: Рахимова Н.

5 - сыныбында “жаратылыстану” пәнінен өткізілген ашық сабақ жоспары.

Тақырыбы: Қайталау. «Биосфера» тақырыбын қорытындылау

Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылардың биосфера тақырыбы бойынша алған білім білік, дағдыларын жүйелік қорыту олардың географиялық үрдістерді құбылыстарды атап картамен жұмыс істей білуін, түсіндіруін болжай білу біліктерін пысықтау.

тәрбиелік мақсаты: Биосфераның маңыздылығы оны қорғау мәселелеріне көңіл бөлу арқылы туған жеріміздің табиғатын сүюге
табиғатты аялауға қорғауға тәрбиелеу.

дамытушылық мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойын элементтерін пайдалану арқылы картамен және семантикалық картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

Сабақтың көрнекілігі: географиялық белдеулермен зоналар картасы, тірек сызбалар, интерактивті тақта, суреттер.
Сабақ турі: интеграциялық сабақ (биология пәні мен байланыс)
Сабақ өткізу әдісі: Сын тұрғысынан ойлау (С. Т. О.) технологиясының ой шақыру стратегиясы, академиялық дау - дамай стратегиясы, эссе стратегиясы, топтастыру стратегиясын қолдау.

Біздің Ұранымыз:
Білімдінің сөзін тыңда,
Айтқанын үйрен, іске асыр.
(М. Қашқарий)

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Біліміңді байқап көр.
Жер жүзінің бөлінуі қандай?

Тақырыпқа түсінік
Биосфера – грекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан - жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді.
Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В. И. Вернадский болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %- дан – 50 % - ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады.
Биосфера — Жер бетіндегі тіршілік кабаты болып саналады. Ол гидросфера қабатын түгелімен, атмосфераның төменгі бөлігін және жер қыртысыньң жоғарғы бөліктерін қамтиды. Жоғарыда айтылғандай минералды қабаттардан басқа, жерді ерекше тағы бір қабат – биосфера қоршап тұрады. Ол тірі органимдер тараған аймақтардың бәрін қамтиды. Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетінде тірі организмдер өсіп - өніп, сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп - өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50 - 70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды Биоценоз тірі организмдердің жануарлардың, өсімдіктердің, саңырауқұлақтардың, микроорганизмдердің, бір жерде бір - бірімен өзара байланыста тіршілік ету жағдайын айтамыз.

3. Әлем жаңалықтары:
4. Сөздік пен жұмыс.
Сут емизувчилар – сүт қоректілер
Ҳаёт бешиги – тіршілік бесігі
Қутб туни – поляр түни
Тўпланган – шоғырланған
Кенглик – ендік
Озуқа моддалар – қоректік заттар
Замбуруғлар – саңырауқұлақтар
Оазис – шұраттар

5. Топтастыру
Тірі организмдер -------------

6. Ғажайып бестік
Сауал – жауаптар
1. Қай зонада саңырауқұлақтар ағаштардан биік өседі? (Тундра)
2. Азия шөлінің патша өсімдігі? (саксаул)
3. Тірі организмдердің ең көп шоғырланған жер? (орман)
4. Тірі табиғаттың өлі табиғаттан айырмасы? (көбейгіштігімен икемділігі)
5. Сахара оазистерінде өседі. (құрма ағашы)

7. Ассоциация
Амазонка орманы ассоциациясымен Сахара ассоциациясын толтыру.

8. Сәйкестендіру
Кенгуру – қалталы жануар
Кактус – денесінде 1 т су сақталады
Пингвин – оңтүстік құсы
Ақ аю – Солтүстік полюсте өмір сүреді
Анаконда – ұзындығы 9 – 10м
Панда – Бамбук ағашының жапырақтарымен жол өркендерін жақсы көреді
Эвкалипт – насос ағашы
Құрма пальмасы – Сахара оазистерінде өседі

9. Қызықты сұрақтар
1. дем алады, өседі, бірақ жүре алмайды (өсімдік)
2. Үш түйеқұс ұшып келеді. Оның біреуін аңшы атып түсірді, аспанда неше түйеқұс қалды (түйеқұс ұшпайды)
3. Қандай су жәндігі ит пен балықтан тұрады? (итбалық)
4. Сүт қоректілерден қайсы жануар су ішпейді? (жалқау коала)

10. ЭССЕ
Құстар ормандардың досы......

11. Біз – табиғат жанашырларымыз.

Ой толғаныс сатысы.
Адам – табиғаттың досы ма? (академиялық дау - дамай стратегиясы)

Әр оқушы өз пікірін айтады
12. Халық педагогикасы
Қазақ ырымында түн ішінде су алуға тыйым салынған, ал тіпті қажет болған жағдайда су атасы Сүлейменнен рұқсат сұрап, жалбарынған.
Су атасы – Сүлеймен
Айдыныңа тас аттым.
Рұқсат етші балаңа,
Су алуға бола ма?
Түн ұйқыңнан ояттым,
- деп үш рет қайталап айтып барып су алатын.

13. Қызықты факттар.
Явалықтар имериалис примуласы гүлін ажал гүлі деп атайды. Ол жер шарының тек бір жерінде – Ява аралында биіктігі 3000 м- ден артық болған жанартау төбесінде өседі. Бұл гүлдің ашылуы жанартаудың атылуынан дерек береді.
Ит адамға қарағанда иісті миллион есе жақсы сезеді. Финляндия геологтары иттер ар - қылы жер асты минералдары мен тау жыныстарын тапқан.

Сабақты бекіту.
Бағалау.
Үйге тапсырма: 1. семантикалық карта. Кескін картаға географик объектілерді көрсету.
2. Жаңалықтар.
3. семантикалық карта толтыру

Толық нұсқасын жүктеу
4 278
0
2 дауыс
Оқи отырыңыз
Алматы - бас қалам.  Жас қала - Астанам
Алматы - бас қалам. Жас қала - Астанам
Жарасқан Әбдірешовтің «Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету. Өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау. 2) Өз бетінше жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, ойлау қабілетін арттыру.
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
XVIII ғасырдағы Солтүстік Америка
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, №1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп - гимназия Тарих пәні мұғалімі Абуева Гүлжамал Серікбайқызы
В. Сухомлинский. Нағыз адам
В. Сухомлинский. Нағыз адам
Василий Сухомлинский 1918 жылы, 28 қыркүйекте Херсон губерниясы, Александр уезінде дүниеге келген. Қарапайым отбасында тәрбиеленген.
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
ҰБТ - ға дайындау барысында биология пәнінен өткен тақырыпты қайталау
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Орлы селосы, Н. С. Манаев атындағы жалпы орта мектебінің биология пән мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Көп мағыналы сөз, омоним, синоним, антонимнен өткенді қайталау
Омоним, синоним, антонимдер туралы түсініктерін тексеру, өткен тақырыптарға мысалдар келтіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.